А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


 Тауар қозғалысының түсінігі жəне түрлері



Pdf көрінісі
бет73/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   165
6. Тауар қозғалысының түсінігі жəне түрлері
6.1. Тауар қозғалысы
Тауар қозғалысын жоспарлау. Маркетингтегі тауар қозға-
лысы деп тауарды сатылу орнына нақты белгіленген уақытта жəне 
сатып алушыларға барынша жоғары дəрежеде қызмет көрсетумен 
жеткізуді қамтамасыз ететін жүйені айтады. Шетелдік авторлар 
тауар қозғалысын жоспарлау дегенді тасымалдауды, сақтауды, 
келісім жасауды қосқанда, тауар мен қызметтің өндірушіден тұты-
нушыға физикалық көшуі мен оған меншіктің берілуіне қатысты 
жүйелі түрде шешім қабылдау деп түсінеді. 
Тауар қозғалысы каналдарының қызметі жəне делдалдар-
дың рөлі. Көптеген өнімдер мен қызметтерге қатысты тауар 
қозғалысы қызметін осы үшін жауапкершілік жүктелген өткізу 
каналдарының қатысушыларының бірі орындауға тиісті. Бұл 6.1 
суретте көрсетіліп, төменде сипатталған. 
Өткізу каналдарының қатысушылары маркетингтік зерттеу-
лерде шешуші рөл атқара алады. Олар нарыққа жақын болғандық-
тан, тұтынушылардың сипаттамалары мен мұқтаждықтарын жақ-
сы біледі. 
Сатып алу шарттары өзгеруі мүмкін. Кейбір жағдайларда өткізу 
каналдарының қатысушылары өнімге оны алғаннан кейін төлейді; 
кейбір жағдайларда өнімді консигнация шартымен алып, сатуға 
дейін төлемейді. Төлем қолма-қол ақшамен бірден жүзеге асырылуы 
да, 60 күннен немесе одан да көп уақыттан кейін төленуі де мүмкін. 
Егер делдал өндірушіге тауардың ақшасын ол қайта сатылғанған 
дейін төлемесе, өндіруші ақшаның түсімі кезіндегі қиындықтарға, 
өнімнің біраз бөлігін қайтару, өнімнің ескіруі, бұзылуы жағдайына, 
бөлшек жəне көтерме саудамен жасалатын көптеген келісімдерге, 
тұтынушыларға сату көлемінің төмендеуіне тап болуы мүмкін. 
6.1. сурет. Тауар қозғалысы каналдарының қызметтері
Əдетте өндірушілер тауар қозғалысы үшін жауапкершілікті 
бөлу кезінде бүкіл ел аумағында жарнамалауды өз мойнына алады. 
Көтерме саудагерлер бөлшек сауда қызметкерлерін ынталандырып, 
үйретеді жəне өнімнің жергілікті жерлердегі бөлшек саудагерлердің 
арасындағы қозғалысын үйлестіруге көмектеседі. Бөлшек сауда 
жергілікті жарнаманы, дербес сатылымды, ерекше іс-шараларды 
жүзеге асырады. Тұтынушыларға қызмет көрсетуді өткізу канал-
дарының бір немесе бірнеше қатысушылары орындауы мүмкін. 
Тауар қозғалысының каналдары өнімді əртүрлі əдістермен 
жоспарлауға қатысады. Олар қазіргі жəне жаңа тауарлар бойынша 
кеңестер береді. Сынау маркетингі олардың ынтымақтастығын 
талап етеді. Ең соңғысы, делдалдар бəсекелестердің өнімдерімен 
салыстыра отырып, өнімнің нарықтағы орнын анықтауға, сондай-ақ 
қандай тауарларды өткізуді тоқтату керектігін білуге көмектеседі. 
Олар əдетте баға қалыптастыру бойынша шешім қабылдауға 
қатты əсер етеді. Өздеріне талап етілетін үстемені анықтайды жəне 
өнімге бағаны өздері қойғанды дұрыс көреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет