А б а й и н с т и т у т ы н ы ң хабаршысы



Pdf көрінісі
бет10/20
Дата06.03.2017
өлшемі1,92 Mb.
#8164
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

 

 

 



Вольные мысли мои терпели гнет. 

След мой тебя с прямой дороги собьет. 

Вдоволь я выстрадал, вдоволь плен терпел, –  

Надо ль будить, коль смертный навек уснет? 

 

Яд и час во мне – пусть я с виду иной. 



В жизни мало успев, кончу путь земной. 

Песня болтлива – вверил ей тайну зря. 

Лучше ей, право, смолкнуть вместе со мной!    

 

Стихотворение «Разве не должен,  



мертвый, я глиной стать?», 1898 г. 

Перевод М. Тарловского. 

 

Помимо творчества, Абай получал огромное 



духовное  удовлетворение  от  бесед  в  домашней 

обстановке  с  родственниками  и  друзьями;  эти 

беседы  пробуждали  в  нем  интерес  к  жизни, 

жажду познания. Среди любознательных, целеу-

стремленных  джигитов  с  открытой  для  знаний 

душой, не отвлекаясь на случайные или меркан-

тильные  темы,  он  говорил  больше  о  том,  что 

понял и почувствовал сам. А говорил он о том, 

какие поступки и какой характер идут в разрез с 

гуманизмом  и  человечностью,  как  нужно  стре-

миться  к  наукам,  как  правильно  нужно  выст-

роить свою судьбу, какие ученые были в прош-

лом,  какие  ошибочные  были  у  них  взгляды  на 

мироздание. Таким образом, исходя из того, что 

эти  беседы  приносили  пользу  молодым  людям, 

служили примером, направляли к человечности, 

он  не  жалел  ни  времени,  ни  усилий  для  таких 

вечеров, напротив  даже  получал  большое  нрав-

ственное  удовлетворение.  И  он  без  устали  на-

ставлял  молодежь.  И  если  кто-нибудь  во  время 

таких  бесед  заводил  разговор  о  текущих  делах 

аульчан, о хозяйстве, о ценах, Абай не на шутку 

раздражался, выходя из себя. И каким бы неве-

жественным,  каким  бы  темным  ни  был  люд, 

находящийся  рядом,  все  же  джигиты – слуша-

тели  наставлений  Абая  напоминали  учеников 

медресе,  прослушавших  изрядный  курс.  Они 

уже  разбирались  во  многих  вещах  и  явлениях, 

различали  добро  и  зло.  Они  уже  не  были  неве-

жественными. Являясь  своего рода университе-

том  для  ищущей  молодежи,  изрядно  разбрасы-

вая  семена  знаний,  невзирая  на  то,  поймут  его 

или нет, Абай писал об этом периоде жизни как 

самом лучшем:      

 

Будь разборчив в пути своем, 



Если ты талантлив – гордись 

И надежным лишь кирпичом 

В стену строящуюся ложись. 

 

Отрывок из стихотворения  



«Будь разборчив в пути своем», 1891 г. 

Перевод В. Рождественского. 

  

 



Искренность и дружба были самым светлым 

и  заметным  из  того,  что  любил  в  жизни  Абай. 

Не  найдя  единомышленников  среди  других 

людей,  он  считал  нужным  жить  в  любви  и 

согласии  со  своими  близкими.  И  это  он  считал 

самым достойным и высоким в мире людей. 

 

А того, кто жил не любя, 



Человеком назвать нельзя. 

Пусть ты наг и нищ – у тебя 

Все же есть семья и друзья. 

Довелось бы брести впотьмах, 

Если б дружбы не вспыхнул свет. 

Слава – тлен и богатство – прах, 

Если верного друга нет.  

 

Отрывок из стихотворения  



«О любви, душа, молишь вновь...», 1890 г. 

Перевод М. Петровых. 

 

Перевод с казахского Ахана Шаменова,  



магистранта Института Абая.           

 

 



 

АБАЙ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАҢА КІТАПТАРЫ 

 

 

 



Тарақов Ə.С. 

  Аударма ісінің негіздері жəне стилистика: Аударма ісі 

мамандығы бойынша оқитын қазақ бөлімінің 

бакалавриатына арналған əдістемелік нұсқаулық. - 

Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 37 б. 

«Аударма  ісінің  негіздері  жəне  стилистика»  пəні

  

10 жылдан бері студенттерге тұрақты оқытылып кел

е-

ді. Бұл пəнде студенттер көркем жəне жазбаша аударма

-

ның ақпараттық түрлерін, жанрлық, стилдік ерекшелігін



аударылу  үдерісін,  аудару  стратегиясы  мен  техникасын

 

үйренеді,  аудару  машығын  қалыптастырады.  Əр  жанрға

 

сай  аудару  ісіне  дағдыланады,  машықтанады,  тəжірибе

 

жинақтайды. Аударманы бағалап, талдап, зерттеп, оған

 

өзіндік  ой-пікірін  білдіреді.  Басқа  да  жазбаша  жəне  көр

-

кем  əдебиет  шығармаларының  аудармасын  сараптап,  оның

 

қателіктерін  талдап  көрсетумен  бірге,  оған  аудармашы

 

əрі  аударма  аударма  редакторы  ретінде  тиісті  түзету

 

жасайды,  редакциялайды.  Аудармадағы  қолданылған

 

трансформациялық  тəсілдер  жəне  аудару  əдістері  ме

н 

тəжірибесін саралап, оны қорытындылайды, бағалайды. 

Бұл  нұсқаулық аударма  ісін  оқытатын  оқытушылар

-

ға  жəне  ғылыми-педагогикалық  тəжірибесін  жетілдіру

 

мақсатында магистранттарға арналған. 

 

 


44                                                                                                                       Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

 

С

Ө



З 

Ө

НЕР



І

 

                                       



                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

З. Сейтжанов                   

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ 

Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. Ақын К.Құсайынұлының өмірі мен шығармашылығы.  

Ақын шығармаларындағы туған жер тақырыбы, адам болмысы жəне адамгершілік мəселелері.  

Махаббат лирикасы. Кəсімбай – айтыс шебері. Композитор əрі жыршы. 

Тірек сөздер: К.Құсайынұлы, ақын, адам, адамгершілік, еңбек, махаббат, айтыс, жыр. 

 

З. Сеитжанов                   

МАСТЕР 

Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Жизнь и творчество поэта К.Кусаинова.  

Тема родины. Натура человека и вопросы нравственности, тема Родины в творчестве поэта.  

Любовная лирика. Касимбай – мастер айтыса. Композитор и сказитель. 

Ключевые слова: К.Кусайнулы, поэт, нравственность, труд, любовь, айтыс, песня. 

 

Z. Seitzhanov  

MASTER 

Abstract. The issues dealt in this article. Life and work of the poet К.Кusainov. Theme of motherland.  

Nature of man and questions of morality, theme of Motherland, are in the poet’s work. Love lyrics.  

Кasimbai  is a master of аitys. Composer and singer. 

Keywords: К.Кusainuly, poet, man, morality, labour, love, аitys, song. 

 

ХХ  ғасырдағы  Аймақ  əдебиетінің  көрнекті 

өкілдерінің  бірі – Кəсімбай  Құсайынұлы.  Ол 

1910  жылы  Тарбағатай  аймағының  Толы  ауда-

нына қарасты Майлы деп аталатын елді мекенде 

дүниеге  келеді.  Жас  кезінде  əкесі  қайтыс  бола-

ды  да,  əжесі  Асылбектің  тəрбиесінде  болады. 

Кəсімбайдың əкесі мен əжесі өз кездерінде бел-

гілі  ақын,  əнші  адамдар  болғандықтан,  оның 

өнер  жолына  түсуіне  айтарлықтай  əсер-ықпал-

дары болған.  

Кəсімбай – өзінің  көп  қырлы  өнерімен  елге 

ерте  танылған  адам.  Ақынның  шығармашылық 

жолы  ХХ  ғасырдың  жиырмасыншы  жылдары-

нан басталады. Кез келген адам үшін туған жері 

мен  елінен  қымбат  не  болмақ.  Оның  өлең-тол-

ғауларының  біразы  осы  тақырыпты  қамтиды. 

1940  жылы  жазылған  «Қызыл  қайнар»  атты 

өлеңінде  туған  жеріне  деген  іңкəрлік  сезімін 

былай білдіреді: 

 

Атыңнан айналайын Қызыл қайнар, 



Көркіңнен көргенімде туады ойлар

Шомылтқан анам мені кəусарыңа 

Сен бердің көкірегіме өлеңнен нəр

 (1, 7 б.) 

 

Ақын өз тағдырын туған жерімен байланыс-



тырады. Жас кезінде анасы суына шомылдырса, 

ержеткенде  көркіне  көзі  тояды.  Табиғат  əсер-

лендіреді,  ой  салады.  Тіпті  ақындық  өнерді  де 

туған жердің топырағынан дарыды деп түсінеді. 

Өйткені  туған  жерді  қадірлеу  əр  адам  үшін 

қанға сіңген қасиет екені аян. Ақын асыл тұрағы 

–  атамекенге  ерекше  ілтипатпен  қарайды.  Торқа-

лы  топырағына,  жайқалған  құрағына,  жамыраған 

бұлағына сүйінеді. Балғын балалығының ізі қал-

ған  жерді  қимасына  балайды. «Майлым»  атты 

екінші бір өлеңінде: 

 

Уа, Майлым, атамекен асыл тұрақ, 



Төсіңнен жамыраған күміс бұлақ. 

Өр тұлғаң қашандағы жанды баурап 

Кеудеге құйылады жыр боп тулап,

 –  


 

дейді.  


Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                          45 

 

 

 



Ақынның туған жері туралы жазылған өлең-

дерінің  бəрінде  атамекен  əсерлі  жырланады. 

Елге ырыс та болған, тыныс та болған Майлы – 

Жəйірге  перзенттік  сезімін  терең  тебіреніспен 

жеткізеді.  

 

Ырысым Майлым анау, Жəйір тауым, 



Баса алмас көрген жандар таңырқауын

 

Не: 



 

Ордасы өлең-жырдың, күйдің-дағы, 

Жанбаған Толы сенен кімнің бағы, – 

 

деген  ақын  сөзінде  ешқандай  жалғандық  жоқ. 



Туған  жер  ұғымы  адамның  адамгершілік-ізгілік 

сезімімен  етене  жақын.  Отанның  аяулы  анаға 

балануы тегін болмаса керек. Кəсімбай ақын да 

бір шоғыр өлеңдерінде («Ана Отан», «Ауыл əні», 

«Құт  мекенім  Жырғалаң», «Өз  елім», «Мойын-

тал», «Уа, Ілем», «Сүйікті Іле», «Отаным», «Сə-

лем,  Алтай», «Саз», «Майлы-Жəйір», «Атаме-

кен  Таңбалым», «Отан  туралы  жыр» т.б.) туған 

жер  мен  елін  əр  қырынан  суреттейді.  Ақын 

мұрасында туған жер тақырыбы елеулі орында. 

Себебі  жарқын  болашақ,  адам  өмірінің  мəні 

туған  жермен,  елмен  байланысты  екені  белгілі. 

Сондықтан  ақынның  бұл  топтағы  өлеңдерінен 

оның шынайы көңіл-күйі көрінеді. Осы арқылы 

ақын  поэзияның  көкжиегін  кеңейте  түсті  десек 

те артық болмайды.  

Кəсімбайдың  бір  алуан  өлеңдерінің  нысана-

сы – Адам.  Ол  адамгершілік  пен  ізгілік,  жақсы 

мен  жаманның  мəні  қандай  дейтін    мəселені 

көтереді. Əлеумет өмірінің ұзақ тарихында адам 

жəне оның іс-əрекеті қандай болуы керек дейтін 

қажеттілік  оларды  үнемі  ойландырған,  толған-

дырған. Өйткені көп іс адамдардың қатынасына 

байланысты  ізгілік  пен  зұлымдық  аясында 

көрініс тауып жатады. Сондықтан ілгері-кейінді 

өткен  ақын-жыраулардың  кісілік-имандылық 

жайында  жыр  толғамағаны  жоқ  десек  те  бола-

ды.  Осы  ретте  арыдан  арна  тартатын  дəстүрді 

Кəсімбай да жалғастырып, адамдық атты төмен-

детпеудің  шарты  қандай  дейтін  мəселе  төңіре-

гінде аз толғанбағанын аңғаруға болады.  

 

Жақсының көпке ортақ өнегесі, 



Жел соқса қозғалмайды керегесі. 

Қолына жылпостардың мансап тисе 

Кетеді ел ішінің берекесі, –  

 

деген  жолдарда  жақсы  адамның  əрекетін  көпке 



үлгі-өнеге  ретінде  қараса,  жылмың-жылпостар-

дың қолына мансап тисе ел ішінің берекесі кетпек, 

себебі  жылпос-қулар  ешқашан  көптің  қамын  ой-

ламайды.  Өздерінің  қара  бастарының  пайдасы 

үшін  көптің  шырқын  бұзудан  тайынбақ  емес. 

Сондықтан  мұндай  адамдардың  ел  басқаруы 

жақсылыққа  апармайды  деген  түйінге  келеді, 

абай  болуға  шақырады. «Болса  егер  қорқарың 

не  ісің  мықты,  көп  үйрен  жақсылардан  кісілік-

ті».  Елдікті  сақтаудың  бір  жолы  кісілік  екенін 

байқаймыз.  Бұл  бұрынғы  ақын-жыраулар  поэ-

зиясында  көп  айтылатын  мотив-сарынның  бірі. 

Ақын  есті,  ақылды  адамның  бір  белгісі  ретінде 

еңбекті атайды.  

 

Жинайды есті азамат еңбекпен қор, 



Кетпейді ақымақтың басынан сор. 

 

Не:  


 

Еңбексіз тапқан малдың түбі харам, 

Қиын не жүз шайылып кеткен ардан. 

 

Адамның  еңбегі  арқылы  қоғамдық  бейнесі 



қалыптасатынын ескерсек, адал еңбегің арқылы 

күн  көруді  ақын  қажеттіліктің  бірі  деп  таниды. 

Адал еңбек ету əр адамға парыз деп біледі. Мал 

тауып, тұрмысты  түзету  үшін  еңбекті  ұсынады. 

Қулық-сұмдықпен  тапқан  малдың  қайыры  бол-

майтынын  ескертіп,  елді  еліне  сыйлы  ететін 

еңбекті үлгі етеді, игілікке үндейді.  

 

Ердің сыйы еліне еңбегімен, 



Үміт күтпе жалқаудың ертеңінен. 

Бойыңдағы асылдан айырыларсың 

Араздасып күнелтсең көрінгенмен. 

 

Ер-азаматтың  еңбегі – еліне  тартқан  сыйы 



болса,  жалқаудан  үміт  күту – бос  əуре.  Ақын 

адамның  екі  түрлі  қасиетін  қарама-қарсы  қоя 

отырып  айтар  ойын  сабақтай  түседі.  Еңбекқор 

болу  арманға  жеткізсе,  жалқау  болу – кері  ке-

тіреді екен. Көрінген адаммен араздасып, біреу-

ді  сыйлай  білмейтін  адамдардың  қадір-қасиеті 

жоғалмақ. «Көпті  ілмей  көзіңе  кердеңдесең, 

құрт кемірген ағаштай шорт сынарсың».  

Əр  адамның  білім-білігі,  таным-тəрбиесі 

оның  сөзінен  аңғарылып  тұратыны  белгілі. 

Біреуді сөзі арқылы танып, өзіңді де сөз арқылы 

танытуға  болады.  Сөздің  адамға  əсері  үлкен. 

Сөйлеудің  көп  қырын  былай  қойғанда  дəмді-

дəйекті,  шынайы  сөйлеу  адамның  абыройын 

арттырып, көптің сеніміне ие етуі ғажап емес.  

 

Мақтаншақтың соңының опығы бар, 



Жалындының көзінен көрінер нəр. 

 

Немесе: 



 

Қара қоға жаққанның оты жанбас, 

Өтіріктің шынына елі нанбас, –  

 

деген  жолдардың  мəні  зор.  Мақтаншақ  пен 



өтірік  айтудың  соңы  опық  жегізіп,  орға  жығуы 

мүмкін.  Мұның  өзі  адамның  ақыл-парасатына 

қатысты  болса,  екінші  жағынан,  бір  тұлғаның 

адами  сапа-белгісін  де  аша  түсетін  ерекшелік 

екені  күмəн  тудырмайды.  Желөкпе  мақтан  да, 

өтірік айту да кісілікке жат қылық екен. Өйткені 



46                                                                                                                        Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

халқымыздың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 

этикасын  бұзу  көргенсіздік  болып  табылады. 

«Кешіре жүр досыңның артық-кемін, жабық ұста 

аузыңның  сасық  демін», – деуі  əбден  орынды. 

Данышпан  Абайдың  да  өтірік  пен  мақтаншақты 

адамның  бес  дұшпанына  қосқанын  еске  алсақ, 

Кəсімбайдың да шамырқана сөйлеуінің ешқандай 

артықтығы  жоқ.  Бұл – өмірдің  өз  қажеттілігі. 

Ақын  мұрасында  адам  болмысы,  өмірдің  парыз-

қарызы шыншылдықпен өрнектеледі.  

Жақсылық  пен  жамандық  көбіне  адамдардың 

қарым-қатынасына  орай  көрініс  тауып  жатады. 

Өйткені  өмірдің ақ, қарасы қатар жүретіндіктен 

адамдық  қасиетті  сақтай  білу  əркімнің  азамат-

тық міндеті екенін ескертеді. Адам қашан да ар-

ұятты,  адамгершілікті  жоғалтып  алмауы  тиіс. 

Ақын «Адалдық ардың сыңары» деген өлеңінде:  

 

Адалдық ардың сыңары, 



Биігің содан тұрады. 

Бақытың мен байлығың 

Адалдық, ардан туады, –  

 

дейді.  Адалдықты  ардың  сыңарына  балап, 

екеуін бір-бірінен бөлмейді. Себебі арды сақтап, 

адал болу – адамгершілік өлшемі. Адалдық жоқ 

жерде  адамның  ар-ұятына  нұқсан  келері  хақ. 

Сондықтан  өмір  мəні  адалдықта  деп  ұғындыра-

ды.  Өз  кезінде  басқаның  байлығын,  бақытын 

көре  алмай  пендешілікке  бой  алдырған  екіжүз-

ділер  аз  болмаған.  Əсіресе  «Мəдениет  төңкері-

сі»  кезінде  талайлардың  бет  пердесі  ашылған 

еді. «Өмір жолы» өлеңінде былай депті: 

 

Алшақтап адалдықтан ардан азба, 



Дертіңнен емделе жүр бойды жаз да. 

Адалдықтың өрісі кең болады 

Күле жүріп басқаның көрін қазба. 

 

Бұл – əлеуметтік өмірдің ақиқаты.  



Сол бір қилы кезең, қиын шақта ар-ұятынан 

аттап  кеткендерді  дертке  шалдыққан  жандар 

қатарына қояды. Шолақ белсенді атанып, орайы 

келгендерді  орға  құлатып  отырғандары  да 

шындық  болатын.  Мұндай  əрекет  халықтың 

береке-бірлігін  бұзып,  талайларды  сергелдеңге 

салған еді. Сондықтан ақын «Күле кіріп, күңіре-

не шығатындарға» өкініш білдіреді. Əр адамнан 

өзінің  іс-əрекетіне  ой  көзімен  қарауды  талап 

етеді. Енді бірде: 

 

Малменен өлшем етпе бақытыңды, 



Бар деме қолдағы жоқ жақұтыңды. 

 

Немесе: 


 

Білгірсіп, маңғазданып сызданады, 

Басқаның жақсы ізін қызғанады, –  

 

деп  жоғарыдағы  айтылған  ой-түйіндерін  тарата 

түседі.  Адам  бақыты  малмен  өлшене  ме  екен? 

Бақытты  болудың  басқа  да  толып  жатқан 

шарттарын  ескермей,  өмірдің  мəнін  байлықпен 

байланыстыратын  ойы  таяз  жандардың  да  бар 

екенін  жоққа  шығаруға  болмайды.  Басқалардан 

өзін  жоғары  ұстап  сыздану  да,  не  біреудің 

жақсылығын 

қызғану 


да 

жақсы 


əдетке 

жатпайды. Тым асқақтап кесірлену мен басқаны 

көре алмау – көңіл тарлығы, ақыл аздығы деуге 

болады.  Көргенсіз  адамнан  жекенің  де,  жалпы-

ның  да  зардап  шегуі  əбден  мүмкін.  Сондықтан 

əдеп-инабат  нормаларына  негізделген  көргенді-

лікті  сақтап  жүру – əр  адамның  парызы  екен. 

Ақын көптеген өлеңдеріндегі кісілік жайындағы 

ойларын  адам  тіршілігімен  астастыра  жырлай-

ды.  Адамгершілік  асыл  қасиеттерді  жоғалтып 

алмауға шақырады.  

Кəсімбай  Құсайынұлы  ертеректе  жазған 

«Ұлтым жайлы толғансам» (1948) өлеңінде адам 

болмысына  ғана  емес,  бүкіл  халқы  (ұлты)  жай-

лы  толғанады.  Адам  уақыт,  заманнан  тыс  тұра 

алмайды. Ендеше ақын өлеңдеріндегі қоғамдық 

мəн-мазмұнды жоққа шығару дұрыс болмас еді. 

Кəсімбай да заман, қоғам алдындағы жауапкер-

шілікті терең сезіне білген адам. Мəселен, 

 

Өнер-білім үйренуге жалқаумыз, 



Сондықтан да басқалардан аңқаумыз. 

Бір қазақтың баласы боп тусақ та 

Алысқанда ала болған алтаумыз, –  

 

деген  жолдар  да  өмір  шындығынан  туғандығы 



Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                          47 

 

 

 



заман  жыршысы.  Əдебиеттің  басты  мəселеле-

сінің  бірі – адамгершілік.  Осы  реттен  келгенде 

əдебиет адам тəрбиелеудегі көркемдік-эстетика-

лық құрал десек те болады. Сондықтан ақынның 

көптеген  өлеңдері  адам  болмысын  арқау  етеді. 

Ақ,  қараны  ажырата  жырлап,  ізгілік  пен  иман-

дылаққа үндейді.  

Кəсімбай  Құсайынұлының  біршама  арнау 

өлеңдері бар. Арнау өлеңдер арысы əлем, берісі 

қазақ əдебиетінде молынан кездеседі. Ақынның 

«Қарт ақын Қапезге», «Имаммəди», «Байқожаға», 

«Қарт  жырау  Боздаққа», «Бəдет  Ахметжановқа», 

«Композитор  досыма»  атты  өлеңдерінде  өнер 

адамдарына  сипаттама  береді,  жоғары  бағалай-

ды. Кейбірінің ақындығына, кейбірінің адамгер-

шілік қасиеттеріне баса назар аударады. Оларға 

ақ  ниет-пейілін  көрсетеді.  Өзіне  қол  ұшын  бер-

ген адамдарға жақсы сипаттама береді. «Жеңге-

лерге  əзіл», «Құрдасым  Сапарбекке»  өлеңдері 

жеңіл шымшыма əзіл түрінде жазылса, «Опасыз 

дүние жалған-ай», «Қасіреттің мұзы» деп атала-

тын өлеңдерінде үміт күткен баласынан айыры-

лып, аңырап қалған ақынның көңіл наласы, жан 

жарасы,  өкініш-тебіренісі  байқалады.  Бұл  екі 

өлеңді арнау емес, жоқтау десек те болатындай. 

«Еңбегіне  елі  сүйінген,  жүрегі  жылылыққа  то-

лы»  жастың  бейнесі  көз  алдымызға  келеді. 

Ақынның  арнау  өлеңдері  жақсының  жақсылы-

ғын  айтып,  көпке  үлгі  етеді.  Алайда  Кəсімбай-

дың  сынап-мінейтін  туындылары  да  жоқ  емес. 

«Бір  ақынға  əзіл»  деген  өлеңінде  оның  тұрлау-

тиянағы жоқ əрекетін де, дəм-татуы аз өлеңін де 

орынды  шенейді.  Қалай  десек  те  жаманнан 

жиренуге, жақсыдан үйренуге үндейтін туынды-

ларының мəні зор. Əрине, ақын тыңнан боразда 

тартқан  жоқ.  Бұл – арыдан  келе  жатқан  дəстүр 

сабақтастығы.  

Адам баласына жəне қоғам үшін қажеттілік-

тің бірі – еңбек. Өйткені еңбек барлық ырыс пен 

игіліктің  көзі.  Сондықтан  халқымыз  еңбекқор-

лықты жақсы қасиеттің қатарына қосқан. Еңбек 

арқылы адамның қоғамдық белсенділігі артады. 

Тіпті кейбір əдеп-дағдылары нығая түседі. Ақын 

еңбекті  адам  өмірімен  ұштастыра  жырлайды. 

Бір  кездері  Ыбырай,  Абай,  Шəкəрімдер  айтқан 

дəстүрді  ұстанған  ақын  əркезде  жазған  бір  шо-

ғыр  өлеңдерінде  еңбекті  мадақ  етеді. «Еңбекші 

қыз», «Құрышшылар  жыры», «Жылқышы  мақ-

танышы», «Тракторшы əні», «Атыз жыры», т.б. 

өлеңдерінде  лирикалық  кейіпкер  өз  еңбегін 

мақтан  етеді.  Қыс  көзі  қырауда  жылқы  бағып 

даңққа  бөленсе,  жер  жыртып,  дəн  сеуіп  бай-

лыққа  кенелгеніне  қуанады.  Аянбай  тер  төксе, 

молшылыққа қолы жететініне сенеді.  

 

Құшағында шынығып өр еңбектің, 



Қызы болып таңдаулы келем көптің. 

Еңбегіммен кестелеп дала төсін 

Ұшан-теңіз байлыққа кенелмекпін

 

Ақын  мал  бағып,  кен  қазғандарды  да,  жер 

жыртып,  егін  салғандарды  да  үлгі  етеді.  Адал 

еңбек  арқылы  ғана  баянды  бақытқа  қол  жет-

кізуге  болады  деп  санайды.  Адамның  абыройға 

бөленіп,  көктеп-көгеруі  еңбекке  байланысты 

деген қорытындыға келеді.  

Ақын жас кезінде бірнеше махаббат лирика-

сын  жазған.  Олар  «Арман-ай», «Ақ  маңдай-

лым», «Жібек көйлек» деп аталатын туындылар. 

Махаббат – мəңгілік  тақырып.  Сол  себепті  бұл 

өлеңдерден  лирикалық  қаһарманның  сан  түрлі 

көңіл  күйі  көрінсе,  бірде  сыпайы-сынық  мінез 

затты  қызға  көңілі  тояды.  Ақынның  жүрек 

лүпілі  мен  аңсар-арманын,  сағыныштың  мұңлы 

сазын аңдау қиын емес.  

Кəсімбай  Құсайынұлы – əрі  лирик,  əрі  эпик 

ақын. Оның алғашқы «Өмір белестері» дастаны 

1980  жылы  жазылған.  Шабыт  шақыру  түрінде 

айтылған  «Сөз  басы»  деп  аталатын  кіріспесі 

бар.  Осы  кіріспеде  «мынау  менің  өзім  жайлы 

дастаным»  деп  ескертеді.  Оқиға  лирикалық 

қаһарманның  атынан  баяндалады.  Ол  өзінің 

жарық  дүниеге  келген  күнінен  бастап,  белгілі 

өнер  иесі  болып  қалыптасқанға  дейінгі  өмір 

жолын  сол  тұстағы  қоғамдық-əлеуметтік  шын-

дықтармен  байланыстыра  баяндайды.  Сондықтан 

шығарма  жалқының  өмірі  арқылы  жалпының  ба-

сынан  өтіп  қоғамдық  сипат  алған  жайлардан 

хабардар  етеді. «Екі  түрлі заманға  куəгер» бол-

ған  кейіпкердің  өмірінде  даңғыл  жол  бола 

қоймағанын да көреміз. Бір кездері қозы баққан 

бала  оқып-үйренудің  арқасында  өнерлі  тұлғаға 

айналу  жолы  сатылап  баяндалады.  Дастандағы 

лирикалық  кейіпкер – халық  өкілі.  Ол  үнемі 

жетілу, өсу үстінде көрінеді. Бірде Толы парти-

зандарының  құрамында  гоминдан  өкіметіне 

қарсы  күреске  қатынасады.  Халықтың  бостан-

дығы  үшін  күреседі.  Көкірегі  ояу,  көзі  ашық-

тарды  «жау»  санайтын  кезді  де  басынан 

өткереді. «Көрінді  көзі  ашықтар  жау  саналып, 

жүретін  надан  ғана  дəу  саналып», – деуі  шы-

найы  сөз.  Өйткені  «шаш  ал  десең,  бас  алатын» 

ұр  да  жықтардан  шолақ  белсенділердің  көп 

шығатыны белгілі. Ақынның меңзеп отырғаны – 

осы.  Лирикалық  кейіпкер  «алыстап  бой  жасыр-

дым  елден  кетіп»  деп  ағынан  ақтарылады. 

Əлеуметтік  өмірдегі  теңсіздікті  айтқаны  үшін 

осындай күйге душар болады. Дастанның «Өмір 

белестері»  деп  аталуы  кездейсоқ  емес.  Шығар-

мада лирикалық кейіпкердің өмір жолы кеңінен 

қамтылып,  елеулі  оқиғалармен  қос  өрім  тарта 

суреттеледі.  Объективтік  шындықпен  бірлік 

тауып  отырады,  сондықтан  дастанда  ғұмырна-

малық  деректер  жиі  ұшырасып  отырады.  Бұл 


48                                                                                                                        Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

туындының  шынайылығы  мен  тəрбиелік  мəн-

маңызын арттыра түседі.  

Ақынның екінші дастаны «Өгей ғарып» деп 

аталады.  Шығарма  шағын,  негізгі  кейіпкер – 

Тауасар  есімді  шал.  Көп  сөйлемейтін  тұйық, 

өзімен өзі болатын шалдың туған жері, яғни ата 

қонысы – Семей өңірі. Басқа елден бас сауғалап 

еріксіз келгендіктен, ешкімге тіл қатып, тіс жар-

майтын, көбіне іштен тынады. Қыстың боранды 

бір  күні  Тауасар  бір  қоржаға  (селоға)  зорға 

жетеді.  Ауру  меңдеткен  қызы  қайтыс  болып 

жалғыз  қалады.  Тірі  жан  тірлігін  істеп  жүріп 

жатады. Кейінірек жағдай тағы өзгереді. «Мəде-

ниет  төңкерісі»  кезінде  жазықсыз  жазаланады, 

бүкір болып қалады. Ауыр еңбекте жүрген бүкір 

шал  мен  ақын  бір  күні  оңаша  қалады.  Тауасар 

өзінің ішкі сырын ашады.  

 

Мың тоғыз жүз он алтыншы жыл екен, 



Ел жайлауға қонған күннің түні екен. 

Сүркейлі үндер естілгенде жаңғырып, 

Ұйқы қашып ойсырады гүл мекен, – 

 

дейді. 1916 жылы бүкіл Орта Азияны шарпыған 



ұлт-азаттық  көтерілісі  кезінде  Тауасар  бас  сау-

ғалап шекара асуға мəжбүр болады. Атамекенін 

тастап  босқын  болу  себебін  ақынға  баяндап 

береді.  Он  алтыншы  жылы  патша  өкіметінің 

жазалаушы əскерлерінің қырғындауына ұшыра-

ған  қаншама  қазақтар  көршілес  елге  ауып  кет-

кенін  тарихи  құжаттар  да  растайды.  Солардың 

бірі – Тауасар. Түйіндей  келгенде, К. Құсайын-

ұлының  дастандары  шытырман  оқиғаға  құрыл-

маған. Кейіпкерлердің ширыққан тартыстары да 

жоқ.  Осыған  қарамастан  заман – кезең  шын-

дығы  көрініс  тауып  отырады.  Ақын  алғашқы 

шығармасында лирикалық қаһарманның, екінші 

дастанында Тауасар тағдыры арқылы белгілі бір 

кезеңдегі  əлеумет  өмірінің  шынайы  болмысын 

бейнелейді.  

Кəсімбай өлеңді жазып та, суырып салып та 

шығарған. Ақынның бірнеше айтысы бар. Олар: 

Кəсімбай  мен  Гүлғайшаның,  Кəсімбай  мен  Зы-

лиханың,  Кəсімбай  мен  Айжəміштің,  Кəсімбай 

мен Мұрын келіншектің айтыстары. Бұл айтыс-

тардың  бір  ерекшелігі    Кəсімбаймен  айтысқан 

келіншектердің  (Гүлғайша,  Зылиха,  Айжəміш, 

Мұрын  келіншек) – бəрі  де  нағыз  төкпе  айтыс 

ақын  екендіктері  бірден  аңғарылады.  Өйткені 

айтыс  көпшіліктің  көз  алдында  өтетіндіктен 

ақындардың  ойы  ұшқыр,  қарсыласына  қолма 

қол  тапқыр  жауап  айта  алатын  қабілет-қарымы 

болуы  шарт.  Осындай  ерекшелік  бұл  айтыс-

тарда сақталған. Кəсімбай ақын келіншектермен 

өзі іздеп барып айтыспаған. Кездейсоқ кездесіп 

қалып  өнер  сайысына  түседі  жəне  айтысты 

көбіне  келіншектер  бастаған.  Себебі  Кəсімбай-

дың  мысын  тездетіп  басуды  ойласа  керек. 

Алайда,  оның  да  оңай  олжа  бола  қоймайтын 

ақын екенін мойындайды. «Бой беретін еместей 

бірме-бірге».  Сондықтан  айтысты  тоқтатуға  ұсы-

ныс  жасайды. «Ертедегі  ақындар  айтысында  өз 

елдерін  мақтасу,  байлығын,  мықтылығын  ай-

тысу  дəстүрі» (М.  Əуезов)  бойынша  Гүлғайша 

Кəсімбай  елінің  тұрмыс-салтын  сынға  алады. 

Кейде кемсіте сөйлеу де болмай қалмайды. Бы-

лайғы уақытта айтыла бермейтін ащы шындық-

тар айтыс үстінде айтыла береді. Бұл – қарсыла-

сын  тоқтатудың  бір  тəсілі.  Бұдан  шығатын 

қорытынды  сол – Кəсімбай  Құсайынұлы  ХХ 

ғасырдағы айтыс өнерінің дамуына айтарлықтай 

үлес қосқан талант иесі. 

Көшпелі өмір салтына сəйкес рухани қажет-

тіліктен туып, ұлттық мəдениетімізді қалыптас-

тыруда    өлшеусіз  үлес  қосқан  адамдар  сал-

серілер  екені  белгілі.  Мəселен,  Біржан,  Ақан, 

Жаяу  Мұса,  Мұхит,  үкілі  Ыбырай,  Балуан  Шо-

лақ,  Дəурен  сал,  Иманжүсіп,  Əсет,  т.б.  өнер 

иелері.  Кəсімбай  да  осылардың  өнерінен, 

дəстүрінен  үйренген,  дамытқан.  Арыдан  тамыр 

тартатын бұл өнер халық өмірінде ерекше мəнді 

болған.  Бір  адам  бірнеше  өнер  иесінің  міндетін 

атқарып,  көптің  ерекше  ілтипатына  бөленген. 

Аталған  сал-серілердің  көбі  дəулетті  адамдар 

болса, Кəсімбай жас кезінде жоқшылықтың тау-

қыметін  көп  тартады.  Ол  соңғы  кездері  жақсы 

ат, қыран құс, түзу мылтық ұстап ойын-тойдың 

көркіне  айналады.  Кəсімбай – өзі  шығарып,  өзі 

орындайтын  екі  жүзден  астам  əн-күйлері  бар 

белгілі  композитор.  Халық  жəне  сал-серілердің 

əндерін  тамаша  орындайтын  асқақ  үнді  əнші, 

шебер  күйші  болған.  Өлеңді  жазып  та,  төгіп  те 

шығаратын  талантты  ақын.  Ол – көптеген 

қисса-дастандарды («Жамсап», «Маргузар», 

«Түсіпқан», «Тəуке  батыр», «Еңлік – Кебек», 

т.б.)  жатқа  айтатын  жыршы.  Сонымен  бірге 

1953-1954 жылдары түсірілген «Хасен – Жəмила» 

фильмінде  Досбол  ақынның  образын  сомдаған 

танымал актер. Тіпті цирк өнерін де жетік мең-

геріп,  шауып  келе  жатқан  аттың  үстінде  неше 

түрлі  ойын  көрсетеді.  Сондай-ақ,  көптің  көз 

алдында  екі  аяғына  бақан  байлап  жүгіру,  екі 

қолымен шеңбер жасап дөңгелеу, жалғыз бақан-

ның  басына  өрмелеп  шығу  сияқты  ойындарды 

да  еркін  орындайды.  Кəсімбай – бүкіл  саналы 

ғұмырын  өнер  жолына  арнап,  көптің  құрметіне 

бөленген  нағыз  сегіз  қырлы  өнер  иесі.  Мұндай 

əмбебап  өнерлі  тұлғаның  тұғыры  биік,  ғұмыры 

ұзақ болмақ.   

Талантты  ақын  Таңжарық  Жолдыұлы  Қа-

зақстанда  бірнеше  жыл  тұрған.  Жер  көріп,  ел 

аралаған,  білімін  жетілдірген.  Сонымен  бірге 

Ахмет,  Міржақып,  Абай,  Шəкəрім,  Ыбырай, 

Сұлтанмахмұт  қатарлы  ақындардың  шығарма-

ларымен  танысқан.  Мұның  бəрі  де  жас  Таң-


Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                          49 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет