174
175
Сонымен қоса, бөлшек сатушыға клиенттерге ұсынатын қыз-
меттер кешені туралы шешім қабылдау керек. Өткен мерзімдегі
отбасылық бакалея-гастрономдық дүкендер тұтынушыларға тауар-
ды үйге жеткізуді, несиеге сатуды жəне асықпай кеңесуді ұсынатын.
Бүгінгі заманғы универсамдарда
бұл қызметтер толығымен
жоғалды. 6.4.7. кестеде толық қызмет көрсету циклы бар бөлшек
сауда кəсіпорындары ұсына алатын кейбір негізгі қызметтер
көрсетілген. Қызметтер кешені дүкенді бағалық емес бəсекеде
басқалардан ерекшелеудің шешуші құралы болып саналады.
Бөлшек саудагердің тауарлық арсеналының үшінші
элементі
дүкендегі атмосфера. Əрбір сауда ғимаратының тұтынушының
қозғалысын қиындататын немесе оңайлататын құрылыстық
жоспары болады. Əрбір дүкен тұтынушыға белгілі бір əсер
қалдырады. Бір тұтынушылар дүкенді лас,
екіншілері ғажайып,
үшіншілері керемет, төртіншілері жабырқаңқы деп қабылдайды.
Дүкенде мақсатты нарық тұтынушыларының талғамына жағымды
əсер қалдыратын жəне сатып алуға жағымды ықпал ететін
атмосфера болу қажет. Жерлеу бюросында тыныш,
алакөлеңке
болса, би алаңдарына, керісінше қызылды-жасылды жарқылдар,
айғай-шу тəн. Атмосфераны көру, есту, иіс сезу тітіркендіргіштерін
керекті нəтижеге қол жеткізу үшін
қалай біріктіруді білетін
шығармашылық қызметкерлер жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: