А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет114/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   165
7.2.1. суретФирманың микроортасында əрекет ететін негізгі күштер
Фирма. Фирманың маркетинг қызметін басқарушылар марке-
тингтік жоспарды құрастырғанда, жоғары басшылық, қаржы 
қызметі, ҒЗТКЖ қызметі, материалды-техникалық жабдықтау 
қызметі, өндіріс, бухгалтерия сияқты, фирманың ішіндегі басқа 
да топтардың мүдделерін ескеруі керек. Маркетингтік жоспарды 
құрастырушылар үшін бұл топтар фирманың микроортасын 
құрайды (7.2.2. сурет).
Маркетингтік ақпараттың тəуелсіз 
құралдары
Баспа Теледидар Радио
Ақпараттық агенттіктер
Тұтынушылар
Сипаттамалар
Тұлғааралық əсер етулер
Шешім қабылдау үрдісі
Ұйымдар
Технологиялар
Жетістіктер
Патенттер
Ресурстар бойынша 
шектеулер
Жоғарғы басшылықпен жəне маркетингпен 
бақыланбайтын факторлар
Бəсеке
Құрылым
Маркетинг стратегиясы
Өткізу каналдарындағы 
өзара қатынастар
Жалпы факторлар
Экономика
Өсу қарқыны
Шығындар
Инляция деңгейі
Жұмыссыздық деңгейі
Үкімет
Федералды
Штаттардағы жəне жергілікті жердегі 
басқару органдары
Фирманың байланыс аудиториялары
Жабдықтаушылар
Фирма
Бəсекелестер
Маркетингтік 
делдалдар
Клиеттер


182
183
7.2.2. сурет. Фирманың микроортасы
Фирмадағы жоғары басшылықтың құрамына өндіріс бөлімінің 
бас басқарушысы, атқарушы комитет мүшелері, реттеуші-
директор, директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелері кіреді. 
Аталмыш жоғары басшылық эшелоны фирманың мақсаттарын, 
оның стратегиялық мақсаттарын, ағымдағы саясатын анықтайды. 
Маркетинг бойынша басқарушылар жоғары басшылықтың жос-
парына қайшы келмейтін шешімдер қабылдауы керек. Оның үстіне, 
олардың барлық маркетингтік жобалары жоғары басшылықпен 
бекітілуі қажет. 
Маркетинг бойынша басқарушылар фирманың басқа бөлім-
дерімен ынтымақта жұмыс істеуге тиісті. Қаржы қызметін марке-
тингтік жоспарды іске асыруға қажетті қаржының барлығы жəне 
оны пайдалану мəселесі ойландырады. ҒЗТКЖ конструкциялаудың 
техникалық мəселелерімен жəне оларды өндірудің тиімді əдістерін 
жасаумен шұғылданады. Материалды-техникалық жабдықтау 
қызметі өндіріске қажетті бөлшектердің, тораптардың жеткілікті 
болуымен айналысады. Өндіріс тауардың қажетті санының шы-
ғарылуына жауапты. Бухгалтерлік қызмет кіріс пен шығынды 
бақылап, маркетинг қызметіне алға қойылған мақсаттың қанша-
лықты нəтижелі орындалып жатқаны жөнінде біліп отыруға 
көмектеседі. Аталған бөлімдердің қызметтері маркетинг қызметінің 
жоспарынан жəне əрекетінен көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет