Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес)
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны бойынша
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты жөні___________________________
1-бөлім
Театр ӛнеріне байланысты жастардың пікірлерін оқып шығыңыз.
1-10-сұрақтар бойынша мәтінге (А, Ә, Б немесе В) сәйкес пікірлерді таңдаңыз. Бір мәтінді
бірнеше пікірге қолдануға болады.
1 Театрға барғанда киім кию үлгісін сақтаған жӛн.
[1]
2 Ғашықтық тақырыбындағы қойылымдарды ұнатамын.
[1]
3 Театр бізге актерлерді кӛзбе-кӛз кӛруге мүмкіндік береді.
[1]
4 Театрға жақсы кӛңіл күймен келген маңызды.
[1]
5 Балаларды ерте жастан ӛнерге баулу қажет.
[1]
6 Бір қойылым түрлі нұсқада сахналанады.
[1]
7 Сахна ӛнері қажырлы еңбекті талап етеді.
[1]
8 Актерлер бірнеше істі қатар алып жүруге мәжбүр.
[1]
9 Театрға жастарды еркінен тыс апарған да дұрыс.
[1]
10 Театр әлемі адамның кӛңіл күйіне ерекше әсер береді.
[1]
Мӛрдің
орны
2
А. Айдана
Маған кинодан гӛрі театрға барған ұнайды. Актерлердің ойынына қарасаң, ӛз
сезімдерін шын жүректен шығарып тұрғанын байқайсың. Спектакльге барғанда
бәрін ұмытып, рухани ләззат аламын. Жалпы
махаббат тақырыбындағы
спектакльдер жаныма жақын. «Ромео-Джульетта», «Қыз Жібек» сынды
классикалық туындыларды бірнеше рет қарадым. Олардың сюжеті маған белгілі
болса да, жаңадан кӛргендей сезімде боламын. Бір қызығы,
әр театр ұжымы, әр
режиссер бір шығарманы ӛзінше түрлендіреді екен. Ал соңғы кезде опера театрына
деген қызығушылығым артып келеді. Бұрын оны мүлде түсінбейтінмін.
Ә. Фархат
Театр дегенде Шерхан Мұртазаның «Театр кӛбейсе, түрме азаяды» деген сӛзі есіме
түседі. Театр адамды эстетикаға, сұлулыққа, поэзияға, ӛнерге тәрбиелейді. Бұл
жерде кӛрермен оқиғаны кӛз
алдында бақылайды, актерлерді бетпе-бет кӛреді.
Олардың эмоцияларын сезеді. Театрда маған ұнайтыны – бұл жерде этика мен
мәдениет бар. Театрға барарда сырт келбетіңе қарап, сәйкесінше киінуің керек.
Қолыңа гүл алып барсаң, тіпті керемет! Кейбір ересек
адамдар жастар театрға
бармайды деп ойлайды. Мен мұнымен келіспеймін. Ӛзім мектеп жасымнан театрға
барғанды ұнатамын. Киноға қарағанда спектакльде жасандылық жоқ. Бұл,
шынымен, бағалауға тұрарлық ӛнер. Бұл жерде дубль жоқ, «тікелей эфир» десек те
болады. 1,5-2 сағаттай сахнада ӛнер кӛрсету үшін қанша еңбектену керек екені
айтпаса да түсінікті.
Б. Диас
Театрға бару мәдениетін баланың бойына кішкентай кезінен сіңіру керек. Бұл әдет
ӛздеріне де, қоғамға да жақсы болмақ. Бүгінгі жас балалар – ертеңгі үлкен
кӛрермен. Бұрын балаларды молдалар оқытқан, одан кейін гимназияларда білім
алды. Ал қазір мектептер бар. Сол секілді балаларды жас кезінен ӛнерге
тәрбиелемесе болмайды. Неліктен хореографияда баланы 9-10 жасынан бастап биге
үйретеді? Ӛйткені одан кейін сүйегі қатайып кетеді. Театр да солай.
Балалар
жастайынан руханиятқа, әдебиетке, ӛнерге жақын болмаса, кейін одан қатыгез адам
шығуы мүмкін. Кей кезде театрға баруға мәжбүрлеу де керек шығар деп ойлаймын,
себебі жасӛспірімдер театрды онша ұната қоймайды. Оларға кино жақын, ӛздері
қалаған фильмді YouTube-тан тауып кӛре береді.
В. Әйгерім
Мен «Театр – адамның рухани серігі» деген тұжырыммен келісемін. Себебі
адамның ӛзін-ӛзі сахнадан кӛріп, ӛзін-ӛзі түсінетін орны – сахна. Актерлердің
шеберлігі,
сахна мен декорация, гримм мен жарық – осының бәрі адамды ерекше
сезімге бӛлейді. Бүгінде қазақ театрлары кәсіби тұрғыда жетіліп келеді. Сахна
саңлақтары Асанәлі Әшімов, Меруерт Ӛтекешовалардың шәкірттері бүгінде
театр
мен кинода ӛнер кӛрсетіп жүр. Алайда проблемалар да жоқ емес. Театр
қызметкерлерінің жалақысы тӛмен болып келеді. Осы себептен актерлер негізгі
жұмысынан басқа қосымша жұмыстар жасайды. Театрға кірген кезде сәнді
қабырғаларға, ішкі толқынысын күлкісінің астына жасырған актерлерге кӛз
салыңыз. Сізді қарсы алған билет тексерушілер мен киім ілуге кӛмектескен
жұмысшыларға жымиып қойыңыз. Себебі
театр киім ілгіштен емес, сізден
басталады демекпін.
[Барлығы: 10 балл]