Батыр әкесінің машинасының кішірейтілген өлшемін қағаз бетіне салды. Масштабы : 87. Егер қағаз бетіндегі машинаның ұзындығы см болса, шын машинаның ұзындығы неге тең
1. Батыр әкесінің машинасының кішірейтілген өлшемін қағаз
бетіне салды. Масштабы 1 : 87. Егер қағаз бетіндегі машинаның
ұзындығы 5 см болса, шын машинаның ұзындығы неге тең?
A) 4,35 м B) 4,55 м C) 4,75 м D) 4,85 м E) 5,22 м
2. Алматы мен Шымкент қалаларының арасы масштабы 1:
12 000 000 картада 6 см. Осы қалалардың арасы масштабы 1:2
000 000 картада неше сантиметр?
А) 60 см В) 42 см С) 36 см Д) 30,5 см Е) 12 см
3. Масштабы 1:60 000 000 картада Алматы мен Астананы
қосатын кесіндінің ұзындығы 17 мм. Қалалардың жер бетіндегі
арақашықтығы неше километр?
А) 4200 км В) 2100 км С) 1200 км
Д) 1020 км Е) 920 км
4. Ерементаудан Екібастұзға дейінгі теміржол магистралінің
ұзындығы 167,2 км. Масштабы 1:3 800 00 картада осы
магистральды кескіндейтін сызықтың ұзындығы неше
сантиметр?
А) 6 см В) 4,8 см С) 4,4 см Д) 4 см Е) 3,8 см
5. Картадағы 1,8 см кесіндіге Жер бетіндегі 270 км арақашықтық
сәйкес. Осы картадағы 2,7 см кесіндіге Жер бетіндегі неше
километр сәйкес?
А) 420 км В) 410 км С) 405 км Д) 395 км Е) 385 км
6. Масштабы 1:10 000 000 картада Астана мен Алматы арасы 17
см. Осы ара қашықтық масштабы 1: 85 000 000 картада қанша
болады?
А) 13 см В) 10 см С) 3 см Д) 2 см Е) 1 см
7. Шымкент пен Түркістан қалаларының арасы 150 км. Картада
олардың арасы 30 см болса, масштабты табыңыз.
А) 1:5 В) 1:500 С) 1:5000 Д)1:50000 Е) 1:500000
8. Масштабы 1:1000 картада тік төртбұрышты жер алқабының
ұзындығы 12 см, ені 5 см. Осы жер алқабының ауданын
табыңдар
А) 60 м2
В) 600 м2
С) 6 м2
Д) 6000 м2
Е) 60000 м2
9. Тік төртбұрышты алаңның ауданы 73 500 см2
. Осы алаңды
масштабы 1:7000 сызбада кескіндегенде, ұзындығы 5 см тік
төртбұрыш шықты. Алаңның жер бетіндегі ені неше метр?
A) 420 м B) 280 м C) 210 м D) 180 м E) 150 м