53
Қазақстан ТМД аймағында дау-жанжалдарды реттеу мақсатында ЕҚЫҰ-
мен ынтымақтасқан.
1994 жылы Қазақстан Ислам конференциясы ұйымының (ИКҰ)
кезекті басқосуына бақылаушы ретінде қатысты. Ұйымның өкілдері
Қазақстанға үлкен қызығушылық танытты.
Басқосуда Арал мен Семей
апаттарының зардаптарын жоюға көмек беру мәселесі қарастырылды.
Білім беру жүйесін дамытуға өздерінің іс жүзінде әзір екендіктерін
мәлімдеді.
Қазақстан өз тарапынан Азиядағы өзара бірлескен қимыл және сенім
шаралары жөніндегі кеңес (АБСШК) шақыру туралы бастама көтерді.
АБСШК идеясы Азия құрлығында қалыптасқан күрделі
жағдайларға
байланысты туындаған болатын.
1994 жылы қазанда аймақтық 26 мемлекеттің, 3 халықаралық және
аймақтық ұйымдардың өкілдері кездесу өткізеді.
Олардың ішінде ЕҚЫҰ
өкілдері де болды. Осылайша Қазақстан бастамасын жүзеге асырудың
алғашқы қадамы жасалды.
Қазіргі уақытта дүние жүзінің 110-нан астам елдерінде ҚР-ның
елшіліктері бар. Қазақстанның сыртқы саясаты
мемлекеттің қауіпсіздігі
мен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстанның
ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қосылуы, Лиссабон хаттамасына
қол қоюы елдің беделін арттырды. Өз кезегінде АҚШ-пен демократиялық
әріптестік туралы хартияға қол қоюы, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания,
Қытай
тарапынан қауіпсіздік кепілдемесін алуы елдің егемендігі мен қауіпсіздігін
нығайтты. Аумақтың тұтастығы мен шекараларының мызғымастығын
қамтамасыз етті.
Достарыңызбен бөлісу: