А. Амангелді, С. Симбаева


СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН



Pdf көрінісі
бет90/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   165
Байланысты:
Снимок экрана 2023—02—02 в 12.33.47

 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН 
ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ 
 
1-тапсырма. Мына тіркестермен сөйлем құрыңыз: 
сауда қатынастары туралы келісім, әріптестік және ынтымақтастық 
туралы келісім, саяси қарым-қатынас туралы келісім, әлеуметтік-
экономикалық қатынас туралы келісім. 
2-тапсырма. Сөздермен сөйлем құрастырыңыздар: 
келіссөз; делегация арасындағы келіссөз басталды; одан әрі жалғасты; 
аяқталды; экономикалық ынтымақтастық мәселесі бойынша келіссөз; 
мәдени ынтымақтастық туралы келісім; келіссөз іскерлік, достық, 
сенімділік жағдайда өтті; келіссөзге қатысты. 
3-тапсырма. Баспасөз беттерінен үкімет қайраткерлерінің 
арасындағы келіссөз туралы хабарларды жинап, танысыңыз. 
4-тапсырма. 
Жинаған 
материалдарыңыз 
бойынша 
мына 
сұрақтарға жауап беріңіз: 


96 
1 Келіссөз қайда, қашан өтті? 
2 Келіссөзді кімдер жүргізді? 
3 Келіссөзге кімдер қатысты? 
4 Келіссөзде қандай мәселелер талқыланды? 
5 Келіссөз қалай өтті? 
6 Келіссөз қалай аяқталды. 
5-тапсырма. Шақтармен жұмыс жасаңыз. Жақшаны ашып
етістікті жедел өткен шаққа немесе ауыспалы осы шаққа 
қойыңыздар. 
1 Тараптар екі ел арасындағы қатынастардың дамуын жоғары 
(бағалау). 
2 Тараптар екі жақты қатынастардың саяси, экономикалық, мәдени 
салада одан әрі дамуы үшін перспективалар бар деп (санау). 
3 Тараптар экономикалық қатынастардың маңызды жағына (тоқталу). 
4 Тараптар екі жақты қатынастардың тиімділігіне сенімділігін 
(білдіру). 
5 Тараптар осы мақсаттарда жан-жақты қадамдар жасауда ортақ 
шешімге (келу). 
6-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар. 
1 Саяси қатынастар саласында нені дамытуға болады, нығайтуға 
болады, нені қатаң сақтауға болады? Тірек сөздер: тату көршілік, достық 
қатынастар, өзара түсіністік, сенім, мемлекеттік шекара туралы келісім. 
2 Мәдени қатынастар саласында нені дамытуға болады? Тірек сөздер
студенттер алмасу, оқытушылар алмасу, бірлесіп ғылыми конференция 
өткізу, ақпараттар алмасу, екі жақты туристік алмасуларды дамытуға 
жәрдемдесу, мәдени байланыстарды дамыту. 
3 Экономикалық қатынастар саласында нені дамытуға болады? Тірек 
сөздер: өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастық, банк ісі саласындағы 
қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту, қол қойылған екі жақты 
экономикалық, сауда және қаржы шарттары мен келісімдерді жүзеге 
асыру, дамыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет