А. Амангелді, С. Симбаева


Сөйлемді толықтырыңыз. Экономикалық реформаларды қаржы-



Pdf көрінісі
бет51/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   165
9. Сөйлемді толықтырыңыз. Экономикалық реформаларды қаржы-
ландыру үшін Қазақстан ... сияқты халықаралық ұйымдармен ынты-
мақтастыққа ұмтылады 
A) Ислам Даму банкі 
B) Азиялық Даму банкі 
C) Зейнетақы жинақтау қоры 
D) Халықаралық Валюта қоры 
Е) Еуропалық Қайта құру және Даму банкі 
10. Дұрыс аудармасын табыңыз: привлечение финансовых ресурсов 
A) заемдар мен несиелер алу 
B) қаржылық ресурстар тарту 
C) ішкі ақша айналымын тұрақтандыру 
D) сыртқы берешек проблемаларын реттеу 
Е) әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосу 
 
 
 


56 
№ 1 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ 
 
1-НҰСҚА 
1. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды қойып сөйлемді 
аяқтаңыз, аударыңыз. 
1. Әр мемлекетте неғұрлым көбірек тараған тілдер бол... . 2. 
Кейбірінің өз ішінде мемлекеттік ресми бір тілі бол... . 3. Бір тіл бірнеше 
мемлекетке ортақ болуы да мүмкін. Сонымен қатар дүние жүзіне көбірек 
тараған халықаралық тілдер бол... . 4. Жер шарындағы адамзат осындай 
тілдер арқылы сөйлесіп, түсініс... , қарым-қатынас жаса... . 5. Дүние 
жүзінде көбірек тараған тілдер – орыс, қытай, ағылшын, испан, француз, 
неміс, араб, португал, жапон, итальян тілдері. Жер шары халқының алпыс 
пайыздан астамы осы тілдерде сөйле... . 
2. Туынды сөздерді тауып, олардың қалай жасалғандығын түсін-
діріңіз. 
1. Жаһандану кезеңінде кез келген мемлекет көкейкесті халықаралық 
проблемаларды шешуге атсалысу керек. 2. Қазақстан ядролық қарудан бас 
тарту арқылы жетекші ядролық мемлекеттер тарапынан өзінің 
қауіпсіздігіне кепілдік алды. 3. Қазақстан сыртқы саясатының негізгі 
бағыттарының бірі – Ресеймен ынтымақтастықты нығайту. 4. АҚШ-пен 
өзара қарым-қатынастарда экономикалық ынтымақтастыққа үлкен назар 
аударылады. 5. Халықаралық қатынастарда мемлекетаралық қатынастар 
негізгі рөл атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет