357
өткізген еңбегіміз?» деген тармақтағы «
біздің»
деген сөзден кейін
жұлдызша қойылып, осы беттің астына «
ойланып, ойланып» деген
автор сілтемесі берілген. Сілтеме 1989 ж. жинақта жоқ. Осы жолдан
кейінгі
«Әше жөн» деген сөз 1991 ж. басылымда
«Әсте жөн» деп
өзгертілген. Түпнұсқа бойынша 2003 жылы түзетілді, осы жинақ не-
гізге алынды.
«есек пен үкі». Бұл өлең 1991 ж. басылымда «Қырық мысал»
жинағының 36-ншы мысалы ретінде берілген. Түпнұсқаға сүйенсек,
аударма «Маса» жинағында жарияланған.
сондай-ақ, түпнұсқада
«Есек пен үкі» мысалының түйіні ретінде берілген ғибрат:
«...Жазған сөз жаным ашып Алашыма:
Алаштың адасқан аз баласына.
Қаннан қан еткен інім, бауыр жұртым!
Қараған «Қара таудың» қаласына.
Іші лас, сырты таза залымдардың
Алданып құр сыртының тазасына.
Мәз болып байғазы алған балаларша
Сатылып жылтыраған танасына.
Әбілдің зиаратын аттап өтіп,
Қабылдың бата қылма, моласына.
Қорыққанға қос көрініп, қойдай үркіп,
Тығылып дажалдың итханасына.
Ес кетіп, сабыр қалмай сасқалақтап,
Қорыққаннан көзің сыймай шарасына.
Ұмытып Құдайды да, Құранды да,
Бас ұрма Лат, Манат ағашына»
төрт шумақтың алдында келетін яғни
«Тал түсте лақты деп соны айтып
жүр» деген тармақпен тәмамдалған бөлігі «Аудармалар» деген тарауға,
ал жоғарыда келтірілген «
Жазған сөз жаным ашып Алашыма» деген
тармақтан басталатын алдыңғы мысалдық бөлікте айтылған ғибраттық
ойды білдіріп тұрған қорытынды бөлігі
«Өлеңдер» атты тарауға топтас-
тырылған. 2003 ж. басылымда бұл мысал түпнұсқадағы қалпына кел-
тірілді.
«Жазған сөз жаным ашып Алашыма» деген тармақтан бастала-
тын жоғарыда келтірілген үзінді «Ақ жолға» (1991) енбей қалған.
Түпнұсқадағы «
Тығылып дажалдың итханасына» деген тармақ 1989 ж.
жинақта «
Тығылып тажалдың бұтханасына» деп берілген және түп-
нұсқадағы
«Бас ұрма Лат, Манат ағашына» деген тармақ 1989 жыл-
ғы жинақта
«Бас ұрма ләнат-манат ағашына» деп өзгертілген, бұл
358
өзгертулер түзетілді. Лат, Манат, Ғузза – арабтардың ислам дінін
қабылдаған уақытқа дейін табынған пұт мүсіндері.
Достарыңызбен бөлісу: