Абайдың өлеңдерінде арнау-жырлау түрімен
келетін жырлар аз емес. Бұл – нағыз адамға
тірілей сезім берерлік қас лириканың өзі. Тек өз
қара басы түгіл, жансыз нəрсеге де арнап,
сонымен сөйлесіп, соған жүрегін ашып, сырын
ақтарып бірлеседі. Сонда Абай жырды түйдек-
теп төгіп тастап отырады. Қуандырса, қуандыра
біледі. Жылатса, қайғыландырса, қайғыландыра
да біледі.
Абай поэзиясының көрнектеу заңдары (идео-
логиясы) осы қалыпта.
ДАУЫС ЫРҒАҒЫ ТУРАЛЫ
Дауыс ырғақтары өлеңінің образдарына қуат
беріп, жандандырып отырады. Абайдың кейбір
өлең тармағының бастары ыңғай бір дыбыспен
басталып, дыбыс қуалап отыруы (аллетирация)
орын алған. Ақын алған тақырыбын түсінікті
етіп, образды, пернелі түрде беріп, оқығанда
ертіп, еліртіп отырады.
Абайдың «Патша Құдай, сыйындым» деген
өлеңінде 6 жол «С» дыбысымен басталып, ды-
быс қуалап отырып одан əрі аяқтамай бұзылып
қалады.
Самороданы сары алтын
Саудасыз берсең алмайды
Саудыраған жезіне.
Саудырсыз сары қамқаны
Садаға кеткір сұрайды
Самарқанның бөзіне
, –
дегенде бірыңғай «с» дыбысымен басталған.
«Ақылбайға» деген өлеңін де 4 жол «С» дыбы-
сымен басталып барып қалып қояды. «Қайғы
шығар ілімнен» деген өлеңінде мұнда да 4 жол
«т» дыбысымен басталып барып бəрі де жо-
ғалған. Ең соңғы «Оспанға» деген өлеңінде 16
жол. Соның бəрі де «ж» дыбысымен басталып
аяқтап шығады. Кейбір тармағында жол бойын
қуалап кетіп те отырған.
Жайнаған туың жығылмай,
Жасқанып жаудан ығылмай,
Жасаулы жаудан бұрылмай,
Жау жүрек жомарт құбылмай
, –
деген сияқты ыңғай «ж»-мен басталып, өлеңнің
дауыс ырғағын күшейтіп отырады. Бұған дейін-
гі жазылған өлеңдерінің ішінде 3-4 тармақтың
басы дыбыс қуалап барып жазылып кетпеуі
жоғарғы «Оспанға» деген өлеңінің аллетирация-
сына дейінгі даму жолын қайталай көрсетеді.
Екінші – Абайда дыбыс əр түрлі. Кейде
өлеңнің аяғына да ауысып отырады (эпифора).
«Тоты құс түсті көбелек» деген өлеңінде 12 жол
бойы дыбыс қайталақтап отырып, бірдей тұтас
ұйқасып шығады.
Əр кімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек,
Заманға жаман күйлемек,
Заман оны билемек
.
Міне, осы сияқты барлығы да «к» дыбысына
тынып отырады. Оның бер жағында дыбыс
ырғағын күштірек естіртіп тұрған:
«мек»
«мек»
«мек»
«мек»
деген буындар. Онан кейін бір дыбыс қайталақ-
тау бір ыңғай басқы жолға ауысып отырған
(анафора)
ҚҰЛАҒынАН өтеді.
ҚҰР айҒАй салған əндері.
Əрбір дыбыстар өзінің орнын тауып қайта-
дан жолдың басына көшкен. Мұндағы «Л», «Р»
екеуі де ымыралы дыбыстар. Естілгенде соңғы
дауысты дыбыстың ықпалына еріп бірдей шы-
ғып отыр.
Абайда дыбыс қайталақтаудың үшінші түрі
бірінші жолдың аяғында келіп, екінші жолдың
басында келіп отырады (стык).
«Айналадағы үшеуін таратып БАқ
БАсты байла жолына малың түгіл».
«ОЙ көзімен ҚАрасаҢ
ҚойдАН жылқы асыл ма?»
Мұндағы жоғарғы көрсетілген дыбыс қайта-
лауы емес. Бұл – оқуға өте жеңіл келтіретін
жұмсақ түрі. Шыр айналып, дөңгеленіп отыра-
ды. Дыбыс қайталаудың бұл түрі өте майда.
Жалғыз бұл түрі емес. Дыбыс қайталақтау түрін
жіктегенде, бір тармақтың басынан да, аяғынан
да қатарласа келгенін кездестіреміз.
СопЫСЫНсып, ҚАҚ десін ҚАҚты
ЫСЫН ҰмытСЫН.
ҚАҚ.
қақ.
ЫСЫН
.
Мұнда 7 дыбыс қайталақтап екі реттен кел-
ген. Əрине, бұл өлеңнің айтылуына, ырғағына
өте көп жеңілдік беріп отыр. Дыбыс үшін бір
тармақта бір үндес дыбыстарды жинаған болмау
керек. Сөз ырғағы толқындап, сөз арасының
соқпаларын көтеріп, төмен түсірмей, майдала-
тып, жоғарылатып отырады. Ақын шығармасы-
ның сөздегі дыбысын зерттеуде бір үлкен
саласы – мол дыбыстың естілуі. Ақындар сол
естілуі бойынша жазып отырған түрлі жара-
тылыс құбылыстарының үндеріне, дыбыстары-
30 Абай институтының хабаршысы. № 4 (10). 2011
на қарай əріптерінің ішінен дыбыстары сəйкес
келгендерін алып еліктеу жазушылық та бар.
Абайдың «Күз» деген өлеңінің дыбыстары
жаратылыстың кей бір құбылыстарын келтіріп
тұрады. Күздің қоңыр салқын желінің ысқырып,
ызыңдағанына, дамыл алмай құбылып тұратын-
дығын, Абайға бір жағынан дыбыс естілуінен
көрсетілген. «С» қосымша «З» дыбыста, əсіресе,
жоғарғы екеуі желдің ысқырып, ызыңдап тұрға-
нын дыбыс еліктеуінен анықтап тұр. Абайдың
«Күзді» жазғанда «с», «з» дыбыстары келуінің
өзі де кездейсоқ емес.
«Күзде» небары 24 жол бар. Сол жолдарда
38 «с», 8 «з» дыбысы бар. Ең ішіндегі асып түс-
кен осы дыбыстар.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан
.
Бұл екі тармақта 6 «с» бір «з» дыбыс бар.
Бұл дыбыстардың бəрі бір жерге жиналуы сол
жазылып отырған жаратылыс құбылысының
дыбысынан алынған.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
–
з, з,
Тұман болар жел соқса шаң тозаңы,
–
с, с, з,
От жақпаған үйінің сұры қашып. –с,
Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы – с, з, с, з.
Z (2+1+2) + (2+1– ) S= Z– 5 + S = 10
Мұндайда «ө», «з» дыбыстары тармақтанып,
ұшын кең жайып алған. Күздің кейпін көрсетуде
оның негізгі сипаты – дауыл, қара суық болса,
олардың ысқырған дыбыстарын «с» дыбыстары-
ның естілуімен барып жалғыз бұл емес, Абай-
дың басқа өлеңдерінде де бар.
Абайдың «Өзгеге көңлім тоярсың» деген
өлеңі өте жабығып, зарланып, тарығып, қысы-
лып жазылған өлең. Күңіреніп, жүрегі толып
сарнаған дауысты «н», «м», «ң» дыбыстары
берген. Бұл өлеңнің аяғы бірыңғай «н»-мен
тынып, сарнап, ыңылдап отырған күйді толық
естіртіп отыр.
Жүрегіңмен тыңдамай, – н, м, н, ң, м
Құлағыңмен қармарсың – ң, м, н, м, ң
Соны көріп соларға, – н
Қайтып қана сарнарсың? – н, н, ң
Ң – 3, м– 4, Н– 7-14.
Бұл шумақта 12 cөзге 14 дыбыс келуі аз емес.
Бұл ақынның сарнаған сарынын, күңіренген
күйін, ызың қағып қапаста отырғанын көрсе-
теді. Сол зарлап жазған Абай дауысты жоғарғы
көрсетілген дыбыстардан естіліп тұр. Бұл өлең-
дегі дыбыстан жинақтап қорытқанда, мынадай
болып шығады:
Шумақтар м
н
ң
а
қ
ж
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
1
3
0
4
0
3
1
2
4
2
4
1
4
6
6
10
5
6
7
9
3
7
5
7
5
4
2
1
1
1
0
0
13
4
3
2
2
5
0
6
13
13
9
9
7
ІІі
9
12
9
8
14
10
3
3
4
2
4
1
0
1
4
3
1
6
2
0
2
0
7
3
0
0
2
1
1
2
0
2
29
80 34 130 40 14
Міне, бұл цифрға қарағанда, «н», «м», «н»
үшеуін бір қосқанда, 187 дыбыс болып, бəрінен
асып шықты. Барлық жолы 54. Əрбір жолда 2,5
ызың дыбыстан келеді. Бұл жабайы есеп бізге
енді толық есеп берді. Абайдың бұл өлеңінен
басқа да күңіреніп, сарнаған дауысы осы
ымырасыз дыбыстар «Қор болды жаным», тағы
басқа өлеңдер арқылы өте көп берген. Бұл
дыбыстардың өзінің естілуі сол сарынға жақын.
Көбіне соны естіріп отырады. Міне, Абайдың
дыбыс ырғағы, естілуі осы іретте.
Енді біз азғантай поэзиясының түс бойына
тоқталып өтейік.
Поэзияда айқын, жарық, сұрғылт, қоңыр түс
бояуы болуы мүмкін.
Жарық бояу түс пен кең дауысты дыбыс «о»,
«а»-мен бірге қосылып кетіп «қ» түсті беруі
заңды нəрсе.
Абайдың «Қыс» деген өлеңінде ақ қардың
түсін анық көрсетіп береді.
Ақ киімді денелі ақ сақалды – а, а, а.
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды – о, а, а, а, а
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық – а, а, а, а
Басқан жері сықырлап келіп қалды – а, а, а, а.
Бұл жол өлеңде 15 «а», 1 «о» дыбысы бар.
Бұлардың бəрі де сол қыстың ақ түсін бояуын
көрсетуге жұмсалған, лайықтап қорытылған
дыбыстар. Бұл өлеңнің бəрі де кең дыбыстармен
басталып, кең дыбыстармен аяқталған.
Абайдың қазақ дауысын тексергенде мы-
салға алған «Өзгеге көңілім тоярсың» деген
өлеңінің түс бояуы қоңырланып тұр. «Н», «м»
ымырасыз дыбыстар зардың күңіренген, сарын-
ның үнін берумен қатар қоңыр түс беріп, түне-
ріңкіреп тұр. Ол, əрине, Абайдың идеясына ба-
ғынған дыбыс, түс, образдар. Оларды Абай идея-
сынан айырып алуға ешқашан да болмайды.
Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деген
өлеңі өз алдына түс бояу беріп тұр.
Абай институтының хабаршысы. № 4 (10). 2011 31
Адам біреуді жек көргенде де бет құбылысқа
өз алдына жыбыр пайда болады. Беттің сала-
салалары тырысып, тартылып, ерні жыбырлап
өзгеше дыбыс шығарады. Сол еріндік қатаң
дыбыстар сезімге нысана беріп, жек көрініштік
ызаланған күйде түс бояуын туғызуы мүмкін.
Мысалы «с» дыбысы ысқырық үндерін ыза, жек
көруінің түстерін көрсетуі заңды нəрсе.
Сабырсыз, арсыз, еріншек, = 3с
Көрсе қызар, жалмауыз, = 1 с
Сорлы қазақ сол үшін, – 2c
Алты бақан, ала ауыз.
Міне, мұнда 5 «c» бар. Бəрі де сұрғылт
тартып, көгелдірленіп, беті ашылып, айқындал-
май, ыза кернеп тұрған түсті беріп тұр. «С» пе-
нен ысқырып, жек көріп, ақын баяғы қапасында
жүр.
Абай – ірі жыршыл, лирик ақын. Абайдың
лирикасы тасыған бұлақтай сырғып, оқығанда
сылдырлап еліктіріп, ертіп, тартып, желпілдетіп
отырады. Өлеңнің кестесі тармақтанып, жайыл-
май жұмырланып, дөңгеленіп отырады. Ірі
кестелі лирика болуға барлық салаларын өзінің
идеясына бағындырған. Негізгі нысанасынан
асып кете алмайды.
Абай өз дəуірінен алынған мазмұннан түр
туғызып отырды. Түр туғызып, түр жасауда
Абай үлкен шеберлігін көрсетеді. Сонымен
қатар, Абайдың түрін еліктеп, ойламай, үстірт
қолдана қоюға болмайды.
Абай түрін қорытып, қайта жасап, жазуды
өнерге лайықтап пайдалану керек. Ахмет Абай-
дың «Сегіз аяқ» түрін алғанда, өзінің ұлтшыл-
дық тілегіне, оның сары уайым сары күйіне
бағындырып пайдаланды. «Жыйған-тергенінде»
сол сарынға Абайдың ізін алып, өзінің идеясын
берді. Əрине, Ахмет өзінің таптық тілегіне
икемдеп пайдаланды.
Бізде Абайдың түрін қолданушылық бар,
бірақ теріс қолданған. Сол дəуірдің мазмұнынан
шыққан түрді əкеліп үстірт ала салып, жаңа
мазмұнды жапсыра салуға бола ма? Жоқ.
Қазіргі қазақ ақындарының ірі мəстір жазу-
шымыз Бейімбет «Сегіз аяқтың» өлшеуін алып,
«Жаңартты қазір жырды ауыл» деген өлең
жазды (1929 жыл).
«Сегіз аяқ» – Абайдың жүрегінен шыққан
ызалы, қайғылы күй. Ол күй белгілі бір қоғам-
дық мəн беретіндігін, ол күй сол қоғам орта-
сының жемісі екендігін көреміз.
Жаяуы қапты,
Аттысы шапты,
Қайрылып сөзді кім ұқсын?
Іште дерт қалың,
Ауыздан жалын
Бырт етіп көзден жас шықсын.
Күйдірген соң шыдамай,
Қояды ма екен жылатпай?!
Өлеңнің барлық кестесі, өлшеуі, ырғақ күйі
сол күйікшілдік идеясына бағынған. Бейімбет-
тің коллектив тақырыбына, жаңа өмірді құттық-
тап, қуанышпен қарсы алған күйі «Сегіз аяқ-
тың» сарынды, қайғылы күй-ырғақты кестесі-
мен жазылуға тиіс пе еді? Жоқ, тиіс емес еді!
Бұл жаңа күйге салынған соң, қуанышты күй
емес, не жылаған сарын емес. Абайдың ойып
кеткен оюына Бейімбеттің апарып тіге салған
кестесі болып шықты.
Зауыт бұрқ-бұрқ,
Мəшіне зырқ-зырқ
Көсемі күшті жұмыскер.
Ескі өмір кезіп,
Жаңалық озып
Істеліп жатыр ұлы істер.
Жаңа өмірді құрды ол,
Жаңарды жер-жерде ауыл.
Міне, жаңа өмірдің, жаңа істің толқынын
суреттейтін жаңа жыр Абайдың ескі оюына
оранып, тығылып, жан таласып, шыға алмай
тұр. Оюы мөлшеріне тар келген. Мазмұн босаң-
ғысы келіп лықылдап, шырмалып шыға алмай
тұр. Түр мен мазмұн екі айырылып, қабыспай
тұр. Бейімбет үстірт, қалай-болса солай қолдана
салған. Əрбір түрдің өзінің мазмұны бар. Əрбір
мазмұнның өзіне сəйкес түрі бар екенін түсін-
беген. «Сегіз аяқтың» өрнегі, құрылысы өте бай
жəне шебер келген. Абайдың өлең түрін қоры-
тып, қайта жасап қана пайдалану керек.
Оның түрді-түрдің кестелерін, образдарын
өзінің идеясына бағындырып, алған тақырыбын
өрнектеп беретіндігінен үйрену керек. Өлеңнің
ырғағы, сөз екпіндері, сыртқы құрылысы мағы-
насыз, қалай болса солай қолдана салатын нəрсе
емес. Онда да мағына, онда да идея, пікір бар.
Абая сияқты классик-мастер, шебер, шешен,
ұста ақындар өз дəуірін қалай суреттеді, қалай
көрсетті, соны көрсетуде тілді қалай жұмсады,
қалай пайдаланды – міне, осы шеберлік жағы-
нан үйреніп дəуірімізді, отанымызды осылай
суреттей білу керек. Əрине, Абайда кемшілік
жоқ емес, төрт аяғын тең басқан ақын деуге бол-
майды. Əрбір көркемділік, жақсылықтың өзінің
кемшілігі болады. Кемшіліксіз болмақ емес.
Абайдың негізгі бір кемшілігі көп өлеңінің
ырғағы əнге келмейді. Жорғаламайды. Кейде
сүрініп қалып отырады. Сүрінгенде тармақ,
буындары бірінен-бірі асып, жалпы ырғақтың
кестесін бұзбайды, бунақ арасындағы буындары
ауысып, жолдың соқпа-соқпа арасын ушық-
тырып отырады.
32 Абай институтының хабаршысы. № 4 (10). 2011
Бөтен сөзбен былғанса, сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бейшарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз тыңдамас бір парасы.
Мұнда сыдыртып оқып келгеніңде, бір жерін-
де кідіріп қана қаласың. Əнге салып, даусыңды
шығарып, ызыңдап оқысаң, 4-тармақтың аяғын-
да тұтығып, өз денеңді өзің жұтып қаласың. 1-бу -
нақтары 4 буыннан, 2-бунақтары 3 буыннан,
4-бунақтары 4 буыннан келеді де ең ақырғы
4-жолда бірінші бунақ 3 буын, екінші бунақ
4 буын болып ауысып келеді. Сөздің соқпалары
бұзылып, ырғақты бұзып жіберген.
«Сөз тыңдамас бұ жұрттың бір парасы»
десе, еш бір тұтықпасы жоқ. Майдаланып ке-
теді. Міне, Абайда осы жағынан кемшілік бар.
Біздің соңғы жас ақындардың өлеңінің көбі əнге
келмейтіні сол, ырғақ кестесі бұзылып, бунақ-
тың буындары ауысып кеткені. Біздің қазақ
өлеңдерінің ырғақ – кесте негізі – метрлік
өлшеу. Метрлік өлшеудің түпкі қазығы – əн-
детіп айтуда. Біздің бұрынғы жырлау, ақындар-
дың шығарған өлеңдерінің бəрі əндетіп, əнге
салынып жүрді. Оның бəрі біздің қазақ өлеңінің
негізгі метрлік өлшеу екендігін дəлелдейді.
Олай болса біз ол негізді əлі бұзғамыз жоқ.
Əзірше сол негізбен келеміз.
Екінші – Абай өлең жазғанда көп түзетпей,
қалай боса солай жазып тастай берген. Кейбір
өлеңдері тіптен аяқталмай басталып қалып
қойған. Міне, осы жағын ескеру керек. Біздің
жас ақындар өлеңге салақ қарамай, көп еңбек
еткен жағынан үйрену керек.
Үшінші – Абайдың өлеңдерінің ішінде
жалаң, құрғақ суреті жоқ үгіттер де кездеседі.
Нағыз суретті, лирикалы өлеңдеріндей дамып
отырып шықпайды. Жалаң, құрғақ-үгіт түрінде
келеді.
Міне, Абайдың негізгі кемшілігі – осылар.
Абай – қазақ поэзиясының атасы. Шебер,
шешен, ұста, классик ақын. Оның түрінен үйре-
ну керек. Оның поэзиясының барлық түрін зерт-
теу керек. Бетін ашып, көпшілік алдына тарту
керек.
Əдебиет майданы. – 1934. – № 11-12. – 97-115 б.
Қазіргі қаріпке түсіріп,
«Абай институтының хабаршысына»
дайындағандар:
ф.ғ.к,. доцент Ж.Мəмбетов,
ізденуші Б.Қалабаева
Ж.Смағұлов
АБАЙТАНУ ƏЛИХАННАН БАСТАЛАДЫ
Аннотация. Мақалада қарастырылатын мəселелер. «Қазақ өлкесі» жəне А.Н.Седельниковтың
зерттеулері. Ə.Бөкейхановтың абайтану ғылымына қосқан үлесі. География қоғамы:
А.Құнанбаев, Михаэлис жəне Ə.Бөкейханов байланыстары.
Тірек сөздер:Абай, Ə.Бөкейханов, абайтану.
Ж.Смагулов
АБАЕВЕДЕНИЕ НАЧИНАЕТСЯ С АЛИХАНА
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. «Киргизский край» и исследования
А.Н.Седельникова. Вклад А.Бокейханова в абаеведение. Географическое общество:
А.Кунанбаев, Михаэлис, А.Бокейханов.
Ключевые слова: Абай, А.Бокейханов, абаеведение.
Zh.Smagulov
ABAI STUDY BEGINS WITH ALIKHAN
Abstract. The issues dealt in this article. "The Kyrgyz territory" and studies оf A.N.Sedelnikov.
Contribution of A.Bokeyhanov to the Abai study. Geographical Society:
A.Kunanbaev, Michaelis, A.Bokeyhanov.
Keywords: Аbai, A.Bokeyhanov, Abai study
1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біз-
дің Отанымыздың толық географиялық сипатта-
масы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы
қазақ халқының тарихына арналып, «Киргиский
край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты. Осы
томның «Халқы» деп аталатын бөлімінің «Қазақ
өлкесінің тарихи тағдыры жəне оның мəдени
жетістіктері» деген ІV тарауын жазғандар -
Ə.Бөкейханов, А.Н.Седельников, С.Д.Чазовтар
деп көрсетілген. Ал «Қазақ өлкесінің терри-
тория бойынша орналасу тəртібі жəне оның
этнографияалық құрамы, тұрмысы мен мəде-
ниеті» деген V тарау авторы – А.Н.Седельников.
Бұл еңбектердің этнография, тарих, география
жəне т.б. ғылымдарымен қатар, ұлттық əдебиет-
тану ғылымында да алатын орны зор. Əсіресе
Абай институтының хабаршысы. № 4 (10). 2011 33
V тарауда қазақ халқының мəдениеті мен өнері,
əдебиеті сол кездегі таным-білік деңгейінде сөз
бола келіп, ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір
əдеби мұраны ең алғаш рет ауыз əдебиеті жəне
жазба əдебиеті деп бөледі. Ауыз əдебиетінен
көптеген халық жырларының аты аталып,
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырына тарихи жəне
əдеби сипаттама жасалған. Жазба əдебиет өкіл-
дерінен Ноғайбай, Шортанбай жəне т.б. ақын-
дарды атап, Абайға арнайы тоқталынып, ол
«қазақ əдебиетіндегі соны бағыттағы жаңа
əдебиетінің көш басшысы» деп бағаланады.
«Енді қазақ поэзиясындағы жаңа ағымның өкілі
ретінде Құнанбаевты – формасы жағынан
айрықша жəне мазмұны жағынан (əсіресе таби-
ғатты бейнелеуде) арынды көптеген өлеңдердің
авторы деп атауға болады. Осы автор «Евгений
Онегинді» жəне Лермонтовтың көптеген өлең-
дерін (қазақтарға түсініктілерін) жақсы аударған,
сондықтан да Семей əншілерінің аузынан
«Татьянаның хаты» атты өлеңін тыңдауға бола-
ды», – деген пікірді классикалық мұраны ғылы-
ми тұрғыда игеру жолындағы ұлттық ғылыми-
зерттеушілік ой-көзқараста соны жаңалық, про-
фессор Т.Кəкішевтің сөзімен айтсақ, «Абайдың
көзі тірісінде тұңғыш рет жасалған ғылыми
мəнді қорытынды» [1, 184 б.] деуге болады.
Ұлттық əдебиет тарихын зерттеудегі ізденістің
елеулі бір қадамы екені анық.
Осы жерде бұл томды, оның ішінде жоғары-
дағы тарауларды кім жазды деген сұрақ туын-
дайды. Тарихи деректерге сүйенсек, бұл томдық
Санкт-Петербургте А.Ф.Девриенің баспахана-
сында басылып, оны жазуға Ə.Бөкейхановпен
бірге жоғарыда аталған орыс ғалымдары қатыс-
қан. Кеңес дəуірінде Алаш арыстарының мұра-
ларына тыйым салынған кездегі ғылыми айна-
лымда жоғарыдағы екі тарау авторы орыс ғалы-
мы А.Н.Седельников саналып келді. Тəуелсіздік
алғанымызға дейінгі Ə.Бөкейханов есімін атауға
қарсы талап-тілекке сай бұл томдағы Шортан-
байдың «Зар заманы» жəне Абай туралы мəнді
пікірлерді орыс ғалымы А.Н.Седельниковке
апарып таңып жүрген тұжырым ұлттық əдебиет-
тану ғылымында əлі күнге дейін орын алып
отыр. Еңбектегі ғылыми мəні мол V тарау əлі
күнге осы орыс ғалымының еншісінде жүр.
Көптеген ғылыми еңбектерде сілтеме əлі де
болса осы ғалымға жасалуда. Оған дəлел – бұл
тарау Ə.Бөкейхановтың екі бірдей 1994 жəне
1995 жылы шыққан таңдамалы жинақтарына
енгізілмеген. Соңғы жинақта томдықта орыс
ғалымдарымен бірге жазылды деп көрсетілсе де,
тек «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры жəне оның
мəдени жетістіктері» аталатын ІV тарау ғана
бар. Еуропацентристік көзқарасқа əбден мойын-
сұнып, бізге барлығын орыстар жасап берді деп
өзімізді өзіміз мансұқ етіп келгеніміздің бұл да
бір мысалы.
ХVІІ томдағы қазақ əдебиетінің тарихы,
оның көрнекті өкілі Абай туралы пікірді
А.Н.Седельников жазды дегенде, оның қазақ
фольклоры мен əдебиеті туралы басқа орыс
фольклористермен салыстырғанда жартымды
ештеңе жазбағанын да естен шығардық. Мысалға
В.М.Сидельниковтың «Казахское поэтическое
творчество казахского народа» аталатын биб-
лиогафиялық көрсеткішін қарасақ та жеткілікті.
Əрі-беріден соң осы автор Əлиханның «Қобы-
ланды батыр» жырындағы əйелдер» аталатын
көрнекті мақаласын Ə.Диваевтікі деп көрсетіп
жіберген. Ең құрығанда «Туземец» деген жа-
сырын атымен бергенде оны «ұлтшылсың» деп
ешкім қудаламасы хақ еді. Орыс ғалымының
қазақ даласын зерттеудегі негізгі нысанасы гео-
графиялық жағдайлары, жануарлар мен өсімдік-
тер дүниесі, этнографиясы болған. Ə. Бөкейханов
оны «зерттеуші-ботаник» деп көрсетеді [2, 221
б.]. Бұл пікірді «Қазақ совет энциклопедиясын-
дағы»: «Оңтүстік Алтай өлкесін зерттеуші. Осы
өңірге 12 рет экспедиция ұйымдастырып, көпте-
ген өзен-көлдерді зерттеу нəтижесінде үлкенді-
кішілі 21 ғылыми еңбектері жарық көрді. «Рос-
сия» атты сериялық еңбектердің «Қырғыз (қазақ)
өлкесі» деп аталатын кітабын жазушылардың
бірі» [3, 98 б.], – деп ғана көрсетілген анықтама
дəлелдей түседі. Əзірге қазіргі этнография, фоль-
клортану саласындағы белгілі еңбегі «Қазақ
өлкесінің территория бойынша орналасу тəртібі
жəне оның этникалық құрамы, тұрмысы мен
мəдениеті» деп атап көрсетіліп жүр. Осындай
бір жақты көзқарастың кесірінен де біз даула-
сып отырған тарау атауы «Қазақстан ұлттық
энциклопедиясындағы» Ə. Бөкейханов ғұмырна-
масында да көрсетілмей қалған. Негізінен
алғанда А.Н. Седельников Орыс географиялық
қоғамының Батыс-Сібір бөлімшесінің мүшесі
бола тұра атақты «Щербина экспедициясына»
қатыспаған жəне Семей, Қарқаралы өлкесін зерт-
теді деген де ешбір мəлімет жоқ. Оны 13 том
болып шыққан еңбектің Павлодар уезіне арнал-
ған ІV томына жазған Ф. Щербинаның алғысөзі-
нен байқау қиын емес. «Собирание сведений по
Павлодарскому уезду было произведено во вто-
рой половине 1897 года. Сначало сюда были на-
правлены пять партии, именно: А.Н. Букейханова,
П.А. Васильева, А.А. Боровского, А.Г. Бутков-
ского и П.П. Кондратьева, а затем немного позже
присоединились партии Л.К. Чермака, Н.Ф. Дми-
триева и М.Ф. Гусева», – деп жаза келіп, осы
партиялардың көмекшілері болды деп бірнеше
орыс фамилияларымен қоса Жүсіп Сатыбалдин
деген адамды атайды. Сонан соң: «а регистраро-
рами были Эрежеп Итбаев, П.А.Беляков, Мажит
34 Абай институтының хабаршысы. № 4 (10). 2011
Чумбалов, султан Тлекиев, Кудайкулов, Джас-
маганбетов, Серкебаев, Айманов и Вечеслав», -
деп жазады [2, 123 б.]. Егер «Россия» деп баста-
латын көп сериялы томдықтың «Қазақ өлкесі»
аталатын ХVІІ томы 1903 жылы, ал Ə. Бөкей-
ханов тікелей қатысқан «Щербина экспедиция-
сының» «Материалдары» 1903-1905 жылдары
жарық көрсе, А.Н. Седельников осыншама бай
ғылыми деректерді қай уақытта зерттеп алып
жүр деген күмəн туады. Сондықтан «Əдебиетке,
əсіресе Абайға байланысты пікір осы тарауда
айтылғандықтан Ə.Бөкейхановтың қатынасы
болуы қай дəрежеде екенін аңғаруға тиіспіз» [1,
84 б.] деген профессор Т.Кəкішевтің пікірінде
көп сыр жатыр. Сонымен қатар экспедиция
жұмыстарына жергілікті жердің беделді жəне
сауатты адамдары қатыстырылған болса, онда
Семей уезінің болыстықтарының жері зерттел-
ген уақытта Абайдың бұған ат салыспауы мүлде
түсініксіз болып шығады. Мұрағат ақтарып
тарихи деректерді салыстыра дəлелдеуге өзі-ақ
сұранып тұр.
Біздің ойымызша А.Н.Седельников жазған
деп жүрген «Қазақ өлкесіндегі» V тараудың да
авторы Ə. Бөкейханов болуы керек. Оны мына
дерек дəлелдей түседі. Осы тараудағы Абай
шығармашылығы туралы айтқандағы «Семей
əншілерінің ауызынан «Татьянаның хаты» атты
өлеңін тыңдауға болады» деп жазған пікірін
1905 жылы «Семипалатинский листок» газетін-
дегі «Абай Құнанбаев» (некролог) атты мақала-
сында: «1899 жылы Көкен болысының əнші
қазағы Əділхан бізге «Татьянаның хатын»
скрипкаға қосып орындады. Бізді таң қалдыр-
ғаны «Татьянаны қайдан білесің» дегенде,
Əділхан өзін нұсқап қойып, орыстың өзі сияқты
Пушкин деген ақыны болыпты, ол Татьяна
сұлудың Онегин деген жігітті сүйгенін айтып
хат жазғанын жырлайды. Сол кеште Əділхан
бізге Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңін
əнмен айтып, сонымен қатар Лермонтов өмірге
риза болмаған, ал Пушкин оған данышпанша
қарады деп түсініктеме берді. Осы жолдардың
авторы соңынан Абайдың Пушкин мен Лермон-
товтан аударған өлеңдерін домбырамен қосып
айтқан бірнеше ақындарды кездестірді», – деп
нақтылай түскен болатын. Оның үстіне бұл
орыс ғалымы қазақ тілін жақсы түсініп, сөйлей
білген деген дерек əзірше жоқ. Ендеше оның
алыс ауылдағы қазақ əншісінің не туралы жыр-
лап отырғаны туралы айырықша ынта қойып
тыңдап, ерекше ықылас білдіре қоюы неғайбыл.
Еуропацентристік пиғылдағы орыс ғалымдары-
ның көбі миссионерлік жəне шовинистік көз-
қараста болғаны жасырын емес. Ə. Бөкейханов-
тың басқа да ғылыми еңбектерімен тарихи жəне
стильдік жағынан салыстыра зерттесе көп сыр
ашылатыны анық. Осы кезеңдегі ғылыми баға-
лаушылық мəнде жазылған мақалаларды қарап
отырсақ, жеке ақын-жазушының шығармашы-
лық ерекшелігін ашу арқылы əдебиеттің халық-
тығы, тарихилығы мəселелерін танытуға деген
талап байқалады. Əрине шығармашылық дүние-
танымның көрініс табуы секілді күрделі мəсе-
леге бара қойған жоқ. Бірақ Ə. Бөкейхановтың
жоғарыдағы пікіріндегі Абайды жаңа ағымның
өкілі деген уақытында сыншыл реализмді айтып
отырғанына, ал жанр, түр мен мазмұн мəселе-
лерін сөз етуі, ақын творчествосына əдеби тал-
дау жасауға деген ұмтылысты байқатады. Бұл
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің классикалық
мұраны игеру барысында жалпыдан жалқыға
қарай даму заңдылығына орай нақтылыққа бой
ұра бастағанына айқын мысал. Қысқасы, 23 бет-
тен тұратын бұл тараудағы халықтың орналасу
тəртібі, этнографиясы, тұрмысы туралы жазған
жерлерін А.Н. Седельниковке қалдыру керек те,
əдебиет, мəдениет туралысын Алаш көсемінің
еншісіне қайтару қажет.
Бұл томдағы қазақ əдебиетін, Ұлы Абайды
сөз еткен тарауды Ə.Бөкейханов жазған дегенде
Əлихан мен Абай бірін-бірі білген бе деген не-
гізгі сөз етейік деп отырған мəселе туындайды.
Бұл мəселені шешіп алу – абайтану ғылымы
жəне Ə. Бөкейханов мұрасын зерттеу үшін ғана
емес, ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің
туу, қалыптасу жолын көрсетуде де маңызы бар.
А.Н. Седельников жазсын, Əлихан жазсын,
əйтеуір Абай тұлғасы орыс жұртшылығына тұң-
ғыш рет осы еңбек арқылы танылды ғой деп
«жауырды жаба тоқып» кете беруге енді бол-
майды. Академик Р. Нұрғали Əлихан Бөкейха-
новтың 1905 жылы «Семипалатинский листок»
газетіне жарияланған «А. Құнанбаев» (некролог)
аталатын мақаласын сөз ете келіп: «Шынды-
ғына келгенде, Абай мен Əлиханның жас
айырмасы екі-ақ мүшел, екеуі де бір атыраптан,
Семей губерниясы, Қарқаралы уезінің адам-
дары, сондықтан бұлардың көзі тірісінде ұшы-
расуы, сұхбаттасуы əбден ықтимал, бірақ ондай
сөзді Əлихан жазбайды. Абайдың ұлы Тұрағұл-
мен, ағаларының балалары Шəкерім, Кəкітай-
лармен қалай танысты, қалай достасты, қалай
хат жазысты бұлар туралы анық деректер кел-
тіреді. Қалай дегенде, Əлиханның Абайды,
оның айналасын, шығармаларын өте терең
білгендігін айтылмыш мақаладан анық көреміз»
[4, 61 б. ], – деп жазады. . Бұл тегіннен тегін ай-
тылған пікір емес.
Біздің ойымызша, Əлихан Абаймен көзі тірі-
сінде кездескен жəне пікірлес болған. Оған үш
түрлі дəлеліміз бар. Бірінші. Əлихан 1894 жыл-
дан бастап Орыстың императорлық география
қоғамының Батыс Сібір бөлімінің жұмыстарына
Абай институтының хабаршысы. № 4 (10). 2011 35
Достарыңызбен бөлісу: |