А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі кафедрасы 1-СӨж тақырыбы



бет1/4
Дата18.12.2023
өлшемі91,53 Kb.
#140386
  1   2   3   4
Байланысты:
1-СӨЖ ТЕМІРХАН АЯЖАН ҚТТГ


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Филология факультеті
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі кафедрасы

1-СӨЖ
Тақырыбы: Зат есімнің даму тарихы. Зат есімнің өнімді және өнімсіз жұрнақтары


Орындаған: Темірхан Аяжан
Қабылдаған: Сағындықұлы Б.
Тобы: ҚФ-404


Алматы 2023
МАЗМҰНЫ


І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім
Зат есімнің қалыптасу тарихы..................................................
Зат есім жасаудың өнімді жолы...............................................


ІІІ. Қорытынды


ІҮ. Пайдаланған әдебиттер
Зат есім - есімдер тобындағы сөздердің ішіндегі дербес қолданылатыны. Есімдердің басқа топтары осы зат есімдер айналасына топталып, осыған қатысты ғана қолданылады. Сөйтіп зат есімдер тек заттық мән-мағына туғызушы ғана сөздер емес, соған сәйкес дербес қолданылатын да сөздер.
Қазіргі қазақ тіліндегі зат есім категорияларының негізгі түрлері көне түркі тілінде де кездеседі. Ол тілде де зат есімдер басқа сөз таптарымен салыстырғанда септелетін, көптелетін, тәуелденетін сөздер есебінде ерекшеленген. Зат есімдерге тән грамматикалық категориялардың тұлғалық (кейде фонетикалық) өзгерістерін, жеке аффикстердің пайда болуын және кейбір семантикалық өзгерістерін (мәнінің тарылу, кеңеюі) еске алмасақ, олардың қайсысының да өздерінің негізгі қызметтерінен айнымағандығын байқауға болады. Сондықтан зат есім деп аталатын сөз табының тарихи өзгерісі, оның тарихи жаңаруы туралы әңгіме қозғау мүмкін де бола бермейді.
Зерттеушілердің еңбектерінде келтірілген деректерге қарағанда, зат есім көне түркі жазба ескерткіштерінде қолданылған. Орхон-енисей, Талас ескерткіштері ғылым дүниесіне мәлім болғалы екі жарым ғасырдан артық уақыт өтті. Осы уақыт арасында олар әр алуан зерттеу жұмыстарының объектісі болып келеді. Сондай-ақ, Орхон-енисей, Талас ескерткіштерінің ғылыми интерпретациясы шыңына жетті, иі қанды, әсіресе олар қазіргі түркі тілдерінің тарихына байланысты алынып жан-жақты толық тексерілді деп айта қою қиын.
Баспада жарияланғаны анық 140-тан астам орхон-енисей, талас ескерткіштері бар. Олар Тувада – 53, Хасакияда – 28, Монғолияда - 30, Орхонда – 8, Алтайда - 6, Жетісуда - 16-дайы сақталған. С.Аманжолов орхон-енисей жазуын қазақ тілінің дулат диалектісіне, Ғ.Мұсабаев талас жазуын үйсін диалектісіне тән деген пікірлер айтқан. Орхон-енисей ескерткіштерін зерттеуге Н.И.Веселовский, В.Р. Розен, К.Г.Залеман, Ф.Е. Корш, Г.Рамстедтпен қатар В.Банг, Г.Вамбери, А.Габэн, Ю.Немет, М.Рясянен, Х.Н.Оркун тәрізді ірі ғалымдар да қызу араласты. С.Е. Малов Орхон-енисей және талаc ескерткіштері жайында үлкен еңбек жазуға материалдар жинап, оларды ғылыми жағынан іріктеп, сұрыптады.
Орхон-енисей ескерткіштерінің фонетикалық және морфологиялық жазылу ерекшеліктерін білдіретін графиканы өте қатаң сақтайды. Жеке сөздердің дұрыс оқылуына, аудармасына көптеген түзетулер енгізеді. Ескерткіштегі дыбыстардың жазылу ерекшелігіне жан-жақты түсінік бере отырады. Фонетикалық және граматикалық құрылысына тоқталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет