48
8-тапсырма. Шекара сөзіне анықтауыш болатын сөздерді
табыңыз Мысалы, мемлекеттік шекара, ....
9-тапсырма. Төменде берілген мәтіннен Қазақстан-Қытай
мемлекеттік шекарасы туралы фактілерге назар аударыңыз.
ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ШЕКАРАСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Қазақстанның Қытаймен шекарасының ұзындығы қазір 1700
шақырымдай деп жүрміз. Бұл тұрғыдағы
нақты цифр шекараны
демаркациялаудан кейін, яғни жергілікті орында шекаралық белгілермен
белгіленген соң анықталады.
Бұрын ол мынадай шарт құжаттарының
негізінде белгіленген
болатын:
– 1860 жылғы 2 қарашадағы Пекин қосымша шарты (шекараның
жалпы бағытын анықтайды);
– 1864 жылғы 12 ақпандағы Санкт-Петербург шарты. Бұл көрсетілген
құжаттар шекаралық мәселенің тарихына қатысты жайлар.
1994 жылы 26 сәуірде мемлекет басшылары Қазақстан-Қытай
мемлекеттік шекарасы туралы келісімге қол қойды. Ол 1995 жылғы 11
қыркүйекте бекіту грамоталарын алмасқаннан кейін күшіне енді. Осы
кезде шекараның екі учаскесі бойынша келісімге қол жетпеді. Біріншісі –
Сарышілде өзені ауданындағы учаске (Алматы
облысының Алакөл
ауданы). Екіншісі – Шаған-Оба және Баймырза асулары ауданындағы
учаске (Шығыс Қазақстан, Зайсан ауданы).
1998 жылы 4 шілдеде қол қойылған
қосымша келісім бойынша
келісілмеген екі учаскенің шамамен 944 шаршы шақырым жалпы
ауданынан Қазақстанға 537
шаршы шақырым, Қытайға 407 шаршы
шақырым бекітілді.
Тарихи құжаттарға қарай отырып, шекараның дәлелденуі нәтижесінде
тараптар заңдық негізде хатталған шекараға ие болды («Егемен
Қазақстан». 1998ж., 17 шілде).
Достарыңызбен бөлісу: