А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)



Pdf көрінісі
бет77/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   220
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
Бүлдipшiндepгe apнaлғaн кoмпьютepлiк cayaт aшy бaғдapлaмacы. Aлмaты, 2015 
2. 
Н. Иcaбeк «Кoмпьютepлiк тeхнoлoгияны пaйдaлaнyдың oңaйлы өлшeмдepi» 
3. 
Кoмapoвa Т.C., Кoмapoвa И.И., Тyликoв A.В. Мeктeпкe дeйiнгi бiлiм бepyдeгi 
aқпapaттық-кoммyникaциялық тeхнoлoгиялap. - М. : МOЗAЙКA-CИНТEЗ, 2011. - б. 128 
4. 
Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 
жылдарғаарналған мемлекеттік бағдарламасы //http:// adilet.zan.kz/kaz/docs/P1900000988 
Жанкина З.А. 
Бұқар жырау ауданы, «Балдәурен» КМҚК бөбекжайы
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ
ЕРТЕГІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ 
 
Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: «Біріншіден, бесік жырын 
айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі 
айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді 
сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, 
ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр болады ма деп 
қорқамын…» деген екен. 


143 
Дүние есігін ашқан әрбір нәресте отбасында ата мен әженің, әке мен ананың, жылулық 
шапағатына бөленіп өседі. Берілетін тәрбие әр отбасыда түрліше, өздерінің қалыптасқан 
отбасылық құндылықтары арқылы, үлкендердің өмір жолдары арқылы тәрбиеленеді.
 
Ертегі-баланың рухани өмірінің қажетті элементі. Ғажайыптар мен сиқырлар әлеміне 
ене отырып, бала өз жанының тереңдігіне енеді. Халық ертегілері балаларды ерекше 
оқиғалар, кейіпкерлерімен болатын қиял, өзгерістерін білдіреді. Олар адамдарға жақсы 
қарым-қатынасты үйретеді, жоғары сезімдер мен ұмтылыстарды көрсетеді. Балалардың 
ертегі кейіпкерлерімен кездесуі оларды бей-жай қалдырмайды. Қиындыққа тап болған 
кейіпкерге көмектесу, ертегі жағдайын түсіну - мұның бәрі баланың ақыл-ой белсенділігін 
ыңталандырады, қызығушылықты дамытады. Ертегілерден балалар көптеген білім алады: 
уақыт пен кеңістік туралы алғашқы идеялар, адамның табиғатпен, объективті әлеммен 
байланысы туралы.
Мектеп жасына дейінгі балалар өмір мен өлім, махаббат пен жеккөрушілік сияқты 
күрделі құбылыстар мен сезімдерге тап болады; ашу мен жанашырлық, опасыздық пен 
сатқындық. Сондықтан, ертегі үлкендер мен кішкентайлар үшін өмір бойы сабақ болып 
табылады. 
Өкіңішке орай, бүгінгі таңда біздің балалар ертегілермен емес, заманауи 
мультфильмдермен тәрбиеленуде. Ата-аналардың көпшілігінде баламен бірге отыруға және 
кітап оқуға уақыты болмай жатады. Қазақтың бесік жырын шетелдің даңғаза әуені алмас-
тырса, ертегінің орнын телеарна мен компьютердегі ойындар, түрлі мультфильмдер 
алмастырды.
Ал әженің орның техника басты. Алайда қазақ халқы ғасырлар бойы қалыптасқан 
дәстүрден ажырап бара жатқаны көрініп тұр. Балалар психологтары бұл балаларды 
тәрбиелеудегі ересектердің үлкен қателігі деп санайды. Ата-аналар және біздің 
логопедиялық пунктін балаларына арналған сауалнамасы көрсеткендей, үйде балалар 
кітаптарын оқуға аз уақыт бөлінеді, ал кейбір ата-аналар тіпті халық ертегілерін атай 
алмайды. Сондықтан біз балаларымыздың дамуы мен тәрбиесіндегі ертегілерге көбірек 
уақыт бөлуді шештік.
Сонымен, «Әжемнің ертегісі» атты жобаға қатысып балалар, ата-аналар, педагогтардың 
арасында қызығушылықтарын тудыру үшін ертегілер арқылы халықтың болмысын тану 
және оны бүлдіршіндерге таныту, олардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін 
дарытып, ұлттық қабілеті мен шешендік өнерлерін дамытуы керек болып табылады.
Ертегі—ауыз әдебиетінің асыл мұраларының пікірлерін тыңдайтын болсақ, ертегінің 
бала тәрбиесінде, оның танымдық қасиетінің жан-жақты жетіуіне, рухын, қиялын, сөздік 
қорын байытып, тілін дамытып маңызды орын алатын денгейге жетілдіреміз деп күтілетін 
нәтиже қойдық.
Логопедиялық пунктін балалардың ертегі арқылы ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге. 
Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу керек деп 
мақсат қойдым.
 
Бірінші кезенінде жоспар құрып балалармен, ата аналармен және педагог арасында 
ұйымдастырылған сауалнама, кеңес, жадынама сияқты іс шаралар өткізіліп отырылды. 
«Баланыздың өміріндегі ертегі» атты ата-аналарға арналған сауалнамаға белсенді қатысып, 
сұрақтарға жауптарын берді.
Осы жоба аясында ата-аналарға рухани-адамгершілік маңыздылығын түсіндіру 
мақсатында «Отбасымызбен ертегі оқимыз» кеңесін ұсындым. Сонымен қоса «Шығармашыл 
отбасы» атты конкурсын ұйымдастырдым. Менің мақсатым ата-аналар мен балалардың 
шығармашылық жұмысқа деген белсенділігін артыру. Қатысушылар үй тапсырмасын 
орындап сүйікті ертегілерінің киіпкерін салып келді. Әр бала өздерінің салған суреттеріне 
мақтан қарады. 
Жобаның екінші кезеңіде ертегі әлемінен әже келіп «Жеті өнерпаз» ертегісін балаларға 
әнгімелеп беріп еді, балалар мұқият тындап, ертегінің соңында ғажайып әлемге тап 
болғандай сұрақтарын қойып қызығушылықтарың арттырып отырды.[1] 


144 
Педагогтар арасында «Өнерпаз Ханшайымдары» атты семинар-практикум өткізіліп, 
педагогтарымыз өте белсенді қатысып.
«
Көңілді тіл туралы» ертегісін айтып отырып 
артикуляциялық жаттығу жасалынды, өз ойларынан коллаж ертегісін құрастырып және 
ойдан ертегі құрастырып «Бақытты тапқан қыздар», «Сиқырлы әуенің күші», «Добрый 
мальчик Айдос» деген ертегілер де жарыққа шықты. Педагогтар шығармашылықтарын 
артырып «Бақытсыз бай», «Алдар Көсе мен бай», «Қожа мен хан» ертегісін сахналап берді. 
[2] 
Үшінші кезенінде педагогтар арасында ұлттық ертегісі туралы деңгейін тексеруге 
мүмкіндік беріліп ертегілерге арналған тест өткізіліп, жауаптары жақсы нәтиже берді. «Өзің 
оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген кітап арасын жақындататын, кітап оқуға 
шақыратын 
қоғамдық 
қозғалыстардың 
бірі. 
Буккроссингтің 
ережесі 
бойынша, 
/balalaralemi.kz/ интернет жүйесінен оқушы балалар оз ойларынаң құрастырылған елуге 
жүйік ертегі кітапшаларын жарыққа шығарып, қоғамдық қозғалысқа қатысушылар 
пайдаланып жүр.[3]
Ата мен әженің тәрбиесі ізгіліктің жарығындай бала жүрегін нұрландырып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет