А б а й и н с т и т у т ы н ы ң хабаршысы



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата06.03.2017
өлшемі1,92 Mb.
#8164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 

 

 



надан  басқа;  в)  ақынның  айтқысы  келген  ойы 

жасырынулы.  Жасырынулы  ойды  анықтаудың, 

ақынның  жасырған  жұмбағын  шешудің  үш 

түрлі  деңгейін  көрсетуге  болады.  Бірінші – 

берілген сегіз жол өлеңнің өз деңгейі. Оны, жо-

ғарыда  айтылғандай, «теңіздің  сырын  таныта-

тын  тамшы»,  бүтіннің  бөлшегі  деңгейінде 

сипаттауға  болады.  Бұл  деңгейде  өлең  жұмбақ 

өлең  сипатында  қабылданады.  Оның  шешуін, 

мағынасын,  мəнін  əр  тыңдаушы  немесе  оқушы 

өзінше шешіп, өзінше түсінеді. Екінші деңгей – 

осы  сегіз  жол  өлеңді  ақынның  бүтін  шығар-

машылығы  аясында  пайымдау.  Бұл  бөлшекті 

бүтіннің  аясында  пайымдау  дегенді  білдіреді. 

Бүтіннің  сырын  білмей,  бөлшектің  мəнін  ұғу 

мүмкін  болмайтыны  сияқты,  бөлшектің  мəнін 

ұқпайынша,  бүтіннің  сырын  тану  да  мүмкін 

емес.  Əуелдегі  жасырын  мағына,  бүркеулі  мəн 

берілген жолдарды ақынның бүтіндей шығарма-

шылығы  жүйесінде  немесе  тұтастай  «Сегіз 

аяқтың»  өз  деңгейінде  алып  қарағанда  ашыла-

ды: жартастың мəні, айқайдың мəні, жаңғырық-

тың мəні – бəрі де осы тұрғыда ғана танылады. 

Осы деңгейдің болмысына ден қойған жағдайда, 

ондағы  бөлшектердің,  бөлшектер  мен  бүтіннің 

арасындағы  байланыстардың бəрі де логикалық 

қисындар  негізінде  жүзеге  асатыны  белгілі 

болады.  Ал  осы  бүтіннің  бөлшектерінің  сипа-

тына назар аударғанда, олардың тілдік бірліктер 

ғана  емес,  күрделі,  тұтасқан  образдар,  образды 

көріністер,  мағыналар,  мəндер  екені  туралы 

ұғым  туады.  Үшінші  деңгей  сегіз  аяқ  шумақ-

тағы    жасырынулы  ойдың  жұмбағын  ақынның 

дүниетанымы,  мəдени  ортасы  аясында  пайым-

даумен  анықталады.  Мұның  мəнісін  Құран 

кəрімнің  мына  аяты  негізінде  түсінуге  болады: 

«Дыбыстағанда, үнді, айғайды ғана естіп, түсін-

бейтін біреу тəрізді; саңырау, сақау жəне соқыр. 

Сонда  олар  еш  нəрсені  аңғармайды» [Құран: 

2:171].  Осы  аяттағы  сурет  пен  ақын  суреттеп 

отырған  жартастың  бейнесі  арасында  айырма-

шылық  жоққа  тəн:  жартас  та  саңырау,  сақау, 

соқыр,  ешнəрсені  аңғармайды,  байқамайды. 

Құран  аятында  құбылыстың  аты  мен  заты 

белгілі,  нақты,  тура  мағынада  сипатталған. 

«Сегіз  аяқта»  осы  нақты,  затты  құбылыс 

дерексізденіп  (абстракцияланып),  жартас  түрін-

де  жұмбақталады.  Ақынның  жартасының  арх-

етипі,  осылайша,  Құраннан  табылады. «Сегіз 

аяқта»  бейнеленген  жартастың  жұмбақ  сырын 

Құран  негізінде  ғана  толық  шешуге  болады. 

Ақынның поэтикалық ойлауының, ақын шығар-

масындағы  мəн  мен  мағына  поэтикасының  көп 

қырлы,  терең  сырлы  болмысының  бір  көрінісі 

осы деңгейде ашылады.  

Ақынның  «Сегіз  аяғындағы»  мəн  мен  ма-

ғына  поэтикасы  жалпы  мен  жалқы,  бүтін  мен 

бөлшек  арасындағы  байланыстар  сырын  ашу 

мен  танудың  нəтижесінде  туатын  образды  тұ-

тастық арқылы түсінікті болмақ.     

   

Əдебиет 

1.  Абай  (Ибраһим)  Құнанбаев.  Шығармаларының  екі 

томдық толық жинағы. – І том. – Алматы, 1977. 

2. Əуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – 

ХХ том. – Алматы, 1985. 

3. Ахметов З. Абайдың ақындық əлемі. – Алматы, 1995. 

4. Мұқанов С. Абай Құнанбаев // Мұқанов С. Таңдамалы 

шығармалар.  Он  алты  томдық. – ХVІ  том. – Алматы, 

1980. – 169-391-б. 

5. Жұмалиев Қ. Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері 

жəне Абай поэзиясының тілі. – ІІ том. – Алматы, 1960. 

6. Ысмағұлов Ж. Абай: Даналық дəрістері. – Алматы, 

2007. 

7. Фреге Г. Смысл и значение // 

http://www.philoslphy.ru

 

 8.  Хайдеггер  М.  О  сущности  истины  /Перевод  

З.Н. Зайцевой // 

http://www.philosophy.ru

 

9. Бердяев Н. Смысл творчества // 

http://www.publicant.ru

 

10. Əл-Фараби. Əлеуметтік-этикалық трактаттар. – 

Алматы, 1975. 

11.  Абай  Кунанбаев.  Избранное  стихотворения.  Поэмы. 

Слова-назидания / Составление М.Магауина. – М., 1981. 

12.  Дəдебаев  Ж.  Бөлтірік  Əлменұлы  жəне  қазақ 

шешендік өнері: оқу құралы. – Алматы, 1996. 

 

 



 

Ы.Палтөре 

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АЛЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІНІҢ КЕЙБІРІНЕ 

ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ 

Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. Абай шығармаларында кездесетін  

Құрандағы Алла атауының мəн-мағынасы, Абай қолданысындағы синонимдері.  

Рахман жəне Рахим атты Алланың көркем есімдері. Абай жəне ислам дүниетанымы. 

Тірек сөздер: Абай, Ислам, Құран, Аят. Хадис, Алла, Рахман, Рахим. 

 

Ы. Палторе 



ЛЕКСИКО-СЕМАНТИЧЕСКИИЙ РАЗБОР НЕКОТОРЫХ ИМЕН АЛЛАХА, 

КОТОРЫЕ ВСТРЕЧАЮТСЯ В ПРОИЗВЕДЕНИЯХ АБАЯ 

Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Смысл и значение слова Аллах в Коране,  

которое встречается в произведениях Абая, и его синонимы в использований Абая.  

Имена Аллаха – Рахман и Рахим. Абай и исламское мировоззрение. 

Ключевые слова: Абай, Ислам, Коран, Аят. Хадис, Аллах, Рахман, Рахим. 

12                                                                                                                       Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

Y. Paltore 

LEXICAL-SEMANTIC PARSING SOME NAMES OF ALLAH 

TO MEET IN WORKS ABAY 

Abstract. The issues dealt in this article. The sense and meaning of the word Allah in the  

Quran, which is found in the works of Abay, and its synonyms in the use of Abay. Names of Allah - Rahmaan and 

Raheem. Abai and the Islamic world. 

Keywords: Abay, Islam, the Quran, Verse. Hadith, Allah, Rahmaan, Raheem. 

 

 

Құран  аяттарында: «Алла  Одан  басқа  ешбір 



тəңір  жоқ.  Ең  көркем  есімдер  Оған  тəн» [13, 

Таһа, 8-аят], «Ол сондай Алла, одан басқа ешбір 

тəңір  жоқ.  Ол – Патша;  өте  пəк,  есен-амандық 

беруші.  Қорғаушы  тым  үстем.  Аса  өктем,  өте 

зор.  Алла  олардың  (серік  қосушылардың) 

қосқан  серiктерiнен  пəк.  Ол  Алла – жаратушы, 

жоқтан  бар  етуші,  бейнелеуші.  Оның  көркем 

есiмдерi  бар...» [13, Хашыр, 23-24-аяттар], –

делінген.  Сондай-ақ: (Уа,  Мұхаммед!  Сен) 

Оларға: «Алла»  деп  дұға  жасаңдар  яки  «Рахман» 

деп дұға жасаңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең 

көркем  есімдер  Оған  тəн»  деп  айт» [13, Исра, 

110-аят], «Ең  көркем  есімдер  Аллаға  тəн.  Оған 

сол  атаулармен  (көркем  есімдермен)  жалбары-

ныңдар», [13, Ағраф, 180-аят] – деген мағынада 

аяттар бар. Жалпы осы көркем есімдердің саны 

туралы  Мұхаммед  пайғамбардың  хадистерінің 

бірінде: «Алланың  тоқсан  тоғыз,  бірі  кем  жүз 



есімі бар...» [Хадис: Бұхари, Дағуат-6047], – деп 

айтылған.  Мұхаммед  пайғамбар  көзі  тірісінде 

Құранда айтылған аяттарға сай Алланың көркем 

есімдері  мен  сипаттарын  атай  отырып,  оған 

дұға-тілек  жасаудың  үлгілерін  күллі  мұсылман 

жамағатына үлгі-өнеге еткен. Осы үрдіс бойын-

ша  қазіргі  кезде  еліміздегі  мешіт  имамдары, 

діни  қызметкерлер  түрлі  құлшылық  рəсімдері 

орындалған  соң  немесе  орындау  кезінде 

пайғамбар  үйреткендей  етіп,  Алланың  көркем 

есімдерін  атап,  оған  дұға-тілек  жасауды  əдетке 

айналдырған.          

Хакім  Абай  да  өз  заманында: «...Рахман, 

Рахим,  Ғафур,  Уадуд,  Хафиз,  Сəттар,  Раззақ, 

Нафиғ, Уəкил, Латиф...» [1,192], – деп  Алла та-

ғаланың көркем есімдерінің кейбірін атап, олар-

дың  мəн-мағынасын  біліп,  кəміл  үйренуді  өз 

шығармаларының  бірінде  (отыз  сегізінші  қара 

сөзінде)  өсиет  етеді.  Осы  көркем  есімдердің  ең 

басында Алла  арабша [ 

 ُﷲَا ] (Аллаһ) атауы тұра-

ды.  Бұл  атау – Құдай  тағаланың  жеке  (жалқы) 

есімі.  Құлшылық  етуге  лайық,  ғибадат  етілуші 

Ие, Тек, Бір Тəңір мағынасында. Құран дүниета-

нымы бойынша бұл есім бір жаратушыдан басқа 

ешкімге  айтылмайды.  Алла  сөзінің  араб  тілін-

дегі  шығу  этимологиясы  жайлы  араб  тіл  білімі 

ғалымдары бірнеше пікірді алға тартады. Олар-

дың  ішінде  ең  көп  мақұлданғаны  Алла  атауы-

ның  араб  тіліндегі  «əлəһə – ялəһу – илəһəтəн»  

  َﻪَﻟَا


-

 

  ُﻪَﻟْﺄَﻳ



-

 

 ًﺔَﻫَﻻِا



 ) деген «құлшылық  ету» мағына-

сындағы  етістіктің  түбірінен  «əл-Илəһу» (

 

 ُﻪَﻟِﻻَا ) 



үлгісінде  жасалып,  жиі  қолданылғандықтан 

«əл»  артиклінен  кейін  келген  кəсралы  əлиф 

(транскрипциядағы «и» əрпі) түсіп қалу арқылы 

лəм  əрпі  лəмге  қосып,  бір  рет  жазылып  үстіне 

тəшдид  (шəдда)  белгісі  қойылу  арқылы  оқыла-

ды. Сондай-ақ жаратқанды ұлықтау мақсатында 

лəм əрпі жуан оқылып, нəтижесінде «Аллаһ» [ 

 ُﷲَا ] 


үлгісіндегі сөз шыққан  делінеді [2,32]. (Сөз соңын-

дағы  «һ»  əрпі  қазақ  тілінің  орфографиялық 

ережелері  бойынша  хатқа  түскенде  жазылмай 

«Алла» үлгісінде қолданылып жүр...). Бұл сөздің 

қазақша  мағынасы  «бүкіл  əлемді  жаратушы, 

құлшылық  етуге  ең  лайықты  ие»  дегенді  біл-

діреді. Қазақ əдеби тілінің сөздігінде Алла сөзіне: 

«18 мың Ғаламды, Қиямет-Қайымды жаратушы 

Құдай, асқан құдірет иесі» [3,424], – деген анық-

тама берілген. Бұл сөз Құранда сөйлем ішіндегі 

орнына қарай əртүрлі (мысалы, атау, ілік, табыс 

септіктерінде)  кездесіп,  жалпы  саны  бір  дерек 

бойынша 2697 рет, [4,47] ал  екінші  бір  дерек 

бойынша 2724 рет кездеседі делінеді [14].  

Осы  Алла  атауы  Абай  шығармаларында  да 

жиі  қолданыс  тапқан.  Ақынның:  «Алланың  өзі 

де  рас,  сөзі  де  рас...», «Алла  деген  сөз  жеңіл,  

// Аллаға ауыз қол емес...», «Алла мінсіз əуелден, 

пайғамбар хақ, // Мүмин болсаң үйреніп,, сен де 

ұқсап  бақ. // Құран  рас,  Алланың  сөзідүр  ол,  

//  Тəуиліне  жетерлік  ғылымың  шақ.//  Алланың, 

пайғамбардың жолындамыз,... Алла ішімді айт-

қызбай  біледі  ойла,..», «Алланың  рахматын,  

// Жар тұтып əрнеге...» деген сияқты тағы басқа 

көптеген  өлең  жолдарында,  қара  сөздерінде 

тіпті, орыс тілінен аударған аудармаларында да 

көрініс  тапқан.  Абай  тілі  сөздігіне  жүгінсек, 

Алла сөзі Абай шығармасында 133 рет кездеседі 

[5,40].  Бір  ескеретін  жайт  Құранда  Алла  есімі 

Құдай  тағаланың  барлық  көркем  есімдерін 

қамтиды.  Ешбір  атауға  синоним  ретінде  қолда-

нылмайды.  Көптік  жалғауын  қабыл  етпейтін 

жеке, дара есім ретінде қарастырылады. Ал Абай 

шығармаларында:  «Патша  құдай,  сыйындым,  

//  Тура  баста  өзіңе...», «О  да  құдай  пендесі,  

//  Түспей  кетер  деймісің.  Тəңірінің  құрған  те-

зіне?!»,  «Я,  Құдай,  бере  гөр // Тілеген  тілек-

ті...», «Шын  жүрек  елжіреп, // Алладан  тілей-

мін...», – деген  сияқты  үлгілерде  Алла  атауы 

«Тəңір», «Құдай»  сөздерімен  синоним  ретінде 

қолданылуымен  ерекшеленеді.  Абай  тілін  зерт-

теген  ғалым  Р.Сыздықова: «...қазақтың  исламға 

дейінгі  жалпы  түріктік  тəңрі-сі  бар  ма,  парсы-


Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                          13 

 

 

 



ның  құдай-ы,  арабтың  алла-сы, ... бар  ма – 

барлығы  да  бұл  кезде  актив  сөздер.  Абай  да 

оларды жатсынбай синонимдік қатар түзіп пай-

даланады...» [6,72], – деген. Негізі Құран дүние-

танымында  жаратқанның  Алла  деген  есіміне 

«Тəңір», «Құдай» сөздері синоним бола алмайды. 

Себебі,  бұлар  Алла  атауының  семантикасын, 

мəн-мағынасын  толық  қамти  алмайды.  Бұл 

туралы  Құран  аяттарына  қазақша  мағына  мен 

түсінік  беріп  аударған  Халифа  Алтай  да  өзінің 

«Хұтпалар» атты еңбегінде: «...Жаратқан, жаса-

ған  «Алла»:  түрікше  «Тəңір»,  парсыша  «Худа», 

қазақша  «Құдай»  деп  аталады.  Бірақ – тəңір, 

худа, құдай деген сөздер «Алла» деген атаудың 

орнын толтырмайды. Жетпей  қалады...» [7,9], – 

деген.  Дегенмен  қазіргі  ауызекі  сөйлеу  тілінде, 

тіпті,  қазақ  əдеби  тілінде  «Тəңір – Құдай – 

Алла»  сөздері  бірінің  орнына  бірі  қолданыла 

беретіні  белгілі.  Мысалы,  Бұхар  жыраудың: 

«Ей, айтшы, Алланы айт, Аты жақсы Құдайды 

айт.  Төрт  шадияр  Мұстафа,  Мұсқап  ашқан 

ғалымды айт. Тəңірім сөзі бұрқанды айт. Кəлім 

Алла  Құранды  айт,  Тəңірім  салса  аузыңа,  Жан 

жолдасың  иманды  айт»,  «Құдайды  білмес  би-

намаз», «Қарсы  болма  Аллаға», «Бірінші  тілек 

тілеңіз, бір Аллаға жазбасқа...» [8,10-15], – сон-

дай-ақ Шал ақынның: «Жігіттер, ғибадат қыл, 



маған нансаң, Намаз оқы, Алланы ойыңа алсаң, 

Жарлығы  екі  болмас  хақ  Құдайым,  жанында 

серігі  жоқ  тақ  Құдайым,  Жанымды  алсаң, 

Құдая, иманмен ал, Шайтанның қазасынан қақ, 

Құдайым...» [9,155],

 

–  деп  толғанғаны  сияқты, 

т.б.  Негізі  осы  сияқты  мысалдарды  қазақтың 

көптеген  ақын-жазушыларының  шығармалары-

нан  кездестіруге  болады.  Бұл  дегеніміз  Құран-

дағы  Алла  сөзінің  «тəңір – құдай»  сөздерімен 

семантикалық  байланысқа  түсіп,  қазақ  тілі  ұғы-

мында  құрылысы  əртүрлі  болғанымен  мəн-мағы-

насы бір болып кеткен сөздер деуге болады. 

Мұнан  басқа  айтарлықтай  жаңалық  Абай 

тілінде кездесетін Алла атауына көптік жалғауы-

ның  жалғануы.  Нақтырақ  айтқанда,  Абайдың 

отыз  сегізінші  қара  сөзі  деп  аталып  жүрген 

шығармасында Абай Алла тағаланы танымақтық 

оның көркем есімдері мен сипаттары арқылы бо-

латындығын  аңғарта  келе  араб  тіліндегі  «Əмəнту 

биллаһи  кəма  һуə  би  əсмəəиһи  уа  сифатиһи» 

яғни, «Мен Аллаға оның көркем есімдері мен си-



паттарында  баян  етілгендей  етіп  оны  танып, 

оған  иман  келтірдім», – дегенді  түсіндіргенде 

«...Ол  есім  Аллалар  һəмма  ол  Алла  тағаланың 

фиғыл  ғазимлəрінің  аттары,  олардың  мағына-

сын біл һəм сегіз сифат затиялары не деген сөз, 

кəміл үйрен» [1,187], – дейді. Осында «...Ол есім 

Аллалар...» – деп,  Алла  сөзіне  көптік  жалғауын 

жалғайды.  Əрине  бұл  Құран  дүниетанымы 

бойынша  мүлде  қабылданбайтын  мəселе.  Араб 

əріптерімен  жазылған  Мүрсейіт  қолжазбасында 

да: «

رﻻ ﷲا ﻢﺳا لوا», яғни «Ол есім Аллалар» үлгісін-



де кездеседі екен. Сондықтан мұны баспа тарапы-

нан  жіберілген  яки  текстологиялық  кемшілік 

дей алмадық.  

Егер біз Абай сөз етіп отырған имандылыққа 

қатысты  айтқан  мəселесіне  үңілсек,  ақынның 

араб  тіліндегі  «Əмəнту  биллаһи  кəма  һуə  би 



əсмəəиһи  уа  сифатиһи»  тіркесінің  қазақша  ба-

ламасын айтып жатпай-ақ, «...би əсмəəиһи яғни, 

есімдерімен» дегенді «...Ол есім Аллалар...» деп 

түсіндіріп,  яғни, «ол  есім  Алланың  аттары, 

көркем  есімдері»  деген мағынаны  бір  ауыз  сөз-

бен  жеткізіп,  Алланың  көркем  есімдерінің  қай-

сысын  айтсаң  да  бір  Алланы  меңзеген  боласың 

дегенін  аңғарамыз.  Абай  «...Ол  есім  Аллалар...» 

деуі  арқылы  бұрын-соңды  болмаған  тіркесті 

қолданады.  Ақынның  Құран  дүниетанымына 

жат  мұндай  үлгіні  қолдануы  сол  кездегі  қара-

пайым халыққа түсінікті болсын деген мақсатта 

айтқан  болу  керек  деген  жорамал  жасаймыз. 

Бұған ақынның өз шығармаларында имандылық 

жайын  сөз  еткенде  ең  алдымен,  Алла  тағаланы 

дұрыс  танып-білуге,  оған  жасалатын  тағат-құл-

шылықтың  дұрыс  болуын,  сөз  бен  іс  арасында 

алшақтықтың  болмауын  басты  тақырып  етіп 

көтеретіндігі  дəлел.  Абай  өз  өлеңдерінің  бірін-

де:  «Алла  деген  сөз  жеңіл, // Аллаға  ауыз  қол 



емес // Ынталы жүрек, шын көңіл, // Өзгесі хаққа 

жол емес...», – деуі де осының бір айғағы болса 

керек. Қорыта айтқанда, Абай тілінде Алла сөзі 



«Тəңір»,  «Құдай»  сөздерімен  синонимдік  қатар 

түзіп  қолданылса,  екіншіден,  оған  көптік  жал-

ғауы жалғану арқылы да бір рет қолданыс тапқан. 

Мұның  алғашқысын  яғни,  Алла  сөзін  «Тəңір», 

«Құдай» сөздерімен синоним ретінде қолдануды 

Абай  өзіне  дейінгілерден  алған  деген  пікірді 

қолдасақ,  екінші  Алла  сөзіне  көптік  жалғауын 

жалғап «Алла + лар» деп қолдануы ақынның өзі 

тапқан  тəсіл.  Негізі  бұл  тəсіл  Құран  тіліне 

түбегейлі  жат.  Бұл  тəсіл  Құран  тілінің,  қазіргі 

классикалық араб тілінің грамматикалық ереже-

қағидаларына  қайшы  болғанымен,  Абай  айтқан 

ойдың  Құран  дүниетанымына  еш  қайшылығы 

жоқ. Себебі, Абай Алла сөзіне көптік жалғауын 

жалғау  арқылы  жаратқанды  бірден  көп  деп 

тануға  емес,  керісінше  «...Ол  есім  Аллалар...»  – 

деп  ең  көркем  есімдер  тек  Аллаға  тəн  дегенді 

ұқтырады.  Сондықтан  мұсылман  адам  дұға-

тілек  жасағанда  сол  есімдердің  қай  қайсысын 

атаса да бір Алланы меңзеген болады. Бірақ бұл 

атаулардың  мəн-мағынасын  біл,  Алланың  сегіз 

затия сипатының не екендігін кəміл үйрен дейді. 

Осылайша  Абай  Алланы  оның  көркем  есімдері 

мен  сипаттары  арқылы  саналы  түрде  дұрыс 

тануға шақырады. Бұл айтылғандар Құран ұста-

нымдарына  еш  қайшы  келмейді,  керісінше 

құпталады.  

Орайы  келгенде  айта  кететін  жайттың  тағы 

бірі, Абай Алла сөзін Алла тағала, Алла табарака 


14                                                                                                                        Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

уа  тағала  үлгісінде  сондай-ақ  кейде  осы  сөзге 

синоним ретінде құдай сөзін пайдаланып: Құдай 



тағала,  Құдай  табарака  уа  тағала  деген 

тіркестерді  құрап  пайдаланған.  Осындағы  тағала 

сөзі  арабша  таъала [ 

ﱃﺎﻌﺗ ] сөзі екені анық. Бұл 

сөздің қазақша ұғымы аса жоғары, ұлы мəрте-

белі  дегенді  білдіреді.  Біз  Абай  тілі  сөздігіне 

үңілгенде: «Тағала: алла тағала (63)...», ал «құдай 

тағала – жаратушы  құдірет (33)» [5,479], деп 

Абай  шығармаларындағы  саны  көрсетілген  екен. 

Дегенмен,  өз  бетімізше  қайта  санақ  жүргізіп, 

қарағанымызда  Абай  қара  сөздерінде  Алла  та-



ғала  үлгісіндегі  тіркес  33  рет,  ал  Құдай  тағала 

үлгісінде 36 рет,  сондай-ақ  Алла  табарака  уа 



тағала  үлгісінде 3 рет,  Құдай  табарака  уа 

тағала  үлгісінде  де 3 рет  кездесетіндігін  анық-

тадық.  Қалай  десек  те,  Абай  тілінде  Алла  сөзі 

жай  ғана  айтылып  қоймай,  жаратқанға  ізеттілік 

пен  оған  деген  құрметті  аңғартатын  тағала 

сөзімен  қоса  берілгені  дау  туғызбайды.  Бұл  сөз 

жоғарыда  саны  көрсетілгендей  құдай  тағала 

үлгісінде де аз қолданылмаған. Осы тіркестерді 

қазақшалағанда  аса  жоғары,  ұлы  мəртебелі 



Алла  деген  мағынадағы  сөз  тіркесі  шығады. 

Жалпы мұсылман жұртшылығы Алланы осылай 

дəріптеуді Құран аяттарына негіздейді. Құранда 

тағала  сөзі 14 рет  қайталанады  екен [16].  Жа-

ратқанның  осы  Алла  атауынан  кейінгі  кезекті 

алатын Рахман арабша [ 

 ُﻦَْﲪﱠﺮﻟَا ] «əр-Рахман» жəне 



Рахим арабша [ 

 ُﻢﻴِﺣﱠﺮﻟَا ] «əр-Рахим» деген есімдер. 

Бұл екі есім де араб тіліндегі  «

 

 ُﻪ ِﲪر



 

 ًﺎ ْﲪُرَو ًﺎ ْﲪَر  ُﻪ َﲪْﺮﻳ



  ًﺔ َﲪْﺮَﻣَو  ًﺔَْﲪَرَو» (мейірімділік, қамқорлық етті) деген 

мағынаны  білдіретін  етістіктен  өрбиді.  Нақтырақ 

айтқанда,  «əр-Рахман»  

 ُﻦَْﲪﱠﺮﻟَا ] (аса қамқор, өте 

мейірімді)  жəне  «əр-Рахим» [ 

ﻴ ِﺣﱠﺮﻟَا

 ُﻢ  ] (ерекше 

Мейірімді,  Рақымды)  сөздері  рақымшылық, 

мейірімділік,  қамқорлық  ету  мағынасындағы 

«əр-Рахмəту» [ 

 ُﺔَْﲪﱠﺮﻟَا ] сөзінен  туындаған  араб 

тіліндегі  асыртпалы,  күшейтпелі  шырай  бола-

тын сөздер. Рахман сөзі Рахим сөзінен күштірек 

əрі  мағынасы  ауқымды  атау.  Бұл  атау  Құран 

дүниетанымы бойынша Алланың осы дүниедегі 

мейірімі  мен  қамқорлығының  жалпылығын  аң-

ғартады. Құранда: (Уа, Мұхаммед! Сен) Оларға: 

«Алла»  деп  дұға  жасаңдар,  яки  «Рахман»  деп 

дұға жасаңдар...» деп айт» [13, Исра, 110-аят], – 

деп  бұйыруы  да  Рахман  сөзінің  мағынасының 

жалпылығының дəлелі. Бұл есім тек Аллаға ғана 

лайық  ат  екендігі  айтылады.  Ал  Рахим  сөзінің 

ауқымы тар, мағынасы шектеулі, сондықтан бұл 

сөз  қазақ  тіліне  ерекше  мейірімді  деп  аудары-

лады.  Түйіндеп  айтқанда,  Алланың  «Рахман» 

есімі  барша  жаратылыс  атаулыға  бiрдей  рақым 

етудi аңғартса, «Рахим» атауы тек мүмiн-мұсыл-

мандарға  ғана  мейiрiм  ететiнiн  бiлдiредi.  Бұл 

айтылғанға  Құрандағы: «Ол  мүмiндерге  мейi-

рiмдi» [13, Ахзаб, 43-аят], – деген  аят  дəлел 

бола алады.

 

 

Алланың өте мейірімді, аса қамқор деген ма-



ғынадағы  «əр-Рахман»  есімі  Құран  аяттарында 

57  рет  қайталады [4,466]. Тіпті,  Құранда  «Əр-



Рахман»  деп  аталатын 78 аяттан  тұратын  сүре 

де  бар. Ал  енді  өте  рақымды, ерекше  мейірімді 

деген мағынадағы «əр-Рахим» атауы Құранда əл 

артиклімен 34 рет,  əл  артиклінсіз 61 рет,  сон-

дай-ақ табыс септігінде «Рахиимəн» [

 ًﺎﻤﻴﺣر ] үлгі-

сінде 20 рет,  жалпы  бəрін  қоса  санағанда 115 

рет  қайталанады  екен [4,465]. Бұл  екі  есім  де 

Құран  дүниетанымында  Алланың  ең  негізгі 

көркем есімдері саналады. Алланың осы Рахман 

жəне Рахим  атты  көркем  есімдері  Абай  шығар-

маларында  бір-екі  жерде  сол  Құрандағыдай 

арабша  қалпында  кездессе,  енді  бірде  сөздің 

түбірі  саналатын  «əр-Рахмəту» [ 

 ُﺔَْﲪﱠﺮﻟَا ] (Рахмат, 

рахмет  яғни,  рақмет),  сондай-ақ  Рақым,  рақым-

дылық  үлгісінде  көрініс  табады.  Мысалы,  Абай: 

«Алланың рахматын // Жар тұтып əрнеге, // Əр 

Рахман ол атын Үйреткен жүмлеге» –десе, енді 

бірде:  «...Зар  қылып  тілеймін // Рахметін 



Алланың, // Елжіреп  жылаймын, // Көңілін  аш 

пенденің // Сыйхатын  қалқама, // Бере  гөр,  я, 

Рахим! // Тілегім – бұл  ғана,  Қайғымды  қыл 

шағын...», – дейді.  Міне,  осы  өлең  жолдарында 

Алланың  Рахман  жəне  Рахим  есімдері  арабша 

аталады.  Абайдың: «Əр  Рахман  ол  атын 

Үйреткен  жүмлеге»  деген  өлең  жолдарының 

діни  астары  бар.  Себебі,  Мұхаммед  пайғамбар-

дың  хадистердің  бірінде:  «Алла  тағала 

мейірімділікті жүз бөлікке бөлді. Сөйтіп, оның 

тоқсан  тоғыз  бөлігін  өзінде  ұстап  қалып,  тек 

бір  бөлігін  ғана  жер  бетіне  түсірді.  Осы  жер 

бетіне  түсірілген  бөліктің  шарапатынан  барша 

жаратылыс  иесі  бірі-біріне  мейірімділік  етеді. 

Тіпті,  жануар  да  өз  төліне  зияны  тимесін  деп 

тұяғын  мұқияттап  көтереді»  [Хадис:  Муслим], 

  деп  баяндайды.  Дəл  осы  мəтінге  жақын  тағы 

бір  хадис  нұсқасында:  «Расында  Алла  тағала 

жүз  мейірімділікке  ие.  Оның  бір  бөлігін  ғана 

жындар  мен  адамзатқа,  жан-жануарлар  мен 

шыбын-шіркейлерге  түсірді.  Міне,  сондықтан 

олар осы бір бөлік бойынша бірі-біріне сүйіспен-

шілік, мейірімділік танытады. Бірі-біріне рақым-

шылдық,  жанашырлық  етеді.  Осы  (жерге  түсі-

рілген)  бір  ғана  бөлік  бойынша  жыртқыштың 



өзі  баласына  мейірімін  төгіп,  сүйіспеншілікпен 

қарайды.  Ал  мейірімділіктің,  рақымдылықтың 

тоқсан  тоғыз  бөлігін  Алла  өзінде  алып  қалған. 

Онымен  Қиямет  күні  пенделеріне  рақымшылық 

етеді»  [Хадис:  Муслим], –  деп  түсіндіреді. 

Абай ақынның «Əр Рахман ол атын // Үйреткен 



жүмлеге»  деген  өлең  жолдары  осы  пайғамбар 

хадистеріне  негізделсе  керек.  Себебі,  осындағы 



«жүмлеге»  деген  сөз  араб  сөзі  қазақша  аудар-

ғанда  «баршаға,  бүкіл  жаратылыс  атаулыға» 

деген  мағынаны  білдіреді.  Осылайша  Абай 


Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                          15 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет