А.Байтұрсынов шешендік сөздердің жанры туралы
Краткое описание
:
А.Байтұрсыновтың әдеби-ғылыми мұрасының ішіндегі ең көлемді және айырықша
тиянақталған тұжырымды "Әдебиет танытқыш" еңбегі туралы
Издание
:
А.Байтұрсыновтың туғанына 100 жыл,
КАЗАХСТАН
Год, номер выпуска
:
2012 г., #1
Количество страниц, номера страниц
:
5, с 55 по 60
Сейдімханова Толқын
Әл Фараби атындағы
ҚазҰУ – нің аға оқытушысы.
А. Байтұрсыновтың шешендік сөздердің жанрлары
туралы толғамдары.
Шешендік сөздердің жанрын анықтау, оған жан-жақты талдау жасау -
көптен сөз болып келе жатқан мәселе. Солай бола тұрса да фольклорлық
шығарманың жанрлық ерекшелігін ашу, оның даму, туу процестерін саралау
- әлі жете зерттелмей келе жатқан проблема.
Бұл ретте ғалым
З.Қабдоловтың «Әдеби жанр термин ретінде шартты екі мағанада
қолданылады: 1) әдебиеттердің тектері - эпос, лирика, драма , 2) әдеби
шығарманың түрлері - әңгіме, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б»[1.18] ,-
деген пікірі А. Байтұрсыновтың ғылыми тұрғыда алғаш әдебиет пен
фольклордың көптеген мәселелерін жаңа теориялық тұрғыда байыптай
бастаған кезеңі тұрмақ, бүгінгі күннің өзінде әлі шешілмей келе
жатқандығының айғағы .
Қазақ ауыз әдебиетінің айрықша жанрының бірі – шешендік өнер
.
Шешендік өнер
-
ақындық,жыраулық,жыршылық,
айтыс секілді қазақ
әдебиеттінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрлардың бірі.
Сондықтан да А. Байтұрсыновтың осы бір жанрға ерекше көңіл аударғанына
таң қалуға болмайды
.
Шебер сөйлеу, айтқан сөзің нысанаға дөп тиюі үшін
шешендік сөзді жаттап жаттығу,оның қыр-сырын білу керектігін ғалым өз
еңбегінде үнемі айтып,жазып отырған.
Шешендік сөздерді А. Байтұрсынов көркем әдебиеттің негізгі
жанрлары: ертегі, батырлар жыры, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар
,
қара өлең, термелермен қатар қойып зерттеп ол адам ойын өрістетіп,
тапқырлыққа баулитын, адамның таным дүниесін кеңейтетін
,
биік
адамгершілік қасиеттерге үндейтін, қазақ
даласында әлеуметтік қызмет
атқарған жанр деп біледі
.
Сондықтан да қазақ халқы шешендікті терең
меңгерген адамды ерекше бағалап, жүйелі сөзге тоқтаған, тапқыр оймен
түйіндей білген адамды қасиет тұтқан.
Шешендік сөз парасатты ойға, ұшқыр шешімге,
тапқыр логикаға
құрылады. Шешендік дегеніміз айтылған сөзге әрі қисынды, әрі ұшқыр, әрі
ұтқыр жауап қайтару дейді ғалым өз топшылауларында
.
Жалпы, жанр дегеніміз даму үстіндегі ұғым, әрбір тарихи дәуірде әр
жанр өзінің негізгі тұлғасын сақтай отырып, сол кезеңге сай ерекшеліктерді
бойына сіңіріп дамиды. Бұл халықтың салт-санасы мен сол жанрды
пайымдаушы көзқарасынан туындайды. Жанр қимыл-қозғалыстағы тіршілік
жүйесі. Ол жаңадан туады, өседі, дамиды, кейде, тіпті, өшеді, яки жоғалып та
кетеді. Мұны әдебиеттің тарихи тағдырымен ұштастыру керек-ақ, сондай-ақ
оның түрі де әлеуметтік жағдайға сай,
әр кезеңде құбылып отырады, бірақ
нақты шағын ба, әлде көлемді ме әйтеуір көркем шығармаға тәуілді болады.
Шешендік сөздердің жанрларын анықтауға, оған жан-жақты талдау
жасауға алғашқы талпыныс жасаған ғалымдарымыздың бірі-Ахмет
Байтұрсынов. Ол өзінің «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде шешендік
сөздерді былайша бөледі: «Шешен сөздер бес түрлі болады: а) Шешендер
жиынды ауызынан қаратып, нандырып,
сендіріп, мемлекет ісіне қарар
шығару мақсатымен сөйлегенде саясат шешен сөзі деп аталады. ә) Шешендер
сотта айыпкер адамдарды ақтау, иә қаралау мақсатпен сөйлегенде сот
билігінде әсер ету үшін айтқан сөздері билік шешен сөзі деп аталады. б)
Біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошеметтеп
сөйлеген шешеннің сөзі қошемет шешен сөзі деп аталады. в) Білімділердің,
ғалымдардың пән мазмұнына байланысты сөйлегені білімгер шешен сөзі деп
аталады. г) Дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі, уағыз деп
аталады». [2.405]
Көріп отырғанымыздай, А.Байтұрсынов
шешендік өнер, шешендік сөз
туралы пікір айтып қоймаған, тың анықтамалар да бере білген. Сол
анықтамаларына дәлел ретінде ділмар сөзге бірнеше мысалдарды да
алдымызға тосады. Біз бұдан шешендік сөз деп жүрген терминді кезінде
А.Байтұрсынов ділмар сөз деп атағанын көреміз. Бірақ қалай атасақ та,
шешендіктің де, ділмарлықтың да негізінде тапқырлық пен ойлылық,
ақылдылық жатқанын байқаймыз. Мәселен, Қаздауысты Қазыбек би
жолаушылап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйінде
жоқтығына қарамастан,
әйелі қонақтарды жақсылап күтіпті. Сонда Қазыбек: «Әйелі мұндай, мұның
ері қандай екен?» - деп отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері көріксіздеу
ғана адам екен. Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:
Жарандар, бұл сөзімнің мәнісі бар,
Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар?
Құданың құдіретіне қарап тұрсам,
Жапалақ үйрек алған бірі ісі бар.
Сонда әйелі Қазыбектің сөзіне түсініп қалып:
Биеке, сөзіңіздің мәнісі бар,
Мәндінің мәнсізбенен көп ісі бар.
Жапалақ ілген құсын місе тұтпай,
Әлде де қоңыр қаздан дәмесі бар, - депті.
Сонда Қазыбек әйелге риза болып: