А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет85/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

3. Байымдама (зейіндеме)
Көсе сөзбен жазылған шығарма бір пікірді қуаттап
толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттармен дәлелдесе, 
ондай шығарма байымдама деп аталады.
Әуезе, әліптеме, түрлі сөздермен дүние әңгімесі бітпей-
ді. Әуезе мен әліптеме дүниедегі жаратынды, жасатынды 
нәрселердің өздерімен, олардың әдістерімен, жай-күйлерімен 
ғана таныстырады. Дүниедегі нәрселердің барлығын, олардың 
қалай өмір шегетінін танумен білім тәмам болмайды. Үйткені 


253
дүниедегі нәрселердін бәрі сабақтас, іліктес, құрмалас. Ол 
сабақтас, іліктес әм құрмаластығы белгілі себептер бойын-
ша болып, себеп жүзіндегі белгілі бір заңға мойынсұнып, сол 
заңның жолынан бұрылмайды. Ол заң табиғат заңы, ол заң 
жолы табиғат заңының жолы. 
Нәрселер арасында қандай сабақтастық, іліктестік, құрма- 
ластық бар екенін ашу жағын, олардың бар болуы қандай себеп-
термен, қандай заң бойынша екендігін айыру жағын байымдап, 
ғалым адамдардың шығарған сөздері пән шығарма деп атала-
ды. Пән шығарманың асылы байымдама болады, сондықтан 
пән шығарманың жалпы аты да байымдама болады.
Байымдаманың зор мүшесі төртеу: 1. бастамасы, 2. ұсынбасы
3. баяндамасы, 4. қорытпасы. Бастамасында әңгіме болатын 
нәрсе туралы басқалар тарапынан айтылған пікірлер барлығын 
иә жоқтығын айтады. Оны айтпай бастауға да жазушы ықти- 
ярлы, сондықтан бастаманы қалай бастау жазушының ықтия- 
рында десек те болады.
Ұсынбасында әңгіме болатын пікірмен таныстырады.
Баяндамасында алынған нәрсе баяндалады, оның турасын-
да айтылған пікірлерге дәлелдер, сипаттар келтіріледі.
Қорытпасында айтылған пікірлердің иә маңызы қайта ай-
тылады, иә пікірлерден шыққан нәтиже айтылады. Пікірді 
мәністеу, дәлелдеу, сипаттау баяндамасында болатындықтан 
баяндама байымдаманың нағыз дендем бөлімі болады. 
Сипаттау түрлі болады: 1. Мәністеп, дәлелдеп сипаттау бар. 
2. Керек пікірді яки нәрсені басқа, соған ұқсас нәрселермен 
салыстырып сипаттау. 3. Керек пікірді қостайтын, қуаттайтын 
мысалдар келтіріп сипаттау бар. 4. Белгілі адамдардың айтқан 
иә жазған пәтуаларын келтіріп сипаттау бар. 5. Қаралатын 
пікірге қарсы пікірдің нашарлығын яки қателігін көрсетіп си-
паттау бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет