А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4



Pdf көрінісі
бет14/18
Дата18.05.2023
өлшемі361,51 Kb.
#94586
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
момынова

көріскендері де болды [М.Әуезов. 20 томдық шығ. жинағы. 5-том. 140-141-бб.].
Көрісудің келесі түрі қазақтар жыл басы саналатын Наурыз кезінде, жыл басында 
орындалатын ишараттар құрамында сақталған. Наурызда көрісу алдыңғы сипатталған 
ишараттарға ұқсас, мағынасында да айрықша бөлектік жоқ. Бір жылды артқа тастап, 
қыстың аязды күндерінен құтылып, көкке ілінгендерін, аман-сау жазға, жаңа жылға 
жеткендеріне адамдардың қуанып, ескіні тастап, жаңаны қабылдап, өкпені ұмытып
бауырласу кезінде орындалатын дәстүр. Көрісу кезінде кем дегенде жеті үйге кіріп көрісіп, 
дәм тату – міндет. Қазақстанның қай өңірінде болмасын орындалады, тек орындалатын 
уақыты барлық өңірде бірдей емес, кейбір өзгешеліктері болады. Бұл ишарат емес, дәстүр, 
екінші жағынан, ұлттық менталды ойлаудың көрінісік-қимылдық формасы, жазушы 
Ә.Кекілбаев тарапынан ол былайша вербалданады: Есіне енді түсті. Бұл – қыстың соңы, 
«құс қанаты». Ауылда ғой жұрт кәзір ерсілі-қарсылы шапқылап жүр. Бүгін бір-бірімен 
сарала таңнан барып амандасады. Кемпір біткен асадалдың түбіндегі өлі астың бәрін 
қазанға салады. Бүгіннен қалса – мәкіру... Қара су құйсаң да, қара қазан ошақта толып 
тұрады бүгін. Көрісуге келген жұрт үй сайын аяқ-аяқ наурыз көже ішеді. Бүгін қазаны 
толмаған үйдің биылғы ырзығы кем болады [Ә.Кекілбаев Құс қанаты. 109-б.]. Ал адам 
өлімімен байланысты көрісудің жөні бөлек. 
Сөз айтылмай, бас изеп қана амандасатын кездер болады. Мұндайда адам басын жо-
ғары-төмен бірнеше қайтара қозғап, ишарат жасайды: Бәрімен бас изеп амандасты 
[С.Бақбергенов. Бөрте – Шыңғысханның жұбайы. 234 б.]. Бірақ бас изеудің өзге мағынасы 
болатынын да ескерту керек.
Сәлем беру бар да, сәлемді алу бар. Сәлемнің алынуынан коммуниканттар біраз инфор-


37 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4
мация ала алады. Мысалы, Құнанбай ернін қыбыр еткізіп қана, үнсіз сәлем алды [М.Әуезов. 
20 томдық шығ. жин. 3-том. 78-б.] дегенде, сәлемнің құлықсыз алынуының өзіндік бір себебі, 
ерекше жағдаяты бары сезіліп тұрады. Оны сол жағдаятты білетін, түсінетін, соған тікелей 
қатысушы адам ғана нақты айта алады, біледі. Ал бірақ бақылаушы үшінші жақ сәлемнің 
берілуі мен сәлемнің алынуына қарай отырып, өзіндік ой түйеді, белгілі ақпар ала алады.
Амандасу кезінде қол, алақан арқылы жасалатын бейвербалды амалдар бір-біріне 
ұқсас, бірақ олардың орындалу ерекшеліктеріне қарай мағыналық реңктері қалыптасады
Мысалы, Екеуі ұзақ қол сілкісіп, амандық білісіп болған соң, Лосовский жалғыз келген 
қонағын қасына отырғызды [М.Әуезов. Абай жолы. Роман-эпопея. 2-кітап. 346-б.]. Бұл 
арадағы қолды ұзақ ұстап, сілкілей амандасудың астарлы мағынасы бар, сағынысып 
көрінген жандардың бір-біріне деген сыйластығы, риясыз көңілі, ыстық ықыластары, 
аман көріскендеріне деген қуаныштары жинақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет