А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет94/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

ертегісімек

. Ертегісімек деп ертегіге ұқсас, бірақ ертегіден 
гөрі әдемірек, шынға бейімірек, тұрмысқа жақынырақ, дүниеде 
болуға ықтималы молырақ түрде шығарған әңгіме айтылады.
Мәселен, «Алдар Көсе», «Жиренше Шешен», «Қожа На-
сыр», «Атымтай Жомарт» сияқты адамдар турасындағы әңгіме- 
лер; мұнда да өтірік көп, бірақ өтірігі қисынды, шынға ұқсас.
Өтірік өлең. Өтірік өлеңнің не екенін аты да айтып тұр. 
Өтірік өлең қалай шыққанын сөйлейтін ертегі бар: ол ертегінің 
қысқаша мазмұны – қырық ауыз қиысын келтіріп, өтірік өлең 
айтқан адамға бір хан қызын берем деген. Соған біреу қырық 
ауыз өлең айтып, қызын алған дейді.
Өтірік өлең түрлері мынадай келеді:
Бақа қызын беріпті көбелекке
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке. 
Құмырсқаның бір туын ұстап сойып, 
Той қылып, ат шаптырды төңірекке.
2
. Ертегісімек шынға жақын әңгіме болады (А.Байтұрсынұлының түсініктемесі)


271
Ақ тышқанға күмістен таға қылдым, 
Көр тышқанның терісін жаға қылдым. 
Көбелектің терісін жыртпай сойып
Он бес қарыс жиындық саба қылдым.
Он бес жігіт жиылып көтере алмай, 
Енді саба қылмасқа тоба қылдым.
жұмбақ. Жұмбақ деген аты жұмудан шыққан яғни қолдың 
ішіне бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен 
шыққан. Жұмбақта нәрсені қолға жұмып тұрып таптырмайды. 
Ойда бүгіп, айтпай қойып, сол нәрсеге ұқсас нәрселерді сипат-
тап айтып, ұқсастығы бойынша таптырады. Жұмбақ зейінді 
ұстартуға пайдасы бар нәрсе. Жұмбақтың негізі тәріздеу яғни 
нәрсенің сипатын тәріздеп айту. Мәселен, арбаны жұмбақ 
қылғанда, адамға тәріздеп былай сипаттайды:
Ізі бар, қадамы жоқ аяғының, 
Тимейді ұшы жерге таяғының. 
Қолдарын хайуанға арта тастап, 
Салады әуеніне баяғының.
«Киіз үйді» жұмбақ қылғанда, айдаһар тәріздендіріп былай 
сипаттайды:
Дүниеде бір айдаһар, білесіз бе? 
Жаны жоқ қимылдауға денесінде. 
Ішінде сүйектері бақша-бақша
Жарқылдар жалғыз көзі төбесінде.
«Құлыпты» жұмбақ қылғанда, ит тәріздендіріп былай дей-
ді:
Таң қаларлық бір ит бар; 
Үй бағады, үрмейді, 
Аяғы жоқ, жүрмейді, 
Көмейін тықсаң, сөйлейді, 
Тілін адам білмейді. 
Ұлықсатсыз сол иттен 
Адам үйге кірмейді.
Басқа нәрсе тәріздендірмей, тек өз сипаттарын ғана айтып 
жұмбақтау бар. Мәселен, балықты жұмбақ қылғанда, былай 
сипаттап көрсетеді:


272
Бір нәрсе қанаты жоқ ұшпас биік
Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп. 
Арасын жер мен көктің өрт алса да, 
Кетпейді ешбір жері отқа күйіп.
Иә болмаса бір ғана нәрсеге ұқсатпай, әр мүшесін әр нәрсеге 
ұқсатып сипаттап жұмбақтау да бар. Мәселен, шегірткені бы-
лай жұмбақ қылады: ат басты, арқар мүйізді, бөрі кеуделі, бөкен 
санды, құс қанатты, құмырсқа ізді, бота тірсекті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет