249
өткенін көрсету. Қандай тәрбиеде өсіп, қандай мінезде пайда
болып, ол мінезі қандай істер істеуге себеп болғанын көрсету.
Өмірбаян жемін белгілі адам турасындағы сипат қағаздардан
алады. Білетін адамдардың ауыз айтуынан алады. Жазушы өз
білетінін жазады. Өмір дерек
ылғи сипатты мағлұматтардан
құралған сөз болғандықтан, нағыз рас әңгіме болып шығады.
Мысалдар: Абылай, Абай,
Ақан серінің өмірбаяндары
(нұсқалықтың 7, 8, 9-ыншы нөмірлерінен қара).
Өмірбаянын адамның өзі жазса, өз өмірбаяны деп аталады.
Жай өмірбаяннан өз өмірбаянының айрылатын жері – адам
өз ісіне өзі қазы,
өзі сыншы бола алмайтындығынан, жай
өмірбаянынан өз өмірбаянының инабаты кемірек болады.
М ы с а л: Әбубәкірдің ауруынан қауіп етіп жазған өз
өмірбаяны (27 жасына шейін),
Сағынғалидың өз өмірбаяны
нұсқалықтың 10, 11-інші нөмірлерін қара).
Мінездеме.
Адамның, елдің, жұрттың, таптың, ұлттың сы-
рын, мінезін таңып керсету – мінездеме болады. Мінездеме
өмірбаянның да, заман хаттың да, тарихтың да ішіне бөлімі
есебінде кіреді.
Мінездеме заманның, дәуірдің халін де мі-
нездеп көрсетеді. Адамды мінездегенде өмірбаянының бөлімі
болып кіреді. Жұртты, ұлтты, заманды мінездегенде тарихтың
бөлімі болып кіреді. Өмірбаянның аяқ жағы ылғи мінездемеге
айналып кетеді. Мәселен,
Шоқанның жәт дерегін, Абайдың,
Ақан серінің өмірбаяндарын қарасақ, көп жерінде-ақ мінезде-
мелері бар (нұсқалықтың 4, 5, 8, 9-ыншы нөмірлерін қара).
Достарыңызбен бөлісу: