44
ермексазды жабыстырып шығуы ұсақ қол мотрикасын дамытумен қатар, бір орнында ұзақ
уақыт отыру, шыдамдылыққа тәрбиелейді. Өз іс тәжірибемде мен де бірнеше түрін
балалармен қолданып жүрмін.
Суретте байқасаныздар, ермексазды түрлі түсті қақпақтармен алмастыра аламыз.
Негізінде, барлық балалар сияқты ерекше балалардың да ойын ойнағысы келеді, бірақ
оларға тіпті күнделікті өмірдегі жағдайлар да қиындық тудырады. Себебі, жай балаларға
қарағанда олардың тәжірибесі аз. Сол себепті, арнайы білімді, біліктілікті, шеберлікті талап
ететін, белгілі бір деңгейлерден өтуімен қатар, белгілі бір заңдылықпен балалармен жүйелі
жұмыс жасап, дамытуымыз керек.
Қазіргі таңда белгілі бір мақсатқа бағытталған, үй жағдайында да қолдануға болатын
қол жетімді ойындар жасалуда. Мәселен, «Көңілді паровозик», «Түрлі түсті пингвин»,
«Жартысын тап?», «Кубикпен ойлан тап», «Сыңарын тап», «Екі қолмен көрсет»,
«Көлеңкесінен таны», «Көлігін тап?», «Төлін тап?», «Түстерді топтастыр», «Пішіндерді
сәйкестендір» сияқты ойын түрлері соған дәлел.
Аталған ойындарды дұрыс таңдауда және ойынға қажетті материалды қолдан дайындау
ол әрине педагогтардың шеберлігімен қоса біліміне, іскерлігіне қарай жасалынады.
Бала дамуын жан-жақты ескере отыра, мен бүгінде жабыстырмалы ойындарды
Photoshop (фотошоп) және PowerPoint (перезентация) компьютерлік бағдарлама арқылы
құрастырып, тиімді қолдануға болатын әдіс-тәсілдерді қолданып жүрмін.
Әр салаға, мақсатқа бағытталған авторлық ойындарымның толық түрлерімен танысып
көру үшін, инстаграм парақшамның сілтемесін және QR-кодты әріптестерге ұсынуды жөн
санадық.
https://www.instagram.com/p/CXYR1uTgJLv/?utm_source=ig_web_copy_link
Достарыңызбен бөлісу: