374
Өлең шығару.
Түпнұсқа мен 1991 жылғы жинақтағы:
«Ашуын бұған бассын», – деп,
Жерімді саған тастадым.
«Олжа ңылып жатсын», – деп,
Елімді саған тастадым.
(«Кенесары
-
Наурызбай»)
деген үзінді 1989 ж. жинақта кездеспейді.
Шумақ түрлері.
Түпнұсқадағы:
«Күніңмен алтын қуанбай,
Гүліңмен жібек жуанбай.
Жеттің де,
тез өттің, жаз!
Ағаш, шөптер қураған,
Айдын да
құрып, суалған
Қаңқылдар қайда, қоңыр қаз» –
деген өлең жолдары 1989 жылғы жинақта түпнұсқадағыдай берілсе,
1991 жылғы басылымда:
«Күніңмен
алтын қуантпай,
Гүліңмен жібек жұбантпай,
Жеттің де тез еттің жаз!
Ағаш
шөптер қуарған,
Айдын да құрып, суалған,
Қаңқылдар қайда қоңыр қаз?!» –
болып, тармақтың орналасу реті өзгеріске ұшыраған. Өзгеріс 2003
жылы орнына келтірілген. Біз де осы нұсқаны негізге алдық.
Тармақ тұлғалары
.
Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы
«Тармақ
тұлғалары»
деген тақырып атауы 1991 ж. жинақта
«Тармақ толғау-
лары
» болып өзгерген.
Сондай-ақ, түпнұсқадағы:
Балалар/, оқуға бар/ жатпа қарап/
Жуынып/, киініңдер/ шапшаңырақ/
Шақырды әтеш мана әлдеқашан/
Қарап тұр/ терезеден/ күн жалтырап/
деген өлең шумағы 1991 басылымда алғашқы жолының әрбір сөзінен
кейін үтір арқылы, қалған үш тармағы таяқшасыз берілген. 1989
жылғы басылымда бұл мәтін таяқшасыз берілген.
Өлең ағындары.
Түпнұсқадағы:
4
«Не себептен / /
хан Кене
5
Қырғызға мұнша / / өшікті?
4
Ақ қалпақты / / қырғыздан
375
5
Қазаққа берді / / несіпті.
5
Ат мініп, қару // асынған,
4
Бізді аяма / / кесібті
4
Есіркесең // болмай ма?
5
Жолыңда жатқан // бесікті»
(Нысанбай жырау)
деген үзінді екі жинақта да кездеспейді.
Түпнұсқадағы:
3
4
4
«Бір қазақ // қала шықты //
мата ала,
3
4
4
Тиеп ап // тері-терсек //, жегіп шана.
3
4
4
Ұрлатып // жүгін жолда //, жұрдай болып,
3
4
4
Үйіне / / қайтты байғұс / / құр қол ғана»
ХХХ // ХХХХ // ХХХХ
ХХХ // ХХХХ // ХХХХ
ХХХ // ХХХХ // ХХХХ
ХХХ // ХХХХ // ХХХХ
деген ұйқас түрлерінің 1991 жылғы басылымда өлең жолдары ғана
берілген. 1989 жылғы жинақта өзгермеген.
Достарыңызбен бөлісу: