А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)



Pdf көрінісі
бет80/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   220
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. 
Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Оқу құралы- А ,1986 
2. 
«Qonzhyq» ақпараттық қосымшасы 
3. 
Тебенова Қ.С., Рымханова А.Р. Арнайы психология. –А, 2011 
 
 
Жуманова Б. Б. 
Теміртау қаласы, «Аққу» КМҚК арнайы балабақшасы»
АТА-АНАЛАРМЕН БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА ІТ-ДІҢ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ. 
Тәрбиелі, білімді ұрпақ ,
Елімнің ертеңі мен мақтанышы! 
Тәрбиесіз, білімсіз ұрпақ 
Ертеңі жоқ- елімнің болашағы! 
Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақ. Бүгінгі ұрпақ ол ертеңгі еліміздің тірегі 
ақылы мол, мәдениетті, саналы, тәрбиелі азаматы. Ал, сол тәрбиені ең алдымен құрсақтан 
беріледі, әдет-ғұрып, өнеге, салт – дәстүр ұлттық болмысымызбен келетін тәрбие. Ата- 
бабамыз айтқандай бала тәрбиесі- бесіктен басталады. Сәби дүние есігін ашқаннан бастап, 
оған қамқорлық пен тәрбие беру, ата-ананың міндеті мен парызы. Бала үшін дүниедегі ең 
білімді, жетілген, мәртебесі биік, ол оның ата- анасы. Жанұядан бала мектепке дейінгі 
ұйымға келеді.
Мектепке дейінгі ұйым – болашақта дәстүрді сақтайтын, инабатты, ибалы, үлкенге 
құрмет, кішіге ізет көрсете білуге үйрететін, тәрбие беретін орталық. Болашағымыз, еліміздің 
тірегін, жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен мектепке дейінгі тәрбиешілердің қасиетті 
борышы болып табылады. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу барысында ата – ана мен мектепке 
дейінгі ұйым әрдайым тығыз байланыста болуы қажет.
Қазіргі заман талабына сай, ата-ана мен тәрбиешіні байланыстыра отыратын 
ақпараттық технологиялардың маңызы зор. 2020 жылы ел басына күн туғанда, елімізде 
болған төтенше жағдайға байланысты бүкіл әлемде коронавирус сырқаты асқынып, карантин 
жарияланды. Сол жылдары мектепке дейінгі ұйымдар мен ата- ана арасындағы тығыз 
байланысты аппараттық технологиялар арқылы жүзеге асты. Ақпараттық технологиялардың 
балабақша тәрбиешілерінің өмірінде маңыздылығы, тигізер пайдасы орасан зор болды. Осы 
қасірет басымызға түскелі, ақпараттық технологиялармен жұмыс жасауда біліміміз біршама 
толықтырып желдірдірдік .


147 
Ел болып сырқатты жеңіп, бұрынғы өмірімізге қайта оралып, ақпараттық 
технологияларды ата-аналармен жұмыста тиімді пайдалануды жүзеге асырдық. 
Ата – ана мен жұмыс барысында ақпаратық технологияларды қолдану тиімділігі: 
1. 
Ата-ана мен бірлескен топ ашу (whatsapp, telegram ). Желі арқылы бала тәрбиесіне 
қажетті ақпаратпен бөлісу. 
2. 
Түрлі программалар арқылы бала тәрбиесіне байланысты слайд, сұхбат, сауалнама
кеңес құрастырып, ата-анамен бөлісу. 
3. 
Ата – аналар жиналысын өткізу барысында ақпараттық технологияларды тиімді 
пайдалану. 
Ата – аналармен жұмыс барысында біздің ақпараттық технологиялардың көмегімен 
жететін басты мақсатымыз. Баланың бойына адамгершілік құндылықтарды, ақыл ойының 
дұрыс дамуына ықпал етіп, еңбекке қызығушылығын оятып, бала денсаулығын сақтай 
отырып тәрбиелеу, тәрбиеші мен ата – ананың қойған басты мақсаттарының бірі 
1. 
Ақпараттық технологиялар арқылы ата – ана мен балабақша арасында тығыз 
байланысты орнатып, бала тәрбилеу. 
2. 
Ата – аналарға арналған ақпараттар қол жетімді және түсінікті эстетикалық тұрғыдан 
көз тартымды. 
3. 
Ата – аналарға білім беру ақпараттық технологиялар арқылы балаға арналған 
ойындардың көмегімен ой өрісін, қиялын дамыту.
Болашақ ұрпақ тәрбиесінде ата – ана мен тәрбиешінің атқаратын міндеті және 
парызы өте биік. Ата – ана мен мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісінің жұмысы 
ақпараттық технологиялар арқылы жоғары денгейде жүргізілсе, біз әрдайым көздеген 
мақсатымызға жетеміз. 
Еліміздің болашағы қандай болатыны, біздің балаларымыздың бойына қандай 
қасиеттерді сіңіретінімізге тікелей байланысты. Мақсаттарға жете білу жолында ІТ 
ақпараттық технологиялардың тигізер ықпалы әсері көп. Ақпараттық технологиялар арқылы 
айтылған жұмыстар жүзеге асырылса, ата – ана мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі тығыз 
байланыста болса, баланың білімге деген құштарлығын арттырып , ұлтымызға тән 
қасиеттерді бойына сіңіртіп тәрбиелеу ең басты мақсатымыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет