359
жж. жинақтарда «Жауға түскен жан сөзі» деп өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы өлең атауы 2003 жылы қалпына келтірілді, осы жинақ
негізге алынды.
«Адамдық диқаншысы». «Көңілін
көгертуге құл халықтың»
деген тармақтағы «
көгертуге» сөзі «Ақ жолда»
«көтеруге» деп
өзгертілген. Бұл сөз түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы түзетілген-
діктен, осы жинақ негізге алынды.
«Көк есектерге». Түпнұсқадағы: «
Мүбтала ғып салғандай бұл
азапқа» деген жолдың бастапқы сөзі 1991 ж. жинақта: «
мұншама»
деп өзгертілген. Бұл өлең 1989 ж. жинаққа енбеген. «Мүбтала»
– араб
сөзі, «душар болу», «бір нәрсеге ұшырау, жолығу» деген мағынада
қолданылып тұр. Түпнұсқа бойынша 2003 жылы түзетілді, осы жинақ
негізге алынды.
«Қа... қаласына». Түпнұсқада қысқартылған қала аты 1991 ж.
жинақта «Қарқаралы» деп толықтырылған. Түпнұсқа 2003 жылы қалпы-
на келтірілді, осы жинақ негізге алынды.
«жұбату» (Қазақтың бала жұбату өлеңі). Түпнұсқадағы:
«Нулы,
нулы Жерің қайда?» деген сөйлемнің бастапқы сөзі «Ақ жолда» (72-
б.)
«Тулы» деп өзгертілген. Ал, «Сулы, сулы» деген тармақ «Сулы,
шулы
», «Ел қорғаны» деген тіркестер 1991 ж. жинақта «Ел қорыған»
(72-б.) деп өзгертілген. Түпнұсқадағы: «Сулы көлден
сұсты айырды»
деген сөйлемдегі
«сұсты» деген сөз 1989, 1991 жылғы жинақтарда
«құсты» деп өзгертілген.
Осы төрт буынды өлеңнің түпнұсқадағы: «
Биің болды» деген
тіркес 1989, 1991 жж. жинақта «
Бибің болды» деп өзгеріске түскен.
Ахмет түзген «би» мен «биің
» деген сөздің мәнін аңғару үшін осы
жолдарды:
37. «...Би орнына
38. Биің болды,
39. Би деу бірақ
40. Қиын болды...»
зер салып, үңілсек «бұрынғы бидің» орнына «би болғанның»
билігі «би» деп айтуға келмейтінін қоғамға аңдату. Өлеңнің 41-
тармағындағы:
«Қаралды би»
«Қараны би» (73-б.) деп, ал «
Қараны
жан» деген тіркесі
«Параны би» деп өзгеріске түскен. Бұл өлең жол-
дары түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы түзетілгендіктен, осы жинақ
негізге алынды.
Достарыңызбен бөлісу: