А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4


алды. Өз қадірін жоймайтындай, тең тәрбиелі сыпайылықпен бас иіп



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата18.05.2023
өлшемі361,51 Kb.
#94586
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
момынова

алды. Өз қадірін жоймайтындай, тең тәрбиелі сыпайылықпен бас иіп:
– Мен Ибрагим Құнанбаевпын. Халықтан шыққан жұпыны кісімін,  деді [Әуезов М. 
Абай жолы. Роман-эпопея. 2-кітап.161-б.]. Бұл мысалдан тағзым етумен жарыстыра 
адамның басындағы тымағын алу (шешу) бейвербалды амалын көруге болады. Амал 
жеке-дара орындалмайдытымақ алынған соң бас ию орындалады. 
Сахнадан тағзым ету – көпшілікке, көрерменге көрсетілетін құрмет және алғыс 
сезімін білдіретін қазіргі заманда өнерпаздардың орындайтын ишараты. Бұл ишаратты ха-
лықаралық ишарат деуге болады, себебі сахна төрінен актер атаулының бәрі дерлік тағзым 
етеді, қолдарын кеудесіне басып, бастарын иеді, әйел адамдар тізелерін бүгіп тәжім етеді: 


33 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4
Қомұзшы жігіт жұртқа қарап, тағзым етіп, иілгенде Фрунзе қолын бұрынғыдан да 
қаттырақ соқты [Ш.Мұртазаев. Жұлдыз көпір. 263-б.].
Тағзым етудің тек Аллаға жалбарыну мағынасымен қолданылуы мына мысалда 
келтірілген: Сейіт Әлім жастықтан басын оқыс көтеріп, екі қолын кеудесіне қайта-
қайта басып, құбылаға қарап, әлденеше мәрте тағзым етті. Артынша күбірлеп: «О, 
Алла, жарылқай гөр! Есірке құлыңды!»  деді [С.Бақбергенов. Бөрте – Шыңғысханның 
жұбайы. 197-б.]. Сол сияқты тәжім ету – атақ-дәрежесі зор, дәрежесі биік лауазымды 
адамдардың, негізінен хандардың алдында бағыныштылар тарапынан орындалатын 
ишарат қызметін атқаратыны тілдік фактілерден көрінеді. Тәжім ету көбінесе ханға 
жасалады. Күтіп алу кезінде келген адамның қай жағынан болмасын басымдығын, күші 
мен дәрежесін сөзсіз мойындау түрінде орындалатын бейвербалды амал – тәжім ету. 
Қазақ дәстүрінде тәжім хан алдында жасалады. Ертегілерде, аңыздарда тәжім етудің 
орындалатын орындары жақсы сипатталады. Тәжім ететін адам орнынан тұрып барып, 
көзін төмен түсіріп, басын иіп, қос алақанын бірінің үстіне бірін қойып қолын қусыра 
ұстап тұрып, бар бітімімен бағыныштылығын көрсетеді: Ханды күтіп отырған Құндыз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет