А. Байтурсынов 1-том final indd


«ғылым бар бет жууда талай, – дедік



Pdf көрінісі
бет133/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

«ғылым бар бет жууда талай, – дедік. 
жуған жөн бұлай бастап, бұлай – дедік.
жусаңдар солай етіп, сауабы көп,
жаза бар жұмағанда олай, – дедік.
Шарттар көп, – дедік, – ғұсыл құйынғанда, 
Шаһуат пәлендей боп құйылғанда,


361
Қалайша көзде(...) деп айтпады екен?
Үйрет, – деп, – мұның бәрін, бұйырғанда!»
деген екі шумағы 1989 ж. жинаққа кірмеген. Өзгертулер мен өлең шумақ- 
тары түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы түзетілгендіктен, осы жинақ 
негізге алынды.
«надсоннан». Надсон Семен Яковлевич – петерборлық орыс 
ақыны. Азаматтық, ғашықтық тақырыптардағы және табиғатты 
бейнелейтін лирикалық өлеңдерімен қатар «Христианка» (1878), 
«Көктемгі ертегі» (1882) атты поэмалардың, «Проза. Күнделіктер. 
Хаттар» (1912) атты кітабына енген прозалық шығармалардың, «Со-
фья патшайым» атты өлеңмен жазылған драмалық туындының ав-
торы. Шығармалары мынадай басылымдарда жарияланған: 1. Полн. 
собр. соч. Т. 1-2. Петербург, 1917; Полн. собр. стих. М.-Л., 1962; 
С.Я.Надсон. (Сб. статей), СПб., 1887.
Бұл аударма өлең 1991 ж. жинаққа енбеген. Түпнұсқадағы: «Бұзық- 
тық түзіктікті таптағанға» деген тармақ 1989 ж. жинақта 
«Бұзықтық түзуіңді таптағанға» десе, «Жүре алмай, дымы 
құрып, сонда әрі» деген тармақ «Жүре алмай, демі құрып сон-
да әрі» өзгертілген. Бұл жолдар түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы 
түзетілгендіктен, осы жинақ негізге алынды.
«Бақ». Түпнұсқадағы: «Жаңа түсіп басылған» деген тармақтағы 
«жаңа» сөзі 1989 ж. жинақта «ана» болып өзгеріске түссе, «Гүл 
қамауда сеніп тұр» деген тармақ 1989, 1991 жж. жинақта «семіп» 
десе, «Қашан көңіл жасарар» деген тармақ 1991 ж. жинақта «Қашан 
көңіл жарасар» деп берілген. Бұл сөздер түпнұсқадағы қалпына 2003 
жылы түзетілгендіктен, осы жинақ негізге алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет