А. Байтұрсынұлының «Оқу құралы» кітаптарына енген материалдарға талдау жасау


а, р, з, л, с, т, о, н, қ, б, у, ұ, ж, ш, ы, м, ғ, д, п, ң, й, ө, ү, і, ә, е, к, г



бет2/2
Дата16.04.2022
өлшемі18,37 Kb.
#31177
түріОқулық
1   2
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы

а, р, з, л, с, т, о, н, қ, б, у, ұ, ж, ш, ы, м, ғ, д, п, ң, й, ө, ү, і, ә, е, к, г әріптері қамтылған.

Оқулық а, р, з таңбаларын танытудан басталады. Бұл үш дыбыстан тұратын ар, ара, араз, аз, аза, азар, зар деген сөздердің таңбалануы көрсетіледі. Кітап бетінің төменгі жағындағы сілтемеде: «Бұл үш хәріфті балаларға үйрету үшін әуелі әрбірін бөлек-бөлек бір-бір жапырақ қағазға үлкен етіа жазу.Сонан соң А-дан бастап әрбірін балаларға бөлек-бөлек көрсету.Балалар әрбірін жаңылмайтындай болып білген соң, алифбаға қаратып оқыту. Бормен жазатын үлкен тақтай болса, әрбірін бөлек-бөлек тақтайға жазып көрсетсе де болады» деп хат таныту жолын көрсетіп сабақ әдісін қоса кеткен. Басқа да әріптерді үйретуде де дәл осылай сілтемелер берілген.

«Оқу құралында» барлық әріптерді өтіп болған соң, балаларға танымдық материалдар ұсынылады. Олар: туысқан-туған ілікдес(ата,баба,әке,ана,әже т.б),киімдер(шапан,ішік,тон,шекпен,бешпент,тымақ т.б), ойын-ойыншықтар(жалақ,соқыр теке,жасырынбақ,балтам-тап т.б), тамақтар-сусындар(нан,ет,тары,сөк,құймақ,бөртпе,құрт т.б), үй саймандары(шаңырақ,уық,кереге,есік,босаға,таяныш,маңдайша,сықырлауық т.б),ыдыс-аяқ(қазан,тегене,шара,табақ,аяқ,тостаған,кесе,құман сапты-аяқ т.б), малдар аты(түйе,жылқы,сиыр,қой,ешкі және бұл жануарлардың жас ерекшеліктеріне байланысты атаулары ), малдан басқа төрт аяқтылар(ит,мысық,тышқан,күзен,тиін,қарсақ,борсық т.б),құстар(бүркіт,тұйғын,сұңқар,қаршыға,ителгі т.б), бақа-шаян(жылан,кесіртке,көл-бақа,құр-бақа,тас-бақа), құрт-құмырсқа(қоңыз,бүйі,шаян,көбелек,маса т.б), жер түгінің аттары(ағаштар,шөп-шөлеңдер атаулары), жер жүзінің аттары(тау,адыр,қыр,жон,жота,дөң,төбе т.б),сан(бір,екі,үш,төрт,бес т.б) деп тақырыптарға бөлініп, сол салаға жататын атау сөздер топтамасы берілген.Дене мүшелері атауы өлеңмен берілген:

Құлақ екеу,ауыз біреу,

Ол не үшін бұлай?

Көп тыңдап,аз сөйлеуге

Жаратқаны ол солай.

Ауыз біреу, қол екеу,

Ол не үшін бұлай?

Көп көріп, аз тыңдауға

Жаратқаны ол солай.

Ауыз біреу,қол екеу,

Ол не үшін бұлай?

Көп жұмысшы,аз жеуші,

Жаратқаны ол солай.
Сонымен бірге автор балаларға ыңғайлы тілмен жазылған жаңылтпаш, жұмбақ, мақалдар және шағын мәтін мен өлең жолдарын жазған.

Мысалы: «Қосет атам ет асатар,ет асатса бес асатар», «Айдалада ақ сандық,аузы,мұрны жоқ сандық», «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы»



«Оқу құралы» тек сауат ашып қоймайды, сонымен қатар балалар үшін танымдық материалдарды, мысалы,қазақша және парсыша күн аттарын, арабша және орысша жұлдыз аттарын, қазақша ай аттарын ,жыл аттарын ұсынады. 96 беттік бұл оқулық «ұсақ әңгімелер» деген атпен автордың өзі құрастырған 24 шағын әңгімелер тексімен және «Балалық күй» атты өлеңмен аяқталады.

Оқу құралы. Қазақша алифба. Бұл кітап алғаш рет 1912-ші жылы Орынбордағы жарық көрген. Автор «Балалар, бұл жол басы даналыққа» деп басталатын «Тарту» атты ғибрат тақпағын оқулықтың беташары ретінде берген. Кітаптың әріп үйретер бірінші бетінің үстіңгі оң жағына Құран сөзі: «Би исми-иллаһи-рахмани-раһим» шырағдандай орналастырылған. Әрі қарай қазақ әріптері төте жазу жолымен рет-ретімен беріледі де, әрбір харіптің тұсына таңбасы және сол таңбаның атауы жазылады. Және төменгі жағына оқытушыға түсінік, яғни нұсқаулығы қатар ұсынылады. Сонымен қатар, соңына қазіргідей шұбыртпалы ұзыннан-ұзын мәтіндер емес, қысқа әрі нұсқа оқушының ұғымына сай, түсінігіне лайық мәселен: Туысқан-туған атаулары, тұрмысқа қажетті киім, үй саймандары, ыдыс-аяқ, мал мен хайуандар атаулары және ас-тағамдармен қатар, дене мүшелерінің атаулары т.б. қамтылады. Оқу құралының екінші кітабы алғашқы әліппеге жалғасты ретінде толықтырылып, 1913-ші жылы шықса, «Әліппе – астары» атты әліппеге жетекші құралы 1924-ші жылы жазылған.Осы оқулықтардың бала сауаттандырудағы қажеттілікті өтеудегі зор қызметіне, оның 1912, 1913, 1914, 1916, 1921, 1922 (2 рет), 1923, 1925-ші жылдары жиі басылым көруі айғақ. Кітап ғалымның аяулы есімі ақталғаннан кейін бірінші рет бүгінгі әріпке түсіріліп, ҰҒА-ның Тіл білімі институтының дайындауымен 1992-ші жылы жарық көрген «Тіл тағылымы» атты жинаққа енді (Б. 33-47).

Сондай-ақ, Қырғыз республикасының филолог-ғалымы Дыйканов Карбоз өз қаражатымен осы кітаптың 1914-ші жылғы басылымын 1991-ші жылы 5000 данамен қайтадан бастырды. Кітап қаз-қалпында, яғни төте жазумен жарияланды. Ал кітаптың әр жылдары жарық көрген барлық нұсқаларын тауып, салыстыру мүмкіншілігі болмады. Ұлттық кітапхананың сирек қорында бұл 1912-ші жылғы кітаптың қандай да данасы сақталмаған. Бұл оқулық тек Тіл білімі институтының мұрағатында ғана сақталса керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет