1-тапсырма. Ресми іс-қағаздар стильінде етістің қай түрі көп қолданылатынын анықтаңыз. 2-тапсырма. Мына сөйлемдерді аяқтаңыз. 1. Жеделхат дипломатиялық құжатқа ... (жату). 2. Жеделхатқа жауап ...
(қайтарылу). 3. Жеделхат мазмұны саяси мазмұнда ... (болу). 4. Жеделхат
мазмұны құттықтау түрінде ... (болу). 5. Жеделхат көңіл айту түрінде де ...
(болу).
3-тапсырма. Оқыңыз. Есте сақтаңыз. Халықаралық келіссөз, сапарлардың қорытынды құжаты болып
саналатын коммюнике, бірлескен мәлімдеме, декларация – қатысушы
тараптардың арасында әрбір сөздің, сөз тіркесінің және абзацтың қиысуы
нәтижесінде өмірге келеді. Бұл ария емес, дует, тіпті кейде хор.
Коммюнике, бірлескен мәлімдеме, декларация өздерінің міндеті,
мақсаты жағынан ұқсас болғанымен, айырмашылықтары да бар.
Коммюнике – әдеттегі, дағдылы трафаретті құжат. Оның тікелей
мақсаты – келіссөз нәтижесі туралы баспасөзге хабарлама беру.
Бірлескен мәлімдеме – тараптарды міндеттейтін құжат. Өзінің
мазмұны жағынан қорытынды құжаттар екіге бөлінеді: халықаралық
қатынас; екі жақты қатынас.
Коммюникенің жетістігі – келіссөздердің қорытындысын және
қатысушы тараптардың позициясын дәл беруі.
Коммюникеде, бірлескен мәлімдемеде, декларацияда әрбір тарап
әлемдік, аймақтық, халықаралық мәселеге өзінің қатынасын білдіруге
тырысады.
4-тапсырма. Төмендегі сөздермен жұмыс істеңіз. Бірлесіп жасау, баспа басылымдары, бұқаралық ақпарат құралдары,
іс-шаралар, қол қою, күшіне енді, мерзім.
5-тапсырма. Келіңіз, ойнайық. Келісім жобаларын жасаңыздар: – Қазақстан Республикасы мен Ресей Үкіметі арасындағы мәдени
ынтымақтастық туралы келісім жобасын жасаңыздар. Келісім кем дегенде
3 баптан тұрсын;
– Түркия, Қырғызстан т.с.с. елдермен телевидение, радио, спорт және
туризм, ғылым және білім саласындағы мәдени ынтымақтастық туралы
келісім жасаңыздар.