А. Амангелді, С. Симбаева


-тапсырма. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыз



Pdf көрінісі
бет93/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   165
Байланысты:
Снимок экрана 2023—02—02 в 12.33.47

4-тапсырма. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыз. 
1 Қандай дипломатиялық құжаттарды білесіз? 
2 Дипломатиялық хат алысуларға қандай құжаттар жатады? 
3 Ноталармен танысып көрдіңіз бе? 
4 Жеке және вербальді ноталардың айырмашылықтары қандай? 
5 Ноталар кімдердің атынан жазылады? 
6 Дипломатия тарихынан қандай ноталармен таныссыз? 
5-тапсырма. Жеке және вербальді ноталарға мысалдар жазыңыз. 
6-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. «Жеделхат». 
Жеделхат – дипломатияда дипломатиялық құжатқа жатады. Өзінің 
көптеген белгілерімен «дипломатиялық хат алысулар» ұғымын беретін 
құжат түрі. Телеграф, радионың дамуына байланысты дипломатиялық 
құжаттың бұл түрі кең таралған. Жеделхатқа жауап қайтарылады. 
Жеделхат қысқалығына қарамай, саяси мазмұнда болады. Жеделхат 
мазмұны құттықтау түрінде немесе көңіл айту түрінде болады. 
7-тапсырма. Жеделхаттың түрлеріне бірнеше мысал жазыңыз. 
8-тапсырма. Сөздермен сөйлем құрастырыңыз: мағыналық өзек – 
смыловое ядро, мадақсөз – комплимент, құжат – документ. 
9-тапсырма. Есіңізге сақтаңыз және оларды қолданып нота 
жазыңыз. 
І. Дипломатиялық құжат мына бөліктерден тұрады: 
а) протоколдық формула; 
ә) мағыналық өзек; 
б) аргументтік бөлік; 
в) фактілерді баяндау 
ІІ. Протоколдық формула мемлекеттің және үкіметтің жеке 
жолдауында 
а) жеке ноталарда; 
ә) вербальді ноталарда болады. Басқа дипломатиялық құжаттарда 
протоколдық формула болмайды. 
ІІІ. Протоколдық формула ұғымына не жатады: 


100 
а) қаратпа сөз; 
ә) құжат басында құрметтеуді білдіретін сөз; 
б) құжат соңында марапаттауды білдіретін сөз (қорытынды мадақсөз). 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН 
ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет