А. Байтұрсынұлының Ұстанымдары бойынша қазақ тіліндегі жалғаулар парадигмасы



бет1/3
Дата25.03.2023
өлшемі38,51 Kb.
#76091
  1   2   3
Байланысты:
Морфология семинар


А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАЛҒАУЛАР ПАРАДИГМАСЫ
А.Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» еңбегінде «Қосымшалар дегеніміз – сөз емес, сөзге жалғанатын буындар; бұларда өз алдына мағына да жоқ, басқа сөзге жалғанбай бөлек айтылмайды да. Сондықтан бұлар қосымшалар деп аталады. Қосымшалар екі түрлі: біреулері жалғанған сөзінің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейді; екіншілері жалғанған сөзінің тұлғасын да, ішкі мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастапқы қосымшалар тысқарғы жалғаулар я тікелей жалғау деп аталады; екінші қосымшалар ішкергі жалғаулар я тікелей жұрнақ деп аталады.
Түсінікті болу үшін мысал келтірейік. Алалық, «жылқы» деген сөзді һәм «-шы», «-ның» қосымшаларды. «Жылқы» деген сөзге «-шы» қосымшаны да, «-ның» қосымшаны да қосып байқайық: қайсысы жалғау, қайсысы жұрнақ болып шығар екен. Жылқы-жылқы-шы, жылқы-жылқының, «жылқышы» дегенде сөздің бастапқы тұлғасы да, мағынасы да өзгерілді яғни «жыл- қышы» деген сөз енді малдың есімін көрсетпейді, адамның есімін көрсетеді. «Жылқының» дегенде, сөздің тұлғасы өзгерілді, мағынасы, өзгерген жоқ яғни «жылқының» деген сөз бәрібір малдың есімін көрсетіп тұр. Бұл айтылғаннан мәлім енді болды: «-шы» қосымша жұрнақ екендігі, «-ның» қосымша жалғау екендігі. Жалғау аз, жұрнақ көп. Жалғау түбір сөзде де, туынды
сөзде де болады. Жұрнақ түбір сөзде жоқ, туынды сөздерде ғана болады.__
Жалғay һәм жалғаулықтар.
Жалғау екі түрлі: 1) Септік жалғау; 2) Көптік жалғау.
Септік жалғаулар сөздердің үйлесуіне сеп болады. Көптік жалғаулар нәрсенің жеке емес, көп күйдегі есімін көрсетеді.
Септік жалғау бесеу: 1. Ілік жалғау «-дың»; 2. Барыс жалғау «-ға»; 3. Табыс жалғау «-ды»; 4. Жатыс жалғау «-да»; 5. Шығыс жалғау «-дан».
Көптік жалғау біреу-ақ: «-лар», «-лар» жалғау жіңішке сөзде «-лер» болады.
Сөздің аяқ дыбысы дауыссыз яки жарты дауысты болса, «-лар» жалғау «-дар» болып, «-лер» жалғау «-дер» болып өзгереді.
Жалғаулықтар: менен, үшін, арқылы, туралы, тақырыпты уа ғайри сондай жалғау мағынасында жүретін сөздер.
Алдындағы сөздің аяқ дыбысының әуеніне қарап, жалғаулық «бенен» болып та айтылады. Қысқа түрлері «мен», «бен».
Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде ғалымдар жіктік жалғауының шығу төркінін жіктеу есімдіктерімен байланыстырады. Мәселен, А.Байтұрсынұлы жіктік жалғауларының жіктеу есімдіктерінен шыққанын айтады. Яғни жіктік жалғаулары мен‚ сен, ол жіктеу есімдіктерінен шыққан. Соған байланысты І‚ ІІ жақ жіктеу есімдіктері мен етістік әрдайым қиыса байланысады. Әрі жіктеу есімдіктері етістіктен кейін келіп, өзара қиыса байланысқан. Кейін қосымшаға айналып кеткен.
А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде анайы жіктеудің І жақ көпше түрі жоқ екені айтылады. Қазақ тіліндегі жіктеу есімдіктерінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес, сен есімдігінің көпше түрі сендер болғанмен, мен есімдігінің көпше түрі мендер бола алмайды. Ал кейінгі грамматикаларда көрсетіліп жүргендей, біз, біздер есімдігіне ауысса, ол сыпайы жіктеуге айналып кетеді. Анайы жіктеудің І жақ көпше түрінің біз-ге ауыса алмайтыны тәуелдеудің анайы-сыпайы түрін салыстырғанда‚ ерекше көзге түседі. А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерін зерделей отырып, ғалымдардың тәуелдеу мен жіктеуді, ең алдымен, анайы және сыпайы түрге бөліп алғанын көреміз. Анайы түрін іштей І жақ (мендік), ІІ жақ (сендік), ІІІ жақ (бөгделік), сыпайы түрін І жақ (біздік), ІІ жақ (сіздік), ІІІ жақ (оларлық) түрінде бөліп алған. А.Байтұрсынұлы бала сөзінің жіктелуін былайша көрсетеді:
Анайы жіктеу:

Ж е к е ш е: К ө п ш е:


І ж. (мендік) баламын І ж. (мендік) —


ІІ ж. (сендік) баласын, ІІ ж.(сендік) балаларсыз
ІІІ ж. (бөгделік) бала ІІІ ж.(бөгделік) балалар

Сыпайы жіктеу:


Ж е к е ш е: К ө п ш е:


І ж. (біздік) баламыз І ж. (біздік) балалармыз


ІІ ж. (сіздік) баласыз ІІ ж. (сіздік) балаларсыз
ІІІ ж. (оларлық) бала ІІІ ж. (оларлық) балалар

Сол сияқты тәуелдеу үлгісін көрсетуде де осы жүйе бойынша анайы-сыпайы түрге жіктейді. Мысалы:


Анайылық түрі:


Ж е к е ш е: К ө п ш е.

І ж.(мендік) атам І ж. (мендік) аталарым


ІІ ж.(сендік) атаң ІІ ж. (сендік) аталарың
ІІІ ж.(бөгделік) атасы ІІІ ж. (бөгделік) аталары

Сыпайылық түрі:


Ж е к е ш е: К ө п ш е:


І ж. (біздік) атамыз І ж. (біздік) аталарымыз


ІІ ж. (сіздік) атаңыз ІІ ж. (сіздік) аталарыңыз
ІІІ ж. (оларлық) атасы ІІІ ж. (оларлық) аталары
А.Байтұрсынұлы анайылық түр – оңаша тәуелдеу, сыпайылық түр – ортақ тәуелдеу болатынын айтады. Тәуелдік, жіктік жалғауларының сыпайы түрі тек ІІ жақпен ғана шектелмейтінін тіл фактілері де көрсетіп отыр. Ресми стильде мен орнына біз қолданылады. Тіл – тұтас жүйе болғандықтан, оның әрбір мүшесі сол жүйеге бағынып тұрады. Сондықтан анайылық жөннің үш жақта көрінетіні сияқты, сыпайылық жөн де осы үлгімен берілуі қажет деп ойлаймыз.
А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін терең пайымдап, өзіне дейінгі тіл білімпаздарының еңбектерін зерделей отырып, жіктеуді‚ ең алдымен‚ анайылық және сыпайылық жөнге жіктейді де оларды іштей жекеше-көпше түрге саралайды. Сонымен қатар ортақ, оңаша тәуелдікті жіктеу іштей тағы да анайы-сыпайы, жекеше-көпше түрге бөлініп, жіктеу үлгісі бірізділікпен, жүйелі түрде баяндалған. Бұл жіктеу кейін Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде де сабақтастық тапқан. Қ.Кемеңгерұлы еңбектері орыс топтарына арналғандықтан, қолданған атаулары орысша болғанымен, жіктеу ерекшелігін танытуда А.Байтұрсынұлының еңбектерін басшылыққа алған. Сол себепті А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде біраз ұқсастықтар байқалады. Атап айтқанда:
а) жіктеуді анайы-сыпайы жөнге ажырату;
ә) анайы жіктеуді І жақ (мендік), ІІ жақ (сендік), ІІІ жақ (бөгделік); сыпайы жіктеуді І жақ (біздік), ІІ жақ (сіздік), ІІІ жақ (оларлық) түрінде жіктеу;
б) қазақ тілінде анайы жіктеудің І жақ көпше түрі жоқ екенін көрсету;
в) тәуелдеулі жіктеу түрлерін, олардың өзіндік ерекшелігін (қиғаш жалғануын) көрсету;
г) жіктеулерді есімдерге қатысты да, етістіктерге қатысты да қолдану;
ғ) есім жіктеулерінің е- көмекші етістігінің қатысуы арқылы да жасалатынын айту; е- етістігінің жіктелу үлгісі;
д) етістік жіктеулерінің болымды-болымсыз түрлерін көрсету;
е) анайы жіктеудің І, ІІ жақтарында сөздер өзара жекеше, көпше ымыраласып, ІІІ жақ көпше түрінде ымырадан шығып кететінін көрсету.
«Жіктеу» жалғаулары дегеннің орнына «айқындық» жалғаулары деп қолданғанмен, Қ.Басымұлының еңбектері де жіктеулерді анайы-сыпайы түрге бөлуі жағынан А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерімен сарындас. Т.Шонановтың «Самоучитель казахского языка для русских» деген еңбегіне пікір жазушы Байменов пен Қасымов та автордың жіктеудің көпше түрі етістік түбіріне -ыңыз қосымшасы жалғану арқылы жасалады (алыңыз) деген тұжырымына қарсылық білдіріп, алыңыз деген сөз сыпайы жіктеудің жекеше түрі болатынын, ал етістігінің анайы, көпше түрі, алыңдар болуы керектігін айтады
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ЖІКТІК ЖАЛҒАУЫ МЕН ЖІКТЕУ ЕСІМДІКТЕРІНІҢ БАЙЛАНЫСЫ, ЫМЫРАСЫ ТУРАЛЫ ТҰЖЫРЫМДАРЫ
Ахмет Байтұрсынұлы жалғауларды жай жалғау (көптеу, септеу), жақ жалғау (тәуелдеу, жіктеу) деп топтастырады. Қызығы, Н. Ильминский, П. Мелиоранский, H. Созантов еңбектеріндегі көптік жалғау халық, ру аттарына, жануар, дене мүшелерінің атауларына, қос сөздерге жалғанбайтыны туралы айтылады. Ғалым "Тіл құралында" септіктің бес түрін көрсетеді. Ахмет Байтұрсынұлы: "Септік жалғау бесеу"; 1) ілік жалғау "да"; 2) барыс жалғау "ға"; 3) табыс жалғау "ды"; 4) жатыс жалғау "да"; 5) шығыс жалғау "дан"5, 2003, - дейді. Ахмет Байтұрсынұлы атау, көмектес септіктерін септік құрамына қоспайды. Ахмет Байтұрсынұлы атау септікті "нольдік форма" деп таныған. Байқап қарасақ, бүгінгі кездегі тілші ғалымдар нысана етіп, Ахмет Байтұрсынұлы септеу үлгісін пайдаланады. П.М. Мелиоранский "салыстырмалы" (сравнительный падеж) септік жалғауы ретінде - дай тұлғасын қосып, 7 септеу берген 47, 31. М. Тереньтев, И. Лаптев пен H. Созонтов 9 түрін атайды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін терең пайымдағандықтан төмендегідей сипаттайды: жіктеуді анайы- сыпайы жөнге ажыратып, анайы жіктеуді І жақ (мендік), II жақ (сендік), III жақ (бөгделік); сыпайы жіктеуді І жақ көпше түрі жоқ екенін көрсетіп, жіктеу үлгісі бірізділікпен, жүйелі түрде баяндалған болатын. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы еңбегінде жіктік жалғауларының жіктеу есімдіктерінен шыққаны айтыла келіп, соған сәйкес I жақ көрсеткіш -мын-мін түрінде, II жақ -сын-сін түрінде берілсе, кейінгі қазақ зерттеушілер еңбегінде II жақ көрсеткіштері -сың-сің түрінде көрсетіледі.
Ғалым есімдікке төмендегідей анықтама береді: «Есімдік дегеніміз — есімдердің, яғни зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің, орнына жүретін сөздер, мəселен, мағлұм дегеннің орнына «мен» деймін, саған сөйлегенде атыңды атаудың орнына «сен» деймін, анау баланың атын атаудың орнына«ол» деймін. «Мен», «сен», «ол» деген сөздер зат есімнің орнына жүрген себептен есімдік болады» [1; 226]. Есімдіктерді бес түрге бөледі: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу; 3) сұрау; 4) жіктеу; 5) танықтық есімдігі.
Жіктеу есімдіктеріне қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүргендей мен, сен, сіз, ол түрлерін жатқызады. Жіктеу есімдіктерінің септелуін көрсетіп, олардың септелуінде басқа зат есімдердің септелуінен ерекшелік бар екенін айтады. Оларды мысалдармен дəлелдейді. Сілтеу есімдіктерінің мағынасына қарай жақындағыны жəне алыстағыны көрсететін болып бөлінеді дей келіп, мысалдармен дəлелдейді. Автордың есімдіктерді түсіндіруінде қазіргі теориямен салыстырғанда еш өзгешелік жоқ.
Сұрау есімдігіне: «Сұрау есімдігі дегеніміз — біреуден бір нəрсе сұрағанда айтылатын сөздер», — деп анықтама береді [1; 227]. Оған кім?, не?, қайсы?, қандай?, нешеу?, қанша?, нешінші?, қашан? деген есімдіктерді жатқызады. Бұның қазіргі теориядан айырмашылығы жоқ.Жіктеу есімдіктеріне мынадай анықтама береді: «Жіктеу есімдігі дегеніміз — нəрсенің жігін айта сөйлегенде айтылатын сөздер, мəселен, бəрі, барша».
Жіктеу есімдіктеріне мына есімдіктерді жатқызады: өз (өзім, өзің, өзі), бəрі, барша. Олардың тəуелдік жалғауының 3 жағында септелуін көрсетеді. Ғалымның бұл терминді алуындағы бір кемшілік — бұл терминнің қалыптасқан «жіктеу есімдігі» (мен, сен, ол) терминімен сəйкес келіп, онымен омоним болуы.
Ғалым есімдіктің бұл түрінде өз есімдігі қарастырылған. Қазір бұл есімдік (өздік есімдігі) есімдіктің парадигмалық түрін құрайды. Ал бəрі, барша есімдіктері жалпылау есімдіктері деп аталады.Есімдіктердің 5-ші түрі танықтық есімдігіне мынадай түсіндірме береді: «Танықтық есімдігі дегеніміз — нəрсенің жоқтығын, яки анық белгілі еместігін көрсеткенде айтылатын сөздер. Мəселен, һешкім, һештеме, дəнеме, һешбір. Бұлар жоқтықты көрсетеді; кей, қайсыбір — бұлар түгел еместігін, біреу, əлдекім, əлдене анық белгілі еместігін көрсетеді» [1; 230].
Қазіргі морфологияда һешкім, һештеме, дəнеме, һешбір болымсыздық есімдіктерге жатқызылса, біреу, əлдекім, əлдене есімдіктері белгісіздік есімдіктерге жатады.

ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨПТІК ҚОСЫМШАСЫН ТАНУҒА ҚАТЫСТЫ ПІКІРТАЛАСТАР


Тілімізде сөйлем ішінде сөздерді бір бірімен байланыстырып, нәтижесінде айтылатын ой түсінікті, мағыналы болып шығу үшін аса қажетті қосымша категорияның бірі - жалғаулар. Жалпы жалғаулардың ортақ бір ерекшелігі - жалғанған сөздерге грмматикалық мағына үстеп, форма жағынан өзгерткені болмаса, өз алдына дербес лексикалық мағынасы болмағандықтан жеке қолданылмайды, әрі тұлға жағынан тұрақсыз. Олардың тұлға жағынан тұрақсыз болуы, қазақ тіліндегі сингармонизм және үндестік заңдылығына байланысты тек қана жуан не жіңішке түрде ғана емес, бірде қатаңнан, бірде ұяңнан не үндіден басталуынан. Жалғаулар тұлға-тұрпаты шексіз деуге болмайды. Мысалы, барыс септігінің жалғаулары: -ға, -ғе, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е түрінде келуі түбір тұлғаның соңғы дыбыстарына, сингармонизм заңына байланысты. Мұнан басқа қай жалғаулар болмасын басқа варианттары болмайды. Жалғаулар жұрнақ секілді сөздің лексикалық мағыналарын өзгерте алмағанымен, оның жалғану аясы кең. Мәселен, жіктік жалғауы сөйлемде баяндауыш болатын бүкіл сөз таптарына жалғанып, сөздерді түрлендіре алады.

Сонда жалғаулар сөздерді байланыстыру жолында өзгертіп, түрлендіретін, грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып табылады. Жалғаулар да сөз құрамындағы жеке морфемалық бөлшек бола отырып, сөздер арасындағы әр алуан қатынастарды, түрлі грамматикалық мағыналар үстеу жағынан, яғни қызметі жағынан бірнеше топтарға бөлінеді: көптік жалғау, септік, тәуелдік және жіктік жалғау.


Сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемдегі басқа сөздермен байланыстырып тұратын қосымша жалғау деп аталады. Жалғаулар сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне, соңғы дыбыстың қатаң, ұяң, үнді дауыссыз екендігіне қарай үндесіп жалғанады. Мысалы: бала+ңа, адам+ды, кесе+ге, ұшақ+тан.
Қазақ тілінде 3 түрлі жалғау бар. Олар: тәуелдік, септік және жіктік жалғаулары. Зат есім тәуелденеді, септеледі. Тек адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеле алады. Мысалы: Сен Асқардың баласысың. Оны мақтан етуің керек! Дегенмен кейде адам мәнінде қолданылған зат есімдер де жіктеледі. Мысалы: Сен мөлдір бұлақ-сың, мен асқар тау-мын.

Тәуелдік жалғау


Заттың біреуге не басқа затқа меншікті, тәуелді екенін білдіретін қосымша тәуелдік жалғау деп аталады.
Тәуелдік жалғау үш жақта қолданылады. Жақ адаммен қатысты болып, бірінші жақ сөйлеушіні, екінші жақ тыңдаушыны, үшінші жақ бөгде адамды білдіреді. Тәуелдік жалғауының І, ІІ жақтары үнемі адамға қатысты айтылады да ІІІ жағы адамға да, затқа да қатысты қолданыла береді. Мысалы: менің кітабым, сенің қаламың, оның дәптері, судың ағысы, өзеннің арнасы, т.с.с. Сондықтан ІІІ жақтың мағынасы кең болады.
Зат есімнің тәуелдік жалғауын қабылдауы зат есімнің тәуелденуі деп аталады. Тәуелдеу оңаша (анайы) тәуелдеу және ортақ (сыпайы) тәуелдеу болып екіге бөлінеді.
Заттың бір ғана адамға не затқа тәуелді, меншікті екенін білдіретін анайы түрдегі тәуелдеу оңаша тәуелдеу деп аталады. Заттың бірнеше адамға не затқа меншікті екенін білдіретін сыпайы түрдегі тәуелдеу ортақ тәуелдеу деп аталады. Яғни оңаша тәуелдеу анайы түрмен, ортақ тәуелдеу сыпайы түрмен беріледі.

Оңаша тәуелдеу


Жекеше:

І жақ атам, отауым, егеуім
ІІ жақ атаң, отауың, егеуің
ІІІ жақ атасы, отауы, егеуі

Көпше:

І жақ аталарым, отауларым, егеулерім
ІІ жақ аталарың, отауларың, егеулерің
ІІІ жақ аталары, отаулары, егеулері

Ортақ тәуелдеу


Жекеше:

І жақ атамыз, отауымыз, егеуіміз
ІІ жақ атаңыз, отауыңыз, егеуіңіз
ІІІ жақ атасы, отауы, егеуі

Көпше:
І жақ аталарымыз, отауларымыз, егеулеріміз


ІІ жақ аталарыңыз, отауларыңыз, егеулеріңіз
ІІІ жақ аталары, отаулары, егеулері

Ескерту. Тәуелдік жалғауын қолданудағы ерекшеліктер:


1) тәуелдік жалғаулы сөзбен матаса байланысқан ілік септіктегі сөздің қосымшасы кейде түсіп қалады. Мысалы: аудан әкімі, мектеп бастығы;
2) біздің, сіздің, өзіміздің деген есімдіктерден кейін келетін сөздердің тәуелдік жалғауы кейде түсіп те қолданылады. Мысалы: біздің жайлау, сіздің қалам, өзіміздің бала;
3) тәуелдеу мағынасы кейде жіктеу, сілтеу есімдіктеріне, зат есімдерге -нікі,-дікі,-тікі жұрнақтары тіркелу арқылы жасалады. Мұндайда олар сингәрмөнизм заңына бағынбай жалғана береді әрі меншіктелуші сөз меншіктенуші сөзден бұрын тұрады. Мысалы: кітап Серіктікі, қарындаш Ақандікі.
4) тәуелдік жалғауы затсымақтанған (субстансивтенген) басқа сөз табына да жалғана берді. Мысалы: Шашының ағы молайып барады;
5) бірқатар зат есімдерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда соңғы буынындағы қысаң дауысты дыбыс ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: халық – халқым, орын – орным, көрік – көркі, ерік – еркі, т.с.с.

Жіктік жалғау


Жіктік жалғауы да өзге қосымшалар сияқты сөздерді өзара байланыстыруда дәнекерлік рол атқарады. Зат есімге жіктік жалғауының үш жақта, жекеше, көпше түрде жалғануы зат есімнің жіктелуі делінеді. Баяндауыш қызметінде жұмсалған зат есімдер жіктеліп қолданылады. Әдетте I, II жақта адамға қатысты зат есімдер ғана жіктелсе, III жақта мұндай шектеме болмайды. Зат есімдер анайы және сыпайы түрде жіктеледі.

Анайы жіктеу


Жекеше:
І жақ баламын, қонақпын, кісімін,


ІІ жақ баласың, қонақсың, кісісің
ІІІ жақ бала, қонақ, кісі

Көпше:
І жақ жоқ


ІІ жақ балаларсың, қонақтарсың, кісілерсің
ІІІ жақ балалар, қонақтар, кісілер

Сыпайы жіктеу


Жекеше:
І жақ баламыз, қонақпыз, кісіміз


ІІ жақ баласыз, қонақсыз, кісісіз
ІІІ жақ бала, қонақ, кісі

Көпше:
І жақ балалармыз, қонақтармыз, кісілерміз


ІІ жақ балаларсыз, қонақтарсыз, кісілерсіз
ІІІ жақ балалар, қонақтар, кісілер

Жіктік жалғаулары үндестік заңына сәйкес жалғанады. Жіктелген зат есімге септік жалғауы жалғанбайды. Сол сияқты септелген сөздің бәрі жіктеле бермейді. Тек жатыс, шығыс септік қосымшалары жалғанған сөздер ғана жіктеледі. Мысалы: Сен үйдесің бе? Мен қаладанмын. Жіктелетін есім сөздің болымсыздық мағынасы сол сөзге емес сөзі тіркеліп, жіктік жалғауы жалғану арқылы білдіріледі. Мысалы: Мен малшы емеспін.


Көптік жалғаулар
Көптік жалғау өзі жалғанған сөзге көптік мағына үстейтіні рас, бірақ қазақ тілінде көптік форма тек бұл жалғау арқылы емес, басқа да лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы көптік категориясы жасалына береді. Мәселен, тіліміздегі қайсыбір сөздердің беретін лексикалық мағынасынан-ақ көптік ұғымдар бары көрініп тұрады. Мұндай сөздерге түбір күйінде тұрып-ақ жеке-дара санауға келмейтін зат атаулары жатады: бидай, су, тұз, ұн т.б. немесе жеке-дара атап көрсетуге болғанымен, біртектес заттар болғандықтан тілімізде олардың жалпы атаулары қолданылатын есім сөздер жатады: шөп (түрі көп), ағаш, қағаз, мал т.б., белгілі бір хайуанаттарға, жәндік пен аңдар түрлеріне қойылған атау да көптік ұғымды білдіреді. Мысалы, біздің ауылда қасқыр жеткілікті. Сол секілді: қоян, шегіртке, қой, жылқы, қоңыз, аю т.б.; қоғамда кездесетін түрлі ұйымдар, әлеуметтік экономиканың формация атаулары: капитализм, социализм, феодализм, мәдениет, дін, әдебиет т.б. құстар атаулары да көптік ұғымда қолданыла алады: қаз, үйрек, қарлығаш, бүркіт т.б. Мысалы: Бүркіт - негізінен таулы жерлерде өмір сүретін құстың түрі. Дәл осы секілді күнделікті мерзімді баспалардан шығатын газет-журналдар аттары: «Жұлдыз», «Жалын», «Замандас» т.б.; адамның жас ерекшеліктері, түрлі ішкі құбылыстар, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-әрекет және күй-жайлардың т.б. атаулары: жастық, кәрілік, қуаныш, ақыл, түс, жүріс, еріншектік, жалқаулық, махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік т.б., қысқасы, көптік категорияға байланысты сөздердің лексикалық мағынасы сараланып кете береді, біз оның қайсыбіреулерін ғана сөз еттік, тіпті күнделікті қолданылып жүрген құрал-жабдықтардың, құрылыс материалдарының жекелеген атаулары да көптік ұғымда жұмсала алады. Мысалы: Үй салу үшін алдымен кірпіш, тақтай жинау керек дегенде бір ғана кірпіш не тақтай туралы емес, әңгіме көп зат турасында болып отырғаны белгілі.
Қос сөздер синтаксистік тәсіл арқылы туған күрделі сөздер болғандықтан, олардың көптік ұғымды білдіруі лексикалық-синтаксистік тәсіл деп қараған жөн болады», - дейді А.Ысқақов («Қазіргі қазақ тілі», Алматы, 1974, 41-б.) Мысалы: бала-шаға, ыдыс-аяқ, іс-әрекет, ата-ана, көрші-қолаң т.б.

Сонымен қатар, көптік ұғым тілімізде морфологиялық тәсіл арқылы да беріледі. Әрине көптік жалғау -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) өнімді және жиі қолданылатын қосымшадан өзге –қ (-к), -ыз (-із, -з) секілді екі түрлі формалар бар. Бұл соңғы екі форма тарихи грамматикада өте ерте кезден келе жатқан қосымшалар ретінде қарастырылады. Қазіргі біз жіктеу есімдігі құрамындағы -з көптік ұғымда кейінгі кезде қалыптасқан көрінеді. Бұрын ол жұп, егіз, екеу болып келетін зат атауларына жалғанған көрінеді, ал қазір көптік ұғымды білдіргенімен оны сөз құрамынан жеке бөліп қарамаймыз. Тәуелдеудің көпше түрінің бірінші жағында да (біздің оқушылар+ымыз) сөзіндегі –ымыз –ым және –ыз деп құранды қосымша ретінде бөліп қарамай тұтас -ымыз, -іміз немесе кейде -мыз, -міз (көрші-міз) деп біртұтас қосымша ретінде қарастырылады, көптік ұғымды береді. Жекеше формада (сіздің қаламыңыз т.б.) жеке-даралықты білдіреді.


Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлы зат есімнің жекелік


және көптік түрін көрсетеді: Зат есімде екі айырым бар: 1) жекелік, 2)
көптік.
Жекелік айырыс нәрсенің жеке күйіндегі есімнің түрі, мәселен: ата,
дене, омырау, белбеу, ой, сырнай, керней, ашу, шыны, қаз, құнан, аяқ,
шелек.
Көптік айырыс: нәрсенің көп күйіндегі есімнің түрі, мәселен: аталар,
денелер, омыраулар, белбеулер, ойлар, сырнайлар, кернейлер, ашулар,
шынылар, қаздар, құнандар, аяқтар, шелектер (жети екжузбур). Ғалымның
мұндағы жекелік, көптік айрыс деген терминін қазіргі қолданыстағы
жекеше, көпше түр деп түсінеміз және көпше түрдің (-лар, -лер, -дар,
-дер, -тар, -тер) жұрнақтары арқылы берілетіндігін аңғарамыз[6,201].
Зат есімнің жекелік - көптік мағына ғылымда танылған. Бірақ 1954 жылғы
оқулықта көптік категориясы ғана сөз болды. Ал кейінгі грамматикаларда
(1962, 1967) зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі жеке тақырып етіп
Берілген.
А.Ысқақовтың оқулығында көптік
мағына талданған. Ғалымның пікірінше, Сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп,
түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін
морфологиялық формалар жалғаулар дей келе, қазақ тілінде көптік жалғау,
тәуелдік жалғау, септік, жіктік жалғау деп төрт түрін көрсетеді. Тілімізде
көптік категориясы да, көптік жалғау категориясыда бар. Ал осы екеуі бір де
емес және бірдей де категориялар емес. Көптік категориясы деген ұғым тым
жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы - одан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым.
Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық
тәсіл арқылы да, морфлогиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады.
Сөз атауының қай-қайсысы болса да жалпыланған, жинақталған ұғымды
білдіреді. Мысалы, ағаш, шөп, жылқы, ет, қағаз деген әрбір сөз саралауға
(даралауға) болатын біртектес заттарды жинақтай атап, жалпылама ұғымның
сипатын (атын) білдіріп тұр. Осындай мағынасы жалпылама ұғымды білдіретін
сөздердің өздеріде біркелкі емес. Олардың ішінде ешқандай қосымша
формаларсыз-ақ тұрып, тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер де бар.
Мұндай сөздерге жеке-даралап санауға (есептеуге) келмейтін заттардың аттары
(сү, сүт, сорпа, қымыз, тұз, ұн, жарма, жүн т.б.), ру, халық, ұлт, украин
Қазақ тіліндегі жалғауларды танып-танытудағы қатысты пікірталастар
Ахмет Байтұрсынұлы Жалғay һәм жалғаулықтар деп көрсетеді:

Жалғау екі түрлі:


1) Септік жалғау;
2) Көптік жалғау.
Септік жалғаулар сөздердің үйлесуіне сеп болады.
Көптік жалғаулар нәрсенің жеке емес, көп күйдегі есімін көрсетеді.

Септік жалғау бесеу: 1. Ілік жалғау «-дың»; 2. Барыс жалғау «-ға»; 3. Табыс жалғау «-ды»; 4. Жатыс жалғау «-да»; 5. Шығыс жалғау «-дан».


Көптік жалғау біреу-ақ: «-лар», «-лар» жалғау жіңішке сөзде «-лер» болады.


Сөздің аяқ дыбысы дауыссыз яки жарты дауысты бол- са, «-лар» жалғау «-дар» болып, «-лер» жалғау «-дер» болып өзгереді.


Жалғаулықтар: менен, үшін, арқылы, туралы, тақырыпты уа ғайри сондай жалғау мағынасында жүретін сөздер.


Алдындағы сөздің аяқ дыбысының әуеніне қарап, жалғаулық «бенен» болып та айтылады. Қысқа түрлері «мен», «бен».


Нәтижесінде Жалғаулар


Септік – -ның, -дың, -ға, -ге, -қа, -ке, -ны, -ды, -да, -дан, -нан, -ден, -нен.


Көптік – -лар, -лер, -дар, -дер.


Ахмеди Ысқақов “Қазіргі қазақ тілі”


Зат есімге көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау, жіктік жалғау деп аталатын төрт түрлi косым шалар жалғанатыны белгілі.


1. Кептік жалғау- нәрсенің көптігін білдіретін грамматикалык форма. Бiрақ көптік жалғаудың кызметi тек осы аяда ғана қалып қоймайды, ол зат есімнен басқа да сөздерге қосылып, оларға да қосымша семантикалық мағына жамайды және әр қилы я жалпы, я жалқы стилистикалык реңдер мен ерекшеліктер үстейді.


2. Тәуелдік жалғау - негiзiнде зат есiмге тән қосымша бола тұрса да, өзге де көптеген сөздерге жалғанатындықтан, бұл бiрiншi бөлiмде өз алдына белек қаралады.


3. Септік жалғау да есімдіктерге, сын есімге, сан есімге, есімшелерге және басұа субстантивтенетін сөздерге (көптеулі, тәуелдеулі сөздерге де) жалғанады.


4. Жіктік жалғау. Зат есім сөйлемде баяндауыш болса, жоғарыда көрсетілгендей, жай-күй етістіктерінің (жатыр, жүр, тұр, отыр) жіктеу үлгісі бойынша тиісті жіктік жалғауларын қабылдайды, демек, жіктеу есімдіктерінен болған бастауыштармен жақтасып жіктеледі. Осыған орай зат есімнің жіктелуі жалпы белiмде өзге мәселелермен қоса қаралды.


Оралбай Нұржамал “ Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы” атты еңбегінде де жалғаулар тілде 4 түрлі: 1) көптік жалғау, 2) тәуелдік жалғау. 3) септік жалғау, 4) жіктік жалғау деп көрсетеді.


Қазіргі күнде күнде жалғау — сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар.


Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет