354
Арыстан,» деп қос нүктенің орнына үтір мен сызықша берілген.
Түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы келтіріліпті, біз осы жинақты не-
гізге алдық.
«Шал мен ажал». Түпнұсқадағы (39-б.)
«Өлімнен тірілігін көреді
артық» деген тармақ 1989 ж. жинақта (68-б.)
«Өлімнен өз тірлігін
көреді артық» деп, 1991 ж. жинақта (38-б.)
«Өлімнен тірлікті көрген
артық» болып өзгерген. Түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы келтіріл-
ген, осы жинақты негізге алдық.
«Қайырымды түлкі». Түпнұсқа (41-б.) мен 1989 ж. жинақтағы
(69-б.)
«Сар мойын! Ер жетті ғой балаларың» деген тармақ 1991 ж.
жинақта (39-б.)
«Сары маса, ер жетті ғой балаларың» деп берілген.
2003 ж. жинақ мәтіннің түпнұсқадағы күйін сақтап, тек оның бірінші
сөзін қазақ тілінің осы замандағы орфографиялық талаптарына сәйкес
«
Сары мойын! Ер жетті ғой балалары» деп түзетілген. 1989 жылғы
жинақ (69-б.) пен түпнұсқадағы (41-б.)
«Жоқтатпай сорлылардың
аналарын» деген тармақ «Ақ жолда» (39-б.)
«Жоқтатпай
пақырлардың аналарын» деп өзгертілген екен. Түпнұсқа 2003 жылы
қалпына келтіріліпті, осы жинақ негізге алынды.
«Шал мен жұмыскер». Түпнұсқадағы «
Бәлені сезе ме, адам
тұрған бағып» деген өлең жолы 1989, 1991 ж.ж.
басылымдарда
«Көңілінде болмай ешбір қатер-қауіп»деп өзгерген. Түпнұсқа 2003
жылы
қалпына келтіріпті, осы жинақ бойынша берілді.
«жарлы бай». «Апар да әмиянды суға таста» деген өлең
жолындағы «
әмиян» деген сөзге түпнұсқада
«әмиян – ақша салатын
ыдыс» (47-6) деп, ал «
Шиланды ашайын деп қолына алды» деген
жолдағы «
шилан» сөзіне
«шилан да – ақша салатын ыдыс» (48-б.)
деп түсінік берілген. Бұл түсінік 1989 ж. басылымда
«әмиян – шилан»
(72-б.) деп қысқартылса, 1991 ж. жинақта түсіп қалған. Түпнұсқа (49-
б.) мен 1989 ж. жинақта (73-б.) «
Ол үйге жібек көрпе, жастық, кілем»
деген тармақ 1991 ж. жинақта (42-б.)
«Ол үйге жібек көрпе, жастық
керек» деп өзгертілген екен. Түпнұсқа (49-б.) мен 1989 ж. жинақтағы
«Аналар, қатын алсам, тойға, деді» деген жол 1991 ж. жинақта (42-
б.)
«Жұмсармын, қатын алсам, тойға, – дейді» деп өзгеріске түскен.
Бұл өзгертулер 2003 жылғы томда қалпына келтірілген, осы жинақ
негізге алынды.
Достарыңызбен бөлісу: