А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет87/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

3. Шешен сөз. Шешен сөз қара сөз шығармалардың бөлекей 
бір түрі емес, бұ да байымдама болады. Мұның байымдамадан 
бөлектенетін жері мынау ғана:
Байымдамада жазушының пікірі – негізгі пікірін баяндап, 
түрлі дәлелдермен сипаттап, анық түсіндіріп беру.
Шешен сөзде айтушының мақсаты – баяндап, сипаттап 
түсіндірумен қоймай, пікіріне нандыру, сеңдіру, ұйыту, бұйыту, 
иман келтіру болады.
Оны істеу үшін шешендер жай байымдаушыларша айтқан 
сөзі адамның ақылына қону жағын ғана көздемейді, сөз қанға, 
жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да 


258
балқытып, билеп алып кетуге ыждаһат етеді. Сондықтан ше-
шен сөздің «қыздырма» яки «қоздырма» деген айрықша бөлімі 
болады. Оның қызметі адамның жүрегін билеп, жүйесін боса-
ту, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру.
Шешен сөздің бұл бөлімі пікірді дәлелдеп, сипаттап, 
мәністеп болғаннан кейін келеді. Үйткені пікірді баяндап, 
түсіндіріп, дәлелдеп, сипаттап, ақыл жағы қанағаттанғаннан 
кейін жүрек жағына әсер етіп, бойын балқыту жеңіл болады.
Осы айтылған мақсаттарға қарай шешен сөздің тілі уытты, 
лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүрек тулатып, естен айырып, 
ерікті алып кететін күшті, көрнекті, сәнді, мәнді тіл болады.
ІІІешен сөздің зор мүшелері бесеу: а) Бастамасы, ә) ұсын- 
басы, б) мазмұндамасы, в) қыздырмасы, г) қорытпасы.
Шешен сөздің түрлері
Шешен сөздер бес түрлі болады: а) шешендер жиынды аузы-
на қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығарту 
мақсатпен сөйлегенде саясат шешен сөзі деп аталады.
ә) Шешендер сотта айыпкер адамдарды ақтау, иә қаралау 
мақсатпен сөйлегенде сот билігіне әсер ету үшін айтқан 
сөздерді билік шешен сөзі деп аталады.
б) Біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін 
айтып, қошеметтеп сөйлеген шешеннің сөзі қошемет шешен 
сөз деп аталады.
в) Білімділердің, ғалымдардың мәнді, мазмұнды сөйлегені 
білімір шешен сөз деп аталады.
г) Дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі 
уағыз деп аталады.
(Шешен сөз мысалдарын нұсқалықтың 
28, 29- ыншы нөмірінен қара).
4. Көсем сөз. Көсем сөз шешен сөз сияқты әлеуметке 
айтқанын істету мақсатпен шығарылатын сөз. Шешен сөзден 
мұның айырылатын жері – шешен сөз ауызбен айтылады. Көсем 
сөз жазумен айтылады. Көсем сөз әлеумет ісіне басшылық 
пікір жүргізегін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады. 
Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мұрындық болып, іс-
тету ыждаһатымен айтылады.


259
Әлеумет, шаруашылық, қазыналық, мектептік, соттық, сая- 
саттық, тағысын тағы сондай қоғамшылық істерін түзеу, 
жаңалау, өзгерту керек болған кезінде, халықты соған көсем 
сөз арқылы ұйытып, көптің миына қондырып, көңіліне сіңіреді. 
Көсем сөз күндегі мәселе жайын сөйлейтін сөз болған соң, 
кезіндегі шығып тұрған газет, журнал жүзінде шығады. Көсем 
сөз әлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан, 
жұрт ісіне мәні зор болады. Басшылығы дұрыс болса, әлеуметті 
түзейді. Теріс басшылық қылса, әлеуметті адастырады. Солай 
болған соң көсем сөз жазып, әлеуметке басшылық қылатын 
адам көпті көрген көсем, білімді адам боларға керек. Әйтпесе, 
дүмше молда сияқты, көбі көсемдік қыламын деп, әлеуметті 
адастырып, пайда орнына зиян келтірмек.
(Көсем сөз мысалдарын нұсқалықтың 
30, 31-інші нөмірлерінен қара).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет