А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет90/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

3. Айтыс 
Айтысқанда, екі күрескен палуандар сияқты, бірін-бірі 
аңдиды, бірін-бірі бағады. Күрескендегі бірін-бірі жығу үшін іс-
тейтін әдіс-амалдарды, тәсілдерді мұнда да істейді. Айтысқанда, 
жай сөзбен айтыспай, өлеңмен айтысады, сондықтан өлеңмен 
ғана айтысу айтыс деп аталады. Өлеңсіз айтыстың аты әзіл-
ерегіс болады. Бәлки, өлең айтыс та о басында әзілден, ерегіс-
тен шыққан болар, бірақ бұл күнде айтыс деп өлең түріндегісі 
ғана айтылады. Айтыс өлеңді сөз болған соң, оған ақындық 
керек. Ақындықтың үстіне әдіс керек. Күрескенде күшке әдіс 
серік болу сияқты, айтысқанда ақындыққа да әдіс серік бола-
ды. Әдісі жоқ әйдік ақынды әдісті анау-мынау ақын жеңіп кетуі 
мүмкін.
Айтысқанда түрлі нәрселер жайынан сөйлеп, бірін-бірі 
тосуға тырысады. Көбінесе бірінің-бірі басындағы, еліндегі, 
жұртындағы міндерін айтып, тоспақшы болады. Айтысының 


263
бұл жағының әлеумет алдында пайдасы зор. Адамның, елдің, 
жұрттың басындағы келіссіз ғамалдарын, мінездерін айтып 
көрсету халықтың құлқын түзеуге зор пайдасы тиетін нәрсе. 
Мұнысын байқағаннан кейін, айтыс екінші түрге түсе бастаған. 
Айтыс бастапқы кезде шын екі ақынның айтысқаны болса да, 
соңғы кезде айтысты ақындар оз ойынан шығаратын болған. 
Яғни бір ақын екі ақынның айтысқаны қылып, екі жағының да 
сөзін өзі шығаратын болған. Сүйтіп, айтыс шын айтыс емес, тек 
шығарманың түрі болуға айналған. Адамның, елдің яки бүкіл 
жұрттың келіссіз істерін, мінездерін, пиғылдарын айтқысы 
келсе, ақындар өз атынан айтпай, айтысқан ақындардың сөзі 
қылып шығаратын болған. Ондай айтыстырып шығарған 
сөздерді соңғы кездерде екі ақынның өзіне екі адам айтысқан 
сияқты болып, бара-бара айтыс өлеңде айтылатын келіссіз іс-
терді, мінездерді алаң ауданда істетіп көрсететіндер болды. 
Онан әрі бара-бара осы күнгі ойналатын түрлі алаң алданышы 
болып шығар еді. Алдыңдағы көрсетілетін істерге алаң алда-
нышы деп ат қоюда мәніс бар: ондағы көретініміз өмірдің өзі 
емес, тек түрі: сәулесі айнаға түскен сияқты, алаңға өмірдің өзі 
түспей, сәулесі ғана түседі. Алаң айнасына түсіріп көрсететін 
көбінесе өмір жүзінде, адам арасында болатын ұрыс-керіс, та-
лас-тартыс, алыс-жұлыс, қуаныш-қайғы сияқты түрлі халдер 
болған себепті, сөз өнерінің бір түрі Европа тілінде тек «айтыс» 
мағынада емес, «айтыс-тартыс, арпалыс» мағынада ұғылады. 
Біздің қазақ Европа әдебиетінен үлгі алмай, әдебиетін өз беті-
мен жетілдіргенде, қазақтың айтыс өлеңдері алаңға түсе-түсе 
барып, алаң алданышына айналып, айтыс-тартыс түрге түсетіні 
даусыз еді. Үлгіні өзге жұрттан алғандықтан, алаң әдебиеті біз-
де төтеннен шығып қалды.
Әуезе, толғау, айтыс-тартыс үшеуінің кәрісі – әуезе, ор-
таншысы – толғау, кішісі – айтыс-тартыс. Айтыс қазақта ауыз 
әдебиет түрінде болғанмен, айтыс-тартыс түріндегі сөздер 
басқа жұрттарда жазу-сызу, өнер-ғылым шыққан уақытта пай-
да болған. Шын айтыстар емес, шығарма айтыстар қазақта да 
соңғы кезде шыққан. Асылында, айтыс-тартыс түрлі шығарма 
ауыз әдебиетінде жоқ. 


264


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет