А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата18.05.2023
өлшемі361,51 Kb.
#94586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
момынова

қолымды ұсындым. 
– Әуелі ана кісіден баста, шырағым,– деді ең шеткі еркек, ортада отырған сирек 
бурыл сақалды, опырық ауыз, сары шалды иегімен нұсқапҚусырып алған қолдарын өзі 
жеңінен де шығарған жоқ.
Мен амалсыз сары шалға жақындағанымда, ол басын тіпті шалқалай көтеріп алып:
– Уакаляйкүм-ошалям... – деді. Басын мен-мен көтеріп алуымен аузын шүршитіп «уа-
каляйкүм-ошалям» дегеннің арасында түк жарасымдылық жоқтығын ол өзі аңдамаса 
керек. 
...Шалдан кейін, мен оның сол жағындағы мосқалдау адамға қолымды созып едім, ол 
қолын созбастан, сірескен күйі отыра берді. Оның орнына әлгі ең шеткі еркек:
– Енді Атекемнің оң жағындағы адамға қол бер,  деді.
Атекесі жаңағы опырық шал екенін түсіндім де, мен оның оң жағындағы сақалы бар, 
мұрты жоқ біреуге қолымды ұсындым. 


30
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4
– Уағалакүм әссалам,– деді ол молдаларша нақыстай айтып.
Сәлемді енді соның қатарымен жағалатып кетейін деп едім, жеті атадан келе жат-
қан дәстүрді бұзуға болмайды екен, манағы шеткі еркек:
– Енді әлгі кісіге қол бер, – деді. 
Сонымен, Атекеңнің екі жағына отырған адамдардың үлкенді-кішілі ретін тауып, 
айқыш-ұйқыш қол беріп шыққанша, олар кезегімен сәлем алуды айтып болғанша, бір 
ауылды көшіріп-қондыратын уақыт кетті.
Содан кейін ғана ортадағы опырық шал:
– Қораш, сен әрірек ысырыл. Жас қонаққа сол орын лайық, – деді. Шалдың Қораш 
деген адамы көңілсіз ысырылып, орын берді.
– Шырағым, жол болсын, – деді, ортада отырған шал. 
– Әлей болсын... Сіздің ауылда жұмысымыз болып келіп едік, – дедім мен.
– Әлей болсын дедің, болды сол. Ар жағын кезегі келгенде айтар болар,–деп, шал мені 
ауыздықтап қалды...
– Ие...Әлей болсын, – дедім.
– Қай елдің баласы боласың?
– Керей боламын.
– Қай керей?
– Қызылжарға қарайтын керей.
– Елдерің аман бе?
– Біз аттанғанда аман еді.
– Бүгін қай жерден шықтың?
– Бурабайдан шықтым.
– Жол шетің қай жер?
– Осы сіздің ауыл....
– Ендеше, Есенкелді, бұл балаларды үлкен үйге апарып түсір...– деп, шал мақұлдау 
күткендей, екі жағына кезек қарады.
– Атекем дұрыс айтады: іздеп келгені осы ауыл болған соң, бұл балалардың жөні үлкен 
үй болады, – деді, шалдың оң жағында отырған сақалы қауғадай, мұрты жоқ адам. 
– Атекем дұрыс айтады: іздеп келгені осы ауыл болған соң, бұл балалардың жөні үлкен 
үй болады,– деп, шалдың сол жағындағы адам сөзбе-сөз қостады. Бұл бір үңірейген көсе 
қара екен, көз құйрықтары сүйірленіп, екі шекесіне қарай созылып кетіпті. Өзгелердің 
ұйғарғанын аяқтап келгенде сол бекітетін сияқты. Айтты да қара тас болып қатты да 
қалды [Ғ.Мүсірепов. 26-б.]. Сәлем берудің реті де, сыйластықтың белгісі де, адам мәртебесін 
көтеру де, адамның ортадағы орнын мойындау да, жас ерекшелігін ескеру де осы мысалда 
көрініс тапқан. Ал мысалда айрықшаланған сөздер сәлем ретін, амандық-саулық сұрасудың 
жөнін білдіреді және басқа да мағынаны білдіріп жұмсалып тұрған ишараттарды көрсетеді.
Көпшілікке, әр тараптан жиналғандарға қол беріп амандасқанда алдыңғы үзіндіде 
суреттелгендей, бір-бірімен етене таныс адамдар арасындағы реттілікті сақтау мүмкін 
болмай қалады. Мысалы: Жандарал, жандармдар қатарынан шыға бере, оң жақтан бастап, 
қазақ болыстарының знакты адамдарының бәріне жағалай қол беріп амандаса бастады 
[М.Әуезов. 20 томдық шығ. жинағы. 5-том. 378-б.]
Сәлемдесу (кездесіп қалғанда орындалады), амандық сұрасу (кездескенде сәлемдесіп 
өтіп кетпей, тоқтай қалып хал-жағдай білісу), сәлем беру (көбінесе іздеп барып арнайы 
амандық-саулықты білу) кезінде орындалатын ишараттардың ұлттық сипатпен көмкерілген 
мынадай түрлері бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет