А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедоасы Филология


Бағалау және аттестаттау саясаты



бет2/5
Дата17.03.2023
өлшемі28,47 Kb.
#75171
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мәтінтану Силлабус (1)

Бағалау және аттестаттау саясаты

Критериалды бағалау: дескрипторларға сәйкес оқыту нәтижелерін бағалау (аралық бақылау мен емтихандарда құзыреттіліктің қалыптасуын тексеру).
Критериалды бағалау: дескрипторларға сәйкес оқыту нәтижелерін бағалау (аралық бақылау мен емтихандарда құзыреттіліктің қалыптасуын тексеру).
Когнитивті (білімдік)
Білу Өткен материалдарды есте сақтау және қайталау; алған тілдік білімін сөйлесім әрекетінде қолдана білу; берілген сұрақтарға өзінде бар сөздік қорды пайдалана отырып, дұрыс жауап беруге үйрену; мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты ажырата білу және мәтінді оқу барысында белгілі бір білік пен дағды қалыптастыра алу; өз мамандығына қатысты белсенді сөздердің мағынасын білу және оны өз мақсатында қолдана білу.
Түсіну Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптарға қатысты айтылған ауызша, жазбаша пікірлердің негізгі мазмұнын түсіну және олардан негізгі ақпаратты бөліп алу; сөйлеушінің пікірін түсіну; мәнмәтін бойынша сөздердің мағынасын анықтау; түрлі мәтіндердің мазмұнын қабылдау және түсіну: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, таныс сөздерге, фразаларға және сөйлемдерге сүйенумен қажетті/нақты ақпаратты, мәтіннің бөліктерін таңдау және түсіну.
Функционалдық құзіреттілік
Қолдану Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптардағы әдеби және ғылыми мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну және олардан негізгі ақпаратты белгілеу, ақпаратты іздеудің түрлі стратегияларын қолдану; мәнмәтін бойынша сөздердің мағынасын анықтау; тапсырманы орындау барысында құрдастарымен қарым-қатынас жасау; арнайы лексиканы сауатты пайдалану; автордың қарым-қатынасын және пікірін түсініп оны практикада қолдана алу; сөздердің мәнін тексеру және оқығанды терең түсіну үшін қағаз және электронды тасымалдағыштардағы түрлі дереккөздерді қолдану.
Жүйелік құзіреттілік
Талдау және бағалау
Талдау
- сөйлесім тақырыбына қатысты тақырып бойынша өз ойын дұрыс, жүйелі түрде жеткізе білу және мәтінге талдау жасай алу;
- қажетті ақпаратты алу үшін неғұрлым күрделі сұрақтар қоя білу және мәтін мазмұнына талдау жасай алу;
- студенттердің сұрақтарына дұрыс жауап беру, күтпеген түсінікке жауап беру; салыстыра білу; жауаптарына сын айта білу;
- берілген тапсырмаларға тәжірибе жасай білу, ерекшеліктерін ажырата алу және қорытынды жасай білу және т.б.
Пән бойынша алған білімін қазақ тілінің лексикалық және грамматикалық жүйесі арқылы ойды жеткізу, әңгімелесушіге әсер ету, қазақ тілінде мәтінді сипаттау, хабарлау, бағалау және жинақтау, түсіндіру мен талқылау үшін пайдалану; тілдер мен әдебиет үдерісін Қазақстандағы, әлемдегі әлеуметтік экономикалық, мәдени тарихи, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық құқықтық негіздерімен үйлестіруге бейімділік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет