182
183
7.2.2. сурет. Фирманың микроортасы
Фирмадағы жоғары басшылықтың құрамына өндіріс бөлімінің
бас басқарушысы, атқарушы комитет мүшелері, реттеуші-
директор, директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелері кіреді.
Аталмыш жоғары басшылық эшелоны фирманың мақсаттарын,
оның стратегиялық мақсаттарын, ағымдағы саясатын анықтайды.
Маркетинг бойынша басқарушылар жоғары басшылықтың жос-
парына қайшы келмейтін шешімдер қабылдауы керек. Оның үстіне,
олардың барлық маркетингтік жобалары жоғары басшылықпен
бекітілуі қажет.
Маркетинг бойынша басқарушылар фирманың басқа бөлім-
дерімен ынтымақта жұмыс істеуге тиісті. Қаржы қызметін марке-
тингтік жоспарды іске асыруға қажетті қаржының барлығы жəне
оны пайдалану мəселесі ойландырады. ҒЗТКЖ конструкциялаудың
техникалық мəселелерімен жəне оларды өндірудің тиімді əдістерін
жасаумен шұғылданады. Материалды-техникалық жабдықтау
қызметі өндіріске қажетті бөлшектердің, тораптардың жеткілікті
болуымен айналысады. Өндіріс тауардың қажетті санының шы-
ғарылуына жауапты. Бухгалтерлік қызмет кіріс пен шығынды
бақылап, маркетинг қызметіне алға қойылған мақсаттың қанша-
лықты нəтижелі орындалып жатқаны жөнінде біліп отыруға
көмектеседі. Аталған бөлімдердің қызметтері маркетинг қызметінің
жоспарынан жəне əрекетінен көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: