А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі кафедрасы 1-СӨж тақырыбы


Зат есім қалай қалыптасқан деген мәселеге келсек



бет2/4
Дата18.12.2023
өлшемі91,53 Kb.
#140386
1   2   3   4
Зат есім қалай қалыптасқан деген мәселеге келсек, зерттеушілердің пікірлерінше, ескі жазбаларда зат есім жасайтын, яғни зат есімге тән отызға жуық жұрнақтар кездеседі. Бұлардың қазіргі түркі тілдеріндегі осы типтес қосымшалардан өздерінің саны жағынан да, сапасы жөнінен де елеулі ерекшеліктері бар.
Орхон-енисей жазбаларындағы кейбір жұрнақтар, мысалы, -еч, -меч: ег - еч (тәте), ег - меч (әйел) тұлғалары қазіргі түркі тілінде тек өлі жұрнақ ретінде ғана кездеседі. Ал Т.Қордабаев пен М.Томановтың еңбегінде зат есім жасайтын жұрнақтарды көп емес деп көрсетеді. Олар: -лық, (-лік, -лұқ, -лүк); -лығ, -ліг; -чы, -чі; -кучі, -ғучы, -гучі; -стан; -ғұн, -ғын, -қын, -ғын. -лық, (-лік, -лұқ, -лүк) жұрнақтары ең жиі кездесетін өнімді жұрнақтар. Сондықтан да бұл жұрнақтар этимологиясын және мағыналық құбылыстары жөнінде тюркологтар көп пікір айтқан. -лығ, -ліг жұрнағы жайында Н.А.Баскаков бұрынырақта әр жақты мағынаны білдірген және дерексіз атауды білдіретін аффикс дегенді айтқан. –лық жұрнағы арқылы жасалатын туынды зат есімдерді екі топқа бөлуге болады: бірі негізгі түбір зат есімнен жасалғандар, екіншісі басқа сөз таптарынан жасалғандар. -чы, -чі жұрнағы арқылы жасалатын туынды зат есімдер көп емес. -кучі, -ғучы, -гучі жұрнақтары өткен ғасырда қолданғанымен қазіргі әдеби тілімізде кездеспейді. –стан бұл жұрнақ халықтың елі деген мағынадағы жұрнақ. -ғұн, -ғын, -қын, -ғын бұл жұрнақтар етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар [2, 11].
А. Есенқұловтың көне түркі тілінде ескерткіштеріндегі жұрнақтардың көрсеткіші былай берілген:
-ғ,-г, -ығ, -іг, -уг, -ағ, -ег: алығ
-ғақ, -гек, -қақ, -кек: йырғақ
-ғақы: йырғақы
-ғут: бошғут
-гү: беңігү
-гүн: Бүкегүн
-еч: егеч
-қы: Байырқы
25- тей түрі бар [1, 233].
Сонымен Орхoн-енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихына үш ғасырға жуық уақыт өтті. Орхон-енисей, Талас ескерткіштеріндегі жұрнақтардың кейбірі қазіргі кезде біраз түркі, қазақ тілінде сақталған. Сондықтан зат есім салыстырылған түркі тілдерінде жеке мағыналы сөздер болып есептеледі. Олар затты, табиғат құбылыстарын, оқиғаларды, өмірдің әр түрлі көріністерінің қай саласын болса да өз еншісіне алады [3, 60]. Бұл зат есімнің өрісінің кең екендігін көрсетеді. Сондай сан алуан заттық ұғым білдіретін сөздердің көбінің мағынасы жақын болып келеді. Орхон-енисей, Талас жазбалaрында сөз тудыратын жұрнақтардың көпшілігі тікелей негіз түбір сөзге жалғанатындығын көруге болады. Мысалы: тонлығ, біліг т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет