A. Б. Абдуллина мифтік фольклор оқу құралы Ақтөбе, 2014 Пікір жазғандар



бет36/45
Дата14.05.2023
өлшемі1,03 Mb.
#93081
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Байланысты:
A. Б. Абдуллина мифтік фольклор о у ралы А т бе, 2014 Пікір жа

Бақылау сұрақтары:

  1. Эпостың арқауында неліктен мифтік таным өте аз шоғырланған?

  2. Эпоста неліктен хикаялық мифонимдер көптеп кездеседі?

  3. Хикаялық мифонимдердің батырдың қалыптасып, дамуына, жетілуіне қандай әсер береді?

Бақылау сұрақтары:

  1. Эпостың арқауында неліктен мифтік таным өте аз шоғырланған?

  2. Эпоста неліктен хикаялық мифонимдер көптеп кездеседі?

  3. Хикаялық мифонимдер батырдың қалыптасып, дамуына, жетілуіне қандай әсер береді?



§4. ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОРДАҒЫ МИФТІК САРЫНДАР


Мақсаты: Фольклордың ең бір іргелі түрі – ғұрыптық фольклор аясындағы мифтік танымның көрінісін, қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарындағы мифтік көзқарастың қатыстылығын үйрету.
Тірек сөздер: ғұрыптық фольклор, бәдік, сәукеле, босаға, табалдырық, жар-жар, Наурыз.
Жоспары:

  1. Ғұрыптық фольклордың аясындағы мифтік танымның айрықша көрінуі

  2. Отбасылық ғұрып фольклорындағы мифтік таным-түсініктер

  3. Маусымдық ғұрып фольклорындағы түркілік және салғастырмалы негізге сәйкес туындаған мифтік танымдар

  4. Наным-сенімдер ғұрып фольклорындағы ежелгі мифтік таным



4.1 Ғұрыптық фольклор мен мифологияның байланысы. Қазақ фольклоры – адамзат тарихының, мәдениетінің, өркениетінің негізгі жемісі десек, бұл жемісті кезең өз арнасына үлкен мәселелерді қамтиды. Фольклордан қазақтың сұлу мәдениетін, эстетикалық талғамын, бағдарлы болмыс-бітімін, мінез-құлық пен жеке қабілеттерін көре аламыз. Фольклордың алдында миф бар дейтін болсақ, ал фольклор сол мифті қорытып, эстетикалық-көркемдік тұрғыда өңдеп, жаңа сипатқа ендіріп, «өмірлік айналымға» айналдыратын құбылыс. Өмірлік айналым деп отырғанымыз да – халықтың тіршілігі, тұрмысы, күнделікті кәсібі, арман-тілегі. Осындай халықтық өмірдің болмыстық модельдері фольклордан көрініс табады. Фольклорды – халықтың даналығы, інжу-маржаны дейді. Шынында да, фольклор – халықтың армандаған, қиялынан туындаған мақсат-мұраттың жиынтық бейнесі.
Қазақ фольклорының ішінде ғұрыптық фольклор саласы өте кең дамыған. Өйткені бұл фольклор саласы өз арнасына этнографияны, яғни салт-сана, дәстүр-тағылым, әдет-ғұрыптарды жинақтап қана қоймай, адамның жеке қабілеттерін, топ-қауымның болмыстық нақышын білдіруге бағышталатын философияны жинақтайды.
Жалпы фольклор саласын көркем фольклор, ғұрыптық фольклор деп карайтын болсақ, бүгінгі таңда фольклорды жан-жақты карастырып, олардың түрлі салаларын шығару үлкен маңызға айналды. Мәселен, топонимиялық фольклор, мифофольклор деген салалар қазақ фольклорын жаңа бір қырынан зерттеуге жол ашады. Ғұрыптық фольклор деп отырғанымыз да - өз арнасына этностық болмыс, халықтық түсінік, ұғымдарды жиыстыратын, халықтың сан ғасырлы мақсат-мұратын айқындайтын сала. Ғалым М.Ғабдуллин ғұрыптық фольклор деген ұғымның орнына тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар деген терминді қолданады [1]. Ал А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде бұл саланы «ғұрып сөзі» деп атаса, М.Әуезов өзінің «Әдебиет тарихы» еңбегінде оны «сыршылдық салт өлеңдері» деп атайды. Ал ғұрыптық фольклор саласын арнайы зерттеп, оны бүге-шүгесіне дейін толық талдаған ғалым – Б.Абылқасымов болып табылады. Өз еңбегінде: «Қалыптасқан фольклортанушылық ғылыми жүйе бойынша ғұрып фольклоры мынадай үш саладан тұрады: 1) Отбасының ғұрып фольклоры (семейно-обрядовый фольклор). 2) Маусымдық ғұрып фольклоры (Календарно-обрядовый фольклор). 3) Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры (Заклинательный фольклор)» [2, 11-б.], - деп, ғылыми жіктеме ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет