А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет76/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

6.2.1. Тауар қозғалысын басқару
Каналға қатысушылардың көзін жеткізу
Делдалдарға өз міндеттерін жақсы орындау керектігін үнемі 
түсіндіріп отыру керек. Көптеген өндірушілер делдалдармен ынты-
мақтастық орнату бойынша қиындықтарға тап болып жатады. 
Компаниялар өздерінің дистрибьюторларымен ұзақмерзімді 
қатынастар орнатуға ұмтылады. Өндіруші дистрибьютордан 
өзіне не керектігін жəне олардың өндіруші тарапынан қандай 
артықшылықтарға ие болатынын анықтайды. Ол бөлшек саудаға 
қатысты саясатта келісімге келіп, дистрибьюторларға осы келісімді 
қаншалықты нақты орындауына байланысты сыйақы төлеуді 
ұсына алады.
Қызметтің ең озық əдістерінің бірі — таратуды жоспарлау. 
Маккаммон оны өндірушінің де, дистрибьюторлардың да мүдделерін 
ескеретін, жоспарлы негізде тікелей маркетингтік жүйемен кəсіби 
басқарылатын үрдіс ретінде анықтайды. Маркетинг қызметінің 
аясында өндіруші дистрибьюторлармен жұмысты жоспарлау 
жөніндегі арнайы бөлімді бекітеді. Бұл бөлім дистрибьюторлар-
дың мұқтаждықтарын анықтаумен, сондай-ақ əрбір дистрибью-
торға өз мүмкіндіктерін айтарлықтай толық пайдалануға ар-
налған сауда саласын ынталандыру бойынша бағдарламаларды 
дайындаумен айналысады. Бөлім дистрибьюторламен бірге қол 
жеткізу керек коммерциялық мақсаттарды белгілейді, қажетті тауар 
қорларының деңгейін анықтайды, сауда алаңдарын пайдалану жəне 
тауарларды үгіттеу үшін оларды безендіру жоспарын жасайды, сауда 
қызметкерлерін дайындауға қойылатын талаптарды дайындайды, 
жарнама мен өткізуді ынталандыру жоспарын құрастырады. Осы 
жұмыстардың негізгі мақсаты — дистрибьюторларға олардың жете 
ойластырылған маркетингтік жүйенің бір бөлігі болғандықтан 
ғана табыс тауып жүргендіктерін көрсету.
6.2.2. Канал қатысушыларының қызметін бағалау 
Өндіруші дистрибьюторлардың жұмысын — өткізу нормасын 
орындау, тауар қорының орташа деңгейін ұстау, тауарды тұты-
3 % 4 %
5 %
6 %
10 %
Қоймалау
2,6 %
Аймақтан тыс
жерлерге
тасымалдау
45 %


128
129
нушыларға жеткізу жеделдігі, бұзылған жəне жоғалған тауарларға 
қатынасы, өткізуді ынталандыру жəне оқу бағдарламаларын жүзеге 
асыру бойынша фирмамен ынтымақтастығы, сондай-ақ делдал 
тұтынушыларға көрсетуге тиісті қызметтер жиынтығы бойынша 
бағалау керек. 
Əдетте, өндіруші делдалдарға өткізу бойынша белгілі бір 
норманы белгілейді. Ол кезекті жоспарлы кезең өткеннен кейін, 
барлық делдалдарға əрбірінің сауда қызметі жөніндегі көрсеткіштері 
көрсетілген мəліметті жібере алады. Бұл мəлімет артта қалып қойған 
делдалдарды жақсы жұмыс істеуге ынталандырып, озаттарға қол 
жеткен жетістіктен таймауға итермелейді. Делдалдардың сауда 
қызметінің көрсеткіштерін олардың алдыңғы кезеңдердегі өз 
көрсеткіштерімен салыстыруға болады. Бүкіл топ бойынша орташа 
пайыздық көрсеткіштер өсімін норма деп есептеуге болады. 
Өндірушілер өз дилерлеріне ерекше назар аударуы керек, дел-
далдарға тиісті көңіл бөлмейтіндер олардың қолдауын жоғалтып, 
заңға қайшы келуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет