а) ер құны дауы ә) жер дауы б) жесір дауы в) мал дауы г) ар-намыс дауы ғ)
халықтың намыс дауы 4. Шешендік суырып салмалық: а) айтыс ә) суырып
салмалық б) бірқақпайлар в)аңыз бен қалжың-оспақ. [5.67]
деп ғалымдар
тұжырым жасаса ол да А. Байтұрсыновтың терең ойы, тапқыр пікірлерімен
ұштасып жатыр.
Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның әлеуметтік-қоғамдық
істерін, дүниетанымдағы ерекшеліктерін өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін
айтқанадамның бірі – Сәкен Сейфуллин. Ол "Еңбекші қазақ” газетіне (1923
жыл, 30қаңтар) "Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды” деген арнаулы мақала
жазып, онда былай дейді: "А.Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі.
Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында
патша арам қулықты
атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын
жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқығанмырзалар шен іздеп жүргенде
қорлыққа шыдап, құлдық қакөніп, ұйқыбасқан қалың қазақтың ұлт намысын
жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді -, деп
жазуы А. Байтұрсыновқа өз кезінде берілген үлкен баға.
Шешендік сөздер ертегі, аңыздар мен халық поэзиясынан іріктеліп,
сұрыпталып, бөлініп шығып әдеби тіліміздің қалыптасуына жағдай
туғызды.
Шешендік сөздер әдеби тілдің сөздік қоры екенін А. Байтұрсынов өз
кезеңінде – ақ анық айтты. Оның нақты
мысалы ғалым айтып отырған
шешендік сөздердің сөздік құрам, сөйлем құрылысы жағынан қазіргі әдеби
тіл нормаларынан ешқандай алшақтығы жоқ екенін көреміз
.
Демек шешендік
сөздер басқа жанрлар секілді әдеби тілдің ұйытқысы болған. Шешендік
сөздің сөйлеу құрылысын, сөйлеу ережесін бойға сіңіру әдеби тілімізді
байытады, ой- өрісімізді кеңейтеді
А. Байтұрсыновтың әдебиет теориясына
байланысты ойларын алға апарушы академик З. Қабдолов өзінің «Әдебиет
теориясы негіздері»
еңбегінде ғалым ойларын тереңдете былай дейді:
«Әдеби тіл – жай тіл емес,
көркем тіл, демек сұлу сөз. Ал осы
көркем,сөз
сұлулығы дегенді қалай түсіну керек?
» (
1
.220), - äåï æàç
ғ
àí åäi.
Бұл
А. Байтұрсынов сынды ғұлама ғалымның қазақ шешндік өнеріне тектен тек
қызыға қарамағандығын, шешендік сөздің артында халық байлығы, халық
тілі,мәдениеті, пәлсафасы бар екенін көрсетеді
Әдебиеттер:
1. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы,
Мектеп, 1970 ж. - 379 бет.
2. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы, Жазушы, 1991 ж. - 372 бет.
3. Қазақтың би-шешендері. Жазушы, 2001 ж. - 572 бет.
4. Садырбаев С. Қазақ халық әдебиеті. Алматы, Рауан,
1990 ж. - 240 бет.
5.
Шешендік сөздер . Алматы, Қазақ университеті
,
2003
Достарыңызбен бөлісу: