6. Бүкпелеу. Сөзді ашып айтпай, ұшығын ғана көрсетіп айту
бүкпелеу деп аталады. М ы с а л д а р:
1. Отыр ем бала ғой деп жүзің жарқын,
Сөз – кілт, кеуде – сандық, ақыл – алтын.
Ақылың көп болғанмен шашың ұзын,
Жібердің келістірмей сөздің артын.
(Жарылғасын ақын)
2. Ақсұлу, айтар сөзді аңдамадың,
Аузыңа келген сөзді сандаладың.
Әкесін шешесімен нандырады.
Қыз бала елдің жайын қайдан білсін.
Білмесе қыз бен жайын бозбаланың.
7. Кекесіндеу. Сөздің тысқы лебіз мағынасына ішкі астыр-
тын мағынасы қайшы келсе, кекесін болып шығады. Кекесін-
199
мен сөйлеуді кекесіндеу дейміз. Қорқақ кісіні «батырым» деу,
қара кісіні «аппағым» деу, ақымақ кісіні «данышпаным» деу
– осылардың бәрі де кекесін сөздер. Кекесіннің түрі толып жа-
тыр, бірақ толып жатқан түрін екі топқа бөлуге болады:
1) Зілсіз кекесін (ойын, қулық, қалжың, әзіл). 2) зілді кекесін
(мазақ, сықақ, мысқыл, келемеж, келеке, әжуа).
Кекесін мысалдары:
1. Тұрсынбай датқаның балалары болыстыққа таласып, араз
болып жүргенде Бұдабай ақынның айтқаны:
Бір күнде Досан болды Алтынбекпен,
Датқаны не қыласың өтіп кеткен.
Таласып Әлмембеттің ісін алсаң,
Бақытты келтірдің ғой қиыр шеттен.
2. Иттерге таласса да жарасады,
Өйтпесе ит әдетінен адасады.
Дос болған адамдарға қарап тұрсаң,
Биікпен тең деп болмас аласаны.
Сүйектей арасына түссе нәрсе,
Иттерден олар артық таласады.
(«Қырық мысал»)
Төрені түйеге тіркеп қойып, «Төре неме ғой, жүрер ме екен»
деген.
«Ой, бәрекелді! Ой, сабаз-ай!» дегенде ырза болып айтса,
қостау болады, ырза болмай айтса, кекесін болады.
200
іі. тіл (лҰғАт) әУезДіліГі
әуезділіктің жалпы шарттары
Сөз дыбыстан құралған нәрсе болғандықтан, оның дыбыс-
тары жағымды да, жағымсыз да болып құралуы мүмкін. Сөздің
дыбыстары құлаққа жағымды-жағымсыз болып құралу сияқты,
сөйлеудің ішіндегі сөздер де құлаққа жағымды-жағымсыз бо-
лып құралады.
Әуезділік деп нені айтамыз? Әуезділік деп сөз турасында
айтсақ, сөздің ішіндегі дыбыстардың үндері құлаққа жағымды
болып естілуін айтамыз; сөйлеу турасында айтсақ, сөйлеу ішін-
дегі сөйлемдерінің үндері құлаққа жағымды болып естілуін ай-
тамыз. Сөздің үні құлаққа жағымды болуы – дыбыстарының
тізілу түрінен. Сөйлеудің үні құлаққа жағымды болуы
сөйлемдерінің тізілуі түрінен, сондықтан сөз әуезділігі де бо-
лады, сөйлеу әуезділігі де болады. Бірақ сөздің де, сөйлеудің
де әуезді болуының негізгі мәнісі бар. Екеуі де дауыс ағымына
қарайды. Дауыс ағымы сөз ішінде дыбыстарының тіркесуіне
қарайды да, сөйлеу ішінде сөйлемдерінің тіркесуіне қарайды.
Сөз ішінде дауысты-дауыссыз, жарты дауысты дыбыстар ара-
ласып тіркесе келеді. Бір сөзде дауысты дыбыстар көп келеді.
Бір сөзде дауыссыз дыбыстар көп келеді. Дауысты дыбыстар
көп келген сөз үнді болады, дауыссыз дыбыстар көп келген
сөз үнсіз болып шығады. Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың
да кейінің үні аз, мәселен (ұ), (ү), (і). Сөз ішінде бұлар көп
келгенде де сөздің үні кем болып шығады және де кей сөздің
ішінде қай дыбысы да болса көп келеді де, кей сөздің ішінде
аз келеді. Сөз әуезділігі жағынан мұның да мәні көп болады.
Әуезді сөз бен әуезсіз сөздің парқын мынадан байқауға бо-
лады. «Шамалы» деген сөзбен «шанышқы» деген екі сөздің
құлаққа қайсысы жағымды? Әрине «шамалы» жағымды болып
тұрғаны: 1) ішіндегі дыбыстардың бірі дауыссыз болғанда,
екіншісі дауысты болып, реттеліп келіп тұрғанынан. 2) Дау-
ысты дыбыстар ішінде көп болғандықтан сөздің үнді болып
шыққанынан. «Шанышқы» деген сөзде: 1) дыбыстар реттеліп,
бірі дауысты болғанда, екіншісі дауыссыз болып келіп отырған
жоқ. 2) Дауысты дыбыстары аз, сондықтан мұның үні жатық
емес, мол да емес. Үні кем және жатық болмаған соң құлаққа
жағымсыз болып естіліп тұр.
201
Достарыңызбен бөлісу: |