А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет117/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   220
Использованная литература: 
1. 
Фахрутдинова Г.Ж., Фахрутдинова А.В. Этнопедагогика: учебно-методическое 
пособие. Казань: Издательство «Отечество», 2019.
2. 
Абакумова И.В., Ермаков Н.П. О становлении толерантной личности в 
поликультурном образовании / Вопросы психологии. Москва, 2003.
3. 
Урмина И.А, Данилина Т.А. «Инновационная деятельность в ДОУ: программно-
методическое обеспечение. Москва «Линка-Пресс», 2009. 
Кумарбаева Б. Б. 
Қарағанды қаласы, «Балауса» КМҚК бөбекжайы 
 
АТА-АНАЛАРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ КЕЗІНДЕ
IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
Мектепке дейінгі балалық шақта балалардың өзін-өзі тануы дамиды, өзін-өзі бағалауы 
қалыптасады, мотивтер иерархиясы құрылады. Дәл осы кезеңде отбасының баланың жеке 
басының дамуына әсері, ондағы отбасылық жүйенің, сондай-ақ балалар мен ата-аналар 
қатынастарының әсері ең маңызды болып табылады. Ал мектепке дейінгі кезеңде 
балалардың басым көп уақыты балабақшада өткізіледі. Сондықтан бала тұлғасын 
қалыптастырудағы тепе-теңдікті ұстану үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі 
педагогтар ата-аналармен өзара әрекеттестік мәселесін басты назардан тыс қалдырмағаны 
жөн.


213 
Алайда қазіргі таңдағы ата-аналардың жұмыс бастылығы, уақыт бойынша жеке бас 
мәселелеріне байланысты сәйкеспеушілік, жұмыс уақытындағы тәрбиешілердің баланы 
назардан тыс қалдыра алмайтындығы сияқты қарама-қайшылықтар мәселенің өзектілігін 
айқындайды. Сондықтан да осы қарама-қайшылықтарды ескере отырып, мектепке дейінгі 
білім беру мекемелеріндегі педагогтар ата-аналармен өзара әрекеттесуінде IT-
технологияларын тиімді қолданатын болса, онда балаларды тәрбиелеу-білім беру процесінде 
мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен отбасының ынтымақтастығының белсенділігін 
арттырар едік.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі педагог ата-аналармен өзара 
әрекеттесуде IT-технологияларын әртүрлі жағдайларда қолдана білуі мәселелік жағдайларды 
шешу тәжірибесін қалыптастыруда қажет болып табылады. Ендеше МДҰ педагогының ата-
аналармен серіктестік қарым-қатынасты құруда IT-технологияларды қолдана білуі және оны 
іске асыра алуы бүгін де заман талабына айналып отыр. 
Қазіргі отбасы әртүрлі білімге мұқтаж: медициналық, педагогикалық, психологиялық, 
құқықтық және т.б. Отбасылық мәселелерді шешу ерлі-зайыптылардан жетілу мен 
құзыреттілікті, демек, ерікті күш-жігерді, қосымша жүктеме алу қабілетін талап етеді. Ата-
аналардың көпшілігі дәстүрлі түрде өздерінің ата-аналарының тәжірибесіне сүйене отырып, 
өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сенеді. Көбінесе отбасында ата-аналарында болмаған 
міндеттердің пайда болуы отбасылық дисгармонияға әкеледі: мәселені қалай шешуге 
болатындығы туралы үлгілер жоқ.
Дәрменсіздік сезімі (болмыстың кез-келген саласында) көптеген адамдар үшін ауыр. 
Осыған орай балабақшаның педагогикалық ұжымының қызметі қоғамдағы өзгеретін 
жағдайдан тыс қала алмайды. Соған сәйкес мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс 
жасаудағы ұстанымы да өзгереді. МДҰ баланы тәрбиелеп қана қоймай, ата-аналарға бала 
тәрбиесі туралы кеңес береді. Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемесі ата-
аналармен жұмыс істеу шарттарын айқындауы, білім беру бағдарламаларын, отбасылардың 
сұраныстарын, сондай-ақ өзгермелі жағдайларды ескере отырып, балаларды тәрбиелеу-білім 
беруде мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен отбасының ынтымақтастығының мазмұнын, 
нысандары мен әдістерін жетілдіруі тиіс. Алайда, біздің заманымыздағы өзгерістердің өсу 
қарқыны соншалық өзгермелі қоғам дамуына тез бейімделгіш тұлғаның болуын талап етеді. 
Біздің заманымыздың осындай жаһандық өзгерістерінің бірі адам қызметінің барлық 
салаларында ақпараттық технологияларды пайдалану процесі.
IT-технологияларын ата-аналар 
жиналыстарын, дөңгелек үстелдерді, шағын 
педагогикалық кеңестерді, семинарларды, ток-шоуларды, сауалнамаларды өткізу кезінде 
пайдалануға болады. Мен де өз тәжірибемде ата-аналармен өзара әрекеттесуде IT-
технологияларын белсенді қолдануға тырысамын. Ата-аналар жиналыстарын офлайн (яғни 
дәстүрлі түрде) және онлайн форматтарда алмастырып өткізуді жөн көремін. Zoom, Skype 
арқылы ата-аналар жиналыстарын, ақпараттық және кеңес берушілік сипаттағы 
вебинарларды және т.б. өткіземін. Оларға арнайы презентациялар, видеопрезентациялар 
әзірленеді. Мультимедиялық презентациялар, бейнефильмдер ата-аналарға іске асырылып 
жатқан тәрбиелеу-білім беру процесімен, балабақшаның жұмысынан ақпарат алуға 
мүмкіндіктер береді.
Ата-аналармен жұмыс барысында слайдтық презентацияларды, бейнефильмдерді 
қолдану келесі артықшылықтарға ие: 
- материалды полисенсорлық қабылдауды жүзеге асыру; 
- мультимедиялық проектор мен проекциялық экранды бірнеше рет үлкейту арқылы әртүрлі 
нысандарды көрсету мүмкіндігі; 
- аудио, бейне және анимациялық эффектілерді бір презентацияға біріктіру ата-аналардың 
педагогтың әңгімесінен алатын ақпарат көлемін өтеуге ықпал етеді; 
- сақталған сенсорлық жүйені қабылдау үшін қол жетімді нысандарды көрсету мүмкіндігі; 
- компьютерлік презентациялық слайд-фильмдер ақпаратты басып шығару түрінде шығару 
үшін ыңғайлы [2]. 


214 
Мультимедиялық презентацияларды пайдалану ата-аналар жиналысын, дөңгелек 
үстелді эмоционалды түрде әсерлі, тартымды етуге мүмкіндік береді, бұл ата-аналардың 
қызығушылығын тудырады. 
Сонымен қатар, дизайн, жаңа презентациялар, бейнефильмдер жасау барысында 
педагогтың шығармашылық қабілеттері дамиды және жетілдіріледі, оның кәсіби және 
ақпараттық құзыреттілік деңгейі артады. Тәрбиешінің тәрбиеленушілердің отбасыларымен 
қарым-қатынасты әртараптандыруға, ата-аналар жиналысын одан да қызықты және 
танымдық етуге деген ұмтылысы оларды қарым-қатынастың, өзара түсіністіктің жаңа 
кезеңіне шығарады. 
АКТ қолдану қарым-қатынасты әртараптандыруға, ересектердің бала тәрбиесі туралы 
пайдалы ақпарат алуға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жас 
отбасыларға арнайы балалардың денсаулығын сақтау, олардың қауіпсіздігі, баланың 
отбасындағы және қоғамдағы мінез-құлық ережелері, мектеп жасына дейінгі балаларды 
тәрбиелеу-білім беру бойынша пайдалы кеңестер және т. б. туралы ақпарат беріледі.
Ата-аналар үшін IT-технологиялары арқылы балаларының МДҰ тәрбиелеу-білім беру 
процесі туралы ақпарат пен психологиялық-педагогикалық қолдау алуы өте қолайлы. 
Мерекелік 
іс-шаралар, 
ұйымдастырылған 
іс-әрекеттер 
туралы 
жалпы 
ақпарат 
балабақшамыздың инстаграм парақшасына салынып тұрады. Ата-аналар сол арқылы 
балабақшаның жұмысымен таныс болады.
Сонымен МДҰ ата - аналармен өзара әрекеттесуде IT-технологияларын пайдаланудың 
мүмкіндіктері келесідей: 
- бұл-коммуникация субъектілерінің ақпаратына қол жеткізу уақытын азайту;
- кез келген құжаттарды, фотоматериалдарды көрсету мүмкіндігі; ақпарат көлемінің өсуі;
- ақпаратты жедел алу.
IT-технологиялары арқылы өзара әрекеттесу бұл маңызды педагогикалық мәселелерді 
шешуге көмектесетін заманауи тиімді форма. Оны енгізу ата-аналардың тәрбиелеу-білім 
беру процесінде белсенділігін арттыруға, олардың мақсаттары мен мүмкіндіктерін білу 
деңгейін арттыруға, тәрбиешілер мен балалардың тұлғалық-бағдарланған өзара іс-әрекетін 
жасауға мүмкіндік береді. IT-технологиялары арқылы өзара әрекеттесу ата-аналарға 
ғаламтор желісі арқылы кез-келген уақытта-үйде, демалыста немесе жұмыста, 
компьютерден, ноутбуктен немесе ұялы телефоннан кіріп кері байланыс орнатуға мүмкіндік 
береді. 
Қорыта келгенде мектепке дейінгі білім беру мекемесінде IT-технологияларды тиімді 
пайдалану ата-аналарға кез келген уақытта ақпарат алуға мүмкіндік береді; баланы 
тәрбиелеу-білім беру мәселелерінде балабақша мен отбасының өзара іс-әрекетінің 
тиімділігіне әсер етеді; ата-аналардың мекемедегі білім беру қызметтерінің сапасы туралы 
хабардар болуын жетілдірдіреді; тәрбиелеу-білім беру процесіне қатысушылардың 
серіктестік қарым-қатынас құруы үшін жағдай жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет