28
29
Тауарлар өте көп, əрі қарқынды дамыған нарық жағдайында
өндірушілерге сатушылардың арасында тауар таратуға көп энергия
жұмсауға тура келеді. Осы мақсатта келесі мəселелерді шешуге
мүмкіндік беретін сауда маркетингінің жүйесі құрылады:
— тауар таратудың барлық деңгейлерінде, сатып алушылардың
тауар алатын сауда нүктелеріне дейін маркетингтік шешімдерді
жүзеге асыру;
— өндірістік-коммерциялық операцияларға жұмсалған қаржы-
лардың өтелу мүмкіндігін жоғарылату;
— сауда кəсіпорындарының маркетингтік
қызметіне коммер-
циялық тұрғыдан қарау;
— нəтижесіз жұмыстың себептерін табуға мүмкіндік беретін
маркетингтік міндеттерді сатылап шешу жəне сол үшін жауапты
адамдарды табу.
Банк маркетингі — нарықты, экономикалық конъюнктураны,
клиенттердің нақты сұранымдарын зерттеуге жəне тұтынушылық
базаны қалыптастыруға бағытталған банк қызметінің басқару
тұжырымдамасы, сонымен қатар сұранысты қалыптастыру, ын-
таландыру, қабылданатын шешімдердің негізділігін жəне банк
жұмысының
жоспарларын қамтамасыз ету, ұсынылатын қызмет
көлемін, нарықтық үлес пен табысты кеңейту.
Банк маркетингі капитал нарығында жəне оның бөліктерінде
— банк саласында, несие жүйесі мен құнды қағаздар нарығында
болып жатқан үдерістерді зерттеу жəне есепке алуды талап
ететін банкті нарықтық басқару жүйесі болып табылады. Ол банк
басшылығына банк қызметін кеңейту жəне
табысты арттыруға
бағытталған икемді шешімдер қабылдау үшін керек.
Банк маркетингінің мақсаты — капитал нарығындағы та-
лаптарға бейімделуге қажетті жағдайлар жасау, оны зерттеу
бойынша іс-шаралар жүйесін құру, бəсекеге қабілеттілікті жəне
табысты арттыру.
Банк маркетингінің басты міндеті — капитал нарығында, яғни
институционалды
несие-қаржы саласында, əсіресе банктер мен
құнды қағаздар нарығында болып жатқан үдерістерді саралау.
Олардың қатарында мыналар бар:
— бастапқы нарық;
— екінші — биржалық (қор биржасы) жəне биржадан тыс (яғни,
көшедегі) нарық.
Банк маркетингінің негізгі
функциялары мыналар болып
табылады:
— капиталдар нарығындағы сұранысты зерттеу;
— банк қызметінің жарнамасы мен пайыздық саясатын зерттеу
жəне саралау;
— банк қызметінің жоспарлау жүйесін жасау;
— тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Банк капитал нарығын саралауға, оның көлеміндегі өзгерістерге,
тұтыну дағдыларын зерттеуге негізделіп, депозит жəне
салым
түрінде ақша тарту жəне несие, қарыз беру бойынша бағдарлама
құрастырады.
Мысалы: «Банк оф Америка» маркетингті кеңінен қолданудың
арқасында
50—60 жылдардың өзінде 14 мың коммерциялық банктердің
арасында жетекші орынды иеленді. Банк жасаған маркетингтік
стратегияның мəні мынада еді: басшылық
өз назарын кішігірім
салымдарға жəне кішігірім салымшыларды тартуға аударды, осы
уақытта көптеген американдық банктер мұндай стратегиядан бас
тартқан болатын.
Достарыңызбен бөлісу: