А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет67/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

 (Ер Тарғын)
2. Қыстың сақырлаған аязын, түтеген алай-түлей боранын, 
қызыл үскірік суығын бастан кешіріп, жазға жетіп, жадыраған 
шуақта, балбыраған жасыл шөпте жан-жануарлардың бәрі 
рақат тауып, жаны қандай жайланады. Сондай-ақ қатал тәртіп, 
қатты қол, қанішер өкіметтен қысымшылық көрген халықтар 
азаттыққа жетіп, жаны жай тапты.
в) Қайшы оралым. Өрнекті сөйлемнің тақырыпшы мүшесі 
мен баяншы мүшесіндегі пікір бір-біріне қарсы мағынада бол-
са, қайшы оралым деп аталады. М ы с а л:
1) Мен Қырымның ішінде 
Ақша ханның қызы едім. 
Атам менен анамның 
Асыранды қазы едім. 
Қойда бағлан қозы едім, 
Жылқыда шаңқан боз едім, 
Қырым менен Қытайдан 
Тәмам жақсы жиылса, 
Аузындағы сөзі едім.
Бұ заманның шағында 
Жылап тұрған көзім бар, 
Төгіп тұрған жасым бар, 
Әуре болған басым бар.
 (Ер Тарғын)


207
Ер отаны болғанда,
Пайғамбар жасы толғанда, 
Заманымыз азғанда, 
Жігіттің күні озғанда, 
Берекетсіз балаға 
Оттың басын топ етіп
Қырға шығар ішінде 
Біреуін де жоқ етіп, 
Мен алмаймын көбіңді.
 (Ер Сайын)
г) Шартты оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесінде 
болжал себеп иә шарт болып, тақырыпшы мүшесінде болжал 
салдар болса, оралым шартты деп аталады. М ы с а л:
1. Намаздыгер өткенше, 
Намазшамға жеткенше, 
Қазан ағаш бағысын 
Түсірмесем жүзіңе, 
Көрсетпесем көзіңе 
Жан серігің Бурылды 
Сол жерде шал, Құдайға!
(Қобыланды)
2. Талайдан бермен жұмсаған, 
Қан көрмесең сусаған, 
Қанға тойсаң жусаған, 
Тауға салсам тас кескен, 
Кеудеге салсам бас кескен, 
Алты аршын ақ болат
Қынаптан алып суырып, 
Шаба алмасам маған серт!
3. Айдаһардың тіліндей, 
Салсам кеткен білінбей, 
Қарағайға саптатқан,
Шұбар туға шұлғаған, 
Әр уақытта көрсетіп, 


208
Талай жауға мақтатқан 
Төрт қырлаған көк сүңгі, 
Жау ішінде жалындап 
Толғамасам маған серт! 
Толғауыма шыдамай, 
Толқып сынсаң саған серт!
 (Ер Тарғын)
4. Сарға.йып келген егін толқынданса, 
Жас орман жел күңірентіп әнге салса, 
Жапырақтың жасыл ләззатты саясында, 
Бақшада мойыл қаймақ жасырынса, 
Себілген алмас шың пен шын хош иіс, 
Сары алтын ертеменен иә қызыл кеш
Бір топтың қолтығынан күліп қана, 
Бас иіп есендессек күміс ландыш. 
Секіріп салқын бұлаң ойнап сайда, 
Батырып көмескі түсі тұманды ойға, 
Шапқылап шыққан жерін әңгіме қып, 
Былдырлап ақ бетінен сүйгізсе айға, 
Сол уақыт жай табады асау жаным, 
Ашылад басқан ауыр ой қабағым, 
Шын бақты тапқандаймын осы жерде-ақ 
Көремін күн жүзінде, жасағаным...
 (Мағжан)
Бұ дүниеде көрмесең, 
Кұртқамбысың демесең 
Қазаң жетіп бұ жолда, 
Хаққа түзеп бетіңді, 
Арыстаным жөнелсең, 
Жұбайым бар деп еске алсаң, 
Сұлтаным, сонда мені ізде 
Пайғамбардың туында.
 (Қобыланды батыр)
ғ) жалғасыңқы оралым. Өрнекті сөйлемнің тақырыпшы 
мүшесіндегі пікір баяншы мүшесіндегі пікірге тіркес мағынада 
болғанда, жалғасыңқы оралым деп аталады. 


209
М ы с а л ы:
1. Таң сарғайып атқанда, 
Таң Шолпаны батқанда, 
Шал-кемпірдің қойнында 
Арқада Қобылан жатқанда
Тайбурыл атқа ер салып, 
Азғана азық жем салып, 
Бәйгеден келген көк дөнен 
Түнімен ұйқы көрмеген, 
Ақ орданың алдынан, 
Жетелеп сонда өткізді, 
Құртқа сұлу көлденең.
2. Тоқсанда атаң Тоқтарбай, 
Бұтында жоқ ыстаны, 
Тізесіне тон жетпей, 
Арқасынан қол кетпей 
Ақ табан боп кәпірге, 
Қой баққанда келерсің. 
Алпыста анаң Аналық 
Арқан есіп, жүн түтіп, 
Қайғыменен қан жұтып, 
Құрт қайнатып жүргенде 
Сұлтаным, сонда келерсің. 
Қарындасың Қарлығаш
Абдастасы қолында, 
Дастарханы белінде, 
Пияласы қарында, 
Бөтен жаудың елінде 
Қызылбастың шенінде 
Шай қайнатып жүргенде, 
Сұлтаным, сонда келерсің.
 (Қобыланды батыр)
3. Тоғыз айға толғанда, 
Шамалы күні болғанда, 
Кіші жұма өткенде, 
Ұлы жұма жеткенде 


210
Боз кемпірді қозғалтты,
Ыңырантты, толғантты, 
Ноғайлының үш кентін 
Шақырып жиын орнатты. 
 (Ер Сайын)
4. Жаздыкүн шілде болғанда, 
Көкорай шалғын бәйшешек 
Ұзарып өсіп толғанда 
Күркіреп жатқан өзенге 
Көшіп ауыл қонғанда
Шұрқырап жатқан жылқының 
Шалғыннан жүні қылтылдап, 
Ат-айғырлар, биелер 
Бүйірі шығып ыңқылдап, 
Суда тұрып шыбындап, 
Құйрығымен шылпылдап, 
Арасында құлын-тай 
Айнала шауып бұлтылдап, 
Жоғары-төмен үйрек-қаз 
Ұшып тұрса сымпылдап, 
Қыз-келіншек үй тігер 
Бұрала басып, былқылдап, 
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
 (Абай)
д) серіппелі оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі 
тақырыпшы мүшесіндегі пікірді кеңінен толғай баяндаса, 
серіппелі оралым деп аталады. М ы с а л:
1. Ыстамбол, патша болсаң да Құддыс, Шамға, 
Бұхар мен үкім етсең де Үндістанға, 
Ағылшын, Қытай, Мәскеу, Римді алып,
Дін түзеп әмір етсең де бұл жиһанға. 
Тұтсаң да жеті ақылымның бәрін тегіс 
Кірерсің ақыр бір күн көрстанға.
2. Есепсіз бай болсаң да Қарынбайдай, 
Сақи боп мал шашсаң да Атымтайдай, 


211
Патшадай Әмір-Темір дін түзетіп, 
Болсаң да әйдік батыр Арыстандай, 
Болсаң да Жиреншедей тілге шешен, 
Ақырда жатар орның тар лақыт жай.
 (Алтыбас Ақмолда)
3. Шайылған көз жасымен жердің бетін, 
Өткізіп тым өлшеусіз үкіметін. 
Жауыздық, жалғандықпен билесін-ақ
Адал жол, ақ ниетті арам жеңіп, 
Жазықсыз жанды қинап, қанды төгіп, 
Бұзықтық, түзіктікті илесін-ақ 
Қиналып, кім де болсаң талыққандар. 
Түңіліп, үміт үзіп жабықпаңдар, 
Қайтадан жақындық кеп, қастық қашып, 
Жарқырап жақсылыққа атар таң бар.
 (Маса)
е) Айырықты оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі 
тақырыпшы мүшесіндегі пікірді екі ұштылай баяндаса, ора-
лым айырықты деп аталады. М ы с а л: 
1. Қазақ өнерсіз халық бола тұра, көпке дейін бөтен жұрттар- 
ға бағынбай келгенін түрлі жоруға болады: не бұрынғы заман-
да қазақ мықты халық болған деп, не көшпелі болғаннан сына-
птай сырғып, ешкімнің қолында тұрмаған деп, не ауданы үлкен 
кең дала, ол замандағы айналасындағы көрші жұрттардың уы-
сына сыймаған деп.
2. Сен неге, тұлпар атым, кісінейсің, 
Жабығып неден көңілің, түсті еңсең ?
Ерігіп ауыздығың қарш-қарш шайнап, 
Бұ қалай, бұрынғыдай сілкінбейсің? 
Әлде мен бабың тауып бақпадым ба, 
Болмаса, жемнен қысып, сақтадым ба? 
Әйтпесе әбзелдерің сәнді емес пе, 
Жібектен тізгініңді тақпадым ба? 
Малдырып сап алтыннан үзеңгіңді, 
Тағаңды шын күмістен қақпадым ба?
(Маса)


212
3. Азамат, анау қазақ қаным десең, 
Жұмақтың суын апар жаным десең, 
Болмаса ібіліс бол да, у алып бар 
Тоқтатам, тұншықтырам зарын десең...
(Мағжан)
ж) Қорытпалы оралым. Оралымның тақырыпшы мүше- 
сіндегі пікірді баяндау мүшесі қорытатын болса, оралым 
қорытпалы деп аталады. Мысалы:
Еркімен ұшып, еркімен қонатын құс сияқты, жер-су мол 
шағында, жұрттың көбі еркімен қонып жүрген болса, онан бері 
келе адам баласы өсіп-өніп, жер тарылған кезде көшуді тастап, 
отырықшылыққа айналған болса, онда жұрттың көшпелі иә 
отырықшы болуының себебі жердің кең, тарынан болғаны 
ғой.
Оралым әман бір түсті болып келе бермейді. Әр түстісі ара-
ласып та айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет