№4 СӨЖ. Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары: қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топ реформаларына қарсылық көрсетуі
А. Байтұрсынұлы әдеби қазақ тілінің қалыптасуы мен араб жазуын реформалау үшін көп тер төкті.
Қазақ АКСР-і құрылғаннан кейін, 1920-1921 жылдары халық ағарту комиссары болды. 1922-1925 жылдары ҚазАКСР Халық ағарту комиссариатының ғылыми-әдеби комиссиясын басқарды. А.Байтұрсынұлы мемлекеттің қызметпен қатар педагогикалық қызметпен айналысты. 1921-1928 жылдары халық ағарту институттарында қазақ тілі және әдебиеттен, мәдениет тарихынан сабақ берді. А.Байтұрсынұлы- тілтану және әдебиеттану бойынша бірқатар оқулықтардың авторы. Ол алғашқы қазақ әліпбиін жасады.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» жұрналы мен «Қазақ» газетінің беттеріне білдіре бастайды. Қазақ жазуына, тіліне ыңғайлысы ол «Арап» әріптері еді. А.Байтұрсын араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдады, себебі А. Байтұрсыновтын реформасы қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сонымен қатар оның 1912 жылдардан бастап ұсынған, осы альфабитті негізге алған жаңа жазуы ( ол «Жаңа емле» деп аталады) іс жүзінде қолданыла басталды. 1915 жылдың бір өзінде осы емлемен (жазумен) 15-тей қазақ кітабы басылып шығыпты және бұл жазуды («Жаңа емлені») 1912 жылдардан бастап мұсылман медреселері мен қазақ – орыс мектептері де қолдана бастапты. 1924 жылы Орынборда маусымның 15 – сіндегі мәжілісінде А. Байтұрсын «Әліпби тақырыпты» деген баяндама жасайды. Ол түркі халықтарының қолданып келе жатқан жазуы бар екендігін, оны тастап, басқа графикаға көшу оңай емес деген пікірін осы съезде дәлелдейді. Әліпби (графика) қандай қасиеттерге ие болу керек деп, қазақ халқы қолданып отырған, икемделіп, өңделген (реформаланған) араб алфавитінің он сипаттарын (қасиеттерін) көрсетеді де, латынға көшкенде, латын алфавитін қолданушы Еуропа халықтары тіліне түркі жұрттарының қатысы жоқ дей келіп, «латын әліпбиін тұтынған (еуропалық) жұрттар орыстың орнында болып, аузына қарап… Онда алуға мағына бар дер едік» деп ойын орнықтыра түседі.
1928ж. араб әрпі латын әрпімен, 1940ж. кириллицамен ауыстырылды.
Қаріпке көшу кезеңі
Араб әліпбиін қалдыруды жақтаушылар латын қарпін қолдануға көшу — ұлттық мәдениетке жасалған қастандық екендігін айтты. Олар Қазақстанда тек еуропалықтарға тән жаңа әліпбиге көшу қажет, бірақ оған әлі жағдай пісіп-жетілген жоқ деп есептеді. Алайда біртұтас мәдениет кеңістігін орнықтыру міндетін ұстанған Кеңес басшылығы республика өкілдерінің пікірімен санаспады. Жаңа әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылып, ол 1928 жылдың күзінде латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиінің жобасын ұсынды. Латын қарпіне түгел ауысып болғанша араб графикасы пайдаланыла тұратын болды. Полиграфиялық техника латын алфавитімен жабдықтала бастады Бұл газет, оқулықтар, әдебиеттер шығаруды жеңілдетті. Республика бір мезгілде екі әліпбиді, яғни: қазақ тілі үшін — латын, орыс тілі үшін - кириллицаны қолданатын болды.
XX ғасырдың 30-жылдарының соңына қарай КСРО тоталитарлық мемлекетке айналды. Тоталитарлық жүйенің орнауы мәдениеттен де байқала бастады. 1940 жылы кириллица негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің жобасы жасалды. Жоғарғы кеңестің 1940 жылы 10 қарашадағы V сессиясында «Латынданған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |