А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет106/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   165
6.4.6. Корпоративті торап
Дүкендер торабы — бұл ортақ иелік пен ортақ бақылауда 
болатын, ұқсас ассортименттегі тауарларды сататын, сатып алу 
жəне өткізу қызметтері ортақ, кейде сəулеттік безендірулері ұқсас 
келетін екі не одан да көп сауда мекемелері.
Иелік пен бақылаудың ортақтығы — корпоративтік тораптың 
негізгі ерекшелігі. Тораптағы дүкендер ұқсас ассортименттегі тауар-
ларды сатады. Штаб-пəтер дүкендердің тауарлық ассортиментін 
анықтауда, саны үшін жеңілдік алу мақсатында ірі тапсырыс 
беруде, тауарларды жекелеген дүкендерге бөлуде, баға саясатын 
жасауда, ынталандыруда, барлық дүкендер үшін міндетті сауда 
нұсқауларын əзірлеуде шешуші рөл атқарады. Сонымен қатар, 
əрбір дүкеннің ерекше жəне танымал бейнесін қалыптастыру үшін 
оларды ортақ сəулеттік стильде безендіреді.
Корпоративті тораптардың табыстылығы сату көлемін ұлғайту 
жəне баға үстемелерін азайту арқылы тəуелсіз сатушыларға 
қарағанда баға бойынша артықшылықтарға жету ептілігіне 
негізделеді. Тораптар өздерінің рентабельділігін бірнеше əдіспен 
қамтамасыз етеді. Біріншіден, олардың көлемі тауарлардың үлкен 


170
171
партиясын сатып алуға, сол арқылы сан жағынан барынша көп 
жеңілдіктер алуға жəне көлік шығындарын азайтуға мүмкіндік 
береді. Екіншіден, олар жақсы басқарушыларды жалдап, 
өткізуді болжау, тауарлы-материалдық қорларды басқару, бағаны 
қалыптастыру, ынталандыру саласында арнайы əдістемелерді 
əзірлеу арқылы əрекетшіл ұйымдық құрылымдарды құруға қабілетті. 
Үшіншіден, тораптар көтерме жəне бөлшек сауда функцияларын 
біріктіре алады. Ал тəуелсіз бөлшек саудагерлерге көптеген 
көтерме сатушылармен жұмыс істеуге тура келетіні жасырын 
емес. Төртіншіден, тораптар өз дүкендері үшін тиімді жарнаманы 
сатып алып, оған жұмсалатын шығындарды тауарлардың үлкен 
партияларына жатқызу арқылы, өткізуді ынталандыру бойынша 
шығындарды азайтады. Бесіншіден, тораптар өз дүкендеріне 
белгілі көлемде еркіндік береді. Бұл дүкендердің жергілікті жердегі 
тұтынушылық талғамды ескеруіне жəне жергілікті нарықтағы 
бəсекелестік күресті нəтижелі жүргізуіне мүмкіндік береді. 
Корпоративтік тораптармен қатар, ерікті тораптар да болады. 
Олар «көтерме саудагерлер» туының астына біріккен тəуелсіз 
бөлшек саудагерлердің жиынтығын жəне өз күштерін біріктірген 
тəуелсіз бөлшек саудагерлер кооперативтері түрінде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет