Ақ қанат арман



Дата30.03.2023
өлшемі42,36 Kb.
#77505
Байланысты:
“Ақ қанат арман” бастауыш мектеп оқушыларына арналған шығармашылық байқаудың ережесі


Ақ қанат арман” бастауыш мектеп оқушыларына арналған шығармашылық байқаудың ережесі
Бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілетін байқау оқушылардың креативті, шығармашылықты ойлауына, түрлі танымдық үдерістерін жетілдіруге, тұлға ретінде дамуларына ықпал етуді көздейді. Байқауда оқушыларға қиялдау, армандау, креативті ойлау арқылы ой мен сөзге, көркем бейнеге ерік беріп, болашақ “ақ қанат армандарын” қағаз бетіне эссе, өлең, жыр шумақ, көркемсурет арқылы жеткізуге мүмкіндік беріледі.
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің тұлғалық жеке қабілеттерін аша отырып, арманға, мақсатқа ұмтылуда өздеріне деген сенімділіктерін арттыру.
Міндеттері:
Бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілетін байқау оқушылардың шығармашылық ойлауын, түрлі танымдық үдерістерін жетілдіруді, дамытуды көздейді. Қиялдау, армандау арқылы ой мен сөзге ерік беріп, болашақ “ақ қанат армандарын” қағаз бетіне эссе, өлең, жыр шумақ, көркемсурет арқылы жеткізу қабілеттерін дамыту, жетілдіру.
Байқау қатысушылары: байқауға бастауыш сынып (1-4 сынып) оқушылары қатыса алады.
Өткізу мерзімі: 24 қараша – 31 желтоқсан 2022 ж.
Өткізу орны: Мектептің ресми сайты
Бағалау критерийі:
Жұмыстың байқау тақырыбына сай келуі;
Авторлық жұмыстың түпнұсқалығы;
Жаңа креативті идеялар;
Көркемдік мазмұндылығы;
Байқау жұмысын безендіруге қойылатын талаптар: Әр жұмыс төмендегі ретпен безендірілуі тиіс:

  • байқау атауы;

  • жұмыс атауы (12 шрифт)

  • эссе, өлең, шығарма т.б. түріндегі жұмыс көлемі 2 – 3 бет (word форматында орындалуы) болуы тиіс (міндетті түрде жіберетін файл байқауға қатысушының тегі, аты-жөнімен және жұмысының атауымен аталуы керек!).

  • көркемсурет, коллаж немесе фотосурет анық көрінуі тиіс (міндетті түрде жіберетін файл байқауға қатысушының тегі, аты-жөнімен және жұмысының атауымен аталуы керек!).

  • автордың толық аты-жөні, жасы

  • жетекшісі болса, тегі, аты-жөні (толық)

  • білім мекемесі

Марапаттау: Шығармашылық жұмыстар байқау өлшемдеріне сәйкес 10 балдық жүйемен кәсіби әділ-қазылар бағалайды.Әділ-қазылардың шешімдері бойынша үздік жұмыстар I II және III дәрежелі дипломмен және қатысушылар алғыс хатпен марапатталады.
Барлық жұмыстар мектептің ............. инстаграмм парақшасында жарияланатын болады. Like-time арқылы ең көп лүпіл мен пікір жинаған 3 қатысушы ынталандыру сыйлықтарына ие болады.
Байқау әділқазылары: ғалым психологтар, практикалық психологтар, педагогтар, өнер және мәдениет саласының мамандарынан тұрады.
Байқауды ұйымдастырушылар : № 2 мектеп әкімшілігі , тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі, бастауыш сынып бірлестігі (Аты-жөндерімен)
Байқау қорытындысы: 2022 ж. 31 желтоқсанда шығады және мектептің ресми сайтында жарияланады.

Байқауға қатысатын оқушылардың өтінімдері (үлгі бойынша ) 24 қараша – 12 желтоқсан аралығында қабылданады. Сондай ақ шығармашылық жұмыстар 12 – 26 желтоқсан аралығында төмендегі мекен-жай бойынша жіберіліуі тиіс:

E-mail: meru25032000@gmail.com



Байланыс:
Байқауды ұйымдастыру мен өткізу сұрақтары бойынша:

Телефон: 8 778 613 33 24



E-mail: meru25032000@gmail.com

Өтініш беру үлгісі

Қатысушының аты-жөні




Cыныбы




Жетекшісінің аты-жөні




Электронды мекен-жайы




Байланыс номері





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет