А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет128/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   220
Использованная литература: 
1. 
Комарова Т.С., Комарова И.И. Информационно-коммуникационные технологии в 
дошкольном образовании. М. 2011. 
2. 
Федотов Н.О. Применение ИКТ в физическом развитии дошкольников. Молодой 
ученый. 2021. 
 
 


237 
 
Мергембаева А.Ж. 
Балқаш қаласы, «Күншуақ» КМҚК балабақшасы 
БАЛАБАҚШАНЫҢ ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНДА МӘНЕРГЕ ЖІКТЕЛГЕН ҚАЗАҚ ОЮ-
ӨРНЕКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ 
«Болашақ - өткен тарихты білуден басталады» дейді, Баласағұн бабамыз, ал әлемнің 
екінші ұстазы атанған Әл-Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп 
жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды» - деген екен. Тұлғаның мәдени санасын ояту 
үшін этникалық мәдени білім бірінші қажеттілік. Адамдардың кескін келбетінде, өзара 
қарым-қатынасында олар жасап, пайдаланған киімдерде, тұрғын жайда, бұйымдарда, тілінде 
және өнер туындыларында халықтың ерекшеліктері, оның мәдениетінің принциптері көрініс 
табады. Олай болса, тарихқа, тарихи бастауларға, мәдени мұраларымызға қаншалықты терең 
үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы ұғынатын боламыз. Сондай 
қажеттіліктің бірі – халықтың қолөнері.
Қазақтың ұлттық мәдениетінің барынша кең тараған, балаларға балабақшадан бастап 
таныстырылатын өнері – ою-өрнек. Мектеп жасына дейінгі кезеңде қазақ ою - өрнегімен 
таныстыру баланың ақыл - ойы, эстетикалық, адамгершілік дамуына ықпалын тигізеді. 
Сөйтіп, баланың қиялы мен шығармашылық белсенділігі күшейеді, заттарды түсіну процесі 
жетіледі, қазақтың бұрынғы өмірі, тұрмысы, мәдениеті, ұлттық ерекшеліктері жайлы білімі 
артады, бейнелеу дағдылары қалыптасады.
Тәжірибеге сүйенер болсам, «Қазақ оюларының құпиясы» тақырыбындағы 
ұйымдастырылған оқу қызметінде қазақ ою-өрнектері туралы жалпы түсініктерін 
қалыптастырып, оның барлық элементтерінің негізінде нақты өмір шындығының нысандары 
жататындығы жайлы, элементтер мәнерлерге бөлінетіні туралы мәліметтерді, қазақ ұлттық 
мәдениетіне қызығушылықтарын қалыптастыру мақсатында ойын әдісін қолдандым.
Оқу қызметінің басында балаларды 2 топқа бөлу арқылы, топпен жұмыс жасай 
отырып, ұжымдық қарым-қатынасты қалыптастыра білу қабілетініне қол жеткіздім. Әр 
топтың алдына бірнеше бөліктерге бөлінген киіз үйдін суреті ұсынылды. Ұсынылған 
бөлшектерге бөлінген суретті таңдау арқылы қазақтың бұрынғы өмірі мен тұрмысы, тұрғын 
жайының құрылысы туралы балалар білімін бекітетін әңгіме өткізілді. Бұл әдіс арқылы 
балалардың өзіне деген сенімділігі артып, ортаға тез бейімделіп, ашылуына ықпал етеді. 
Бұдан соң ертегі терапиясын қолдана отырып, балалар қазақ оюлары қалай пайда болғаны 
туралы ертегі тыңдады.
Ертегі кейіпкері ою-өрнек ханымен танысты, ол ертегі бойынша нақты өмірдегі 
заттарды оюға айналдырып, олармен түрлі бұйымдарды безендіру арқылы, балалардың 
шығармашылыққа деген қызығушылықтарын оятты. Ертегінің соңынан балаларға нақты 
нысандар карточкалары арасынан қазақ ою-өрнектерінің стильденген элементтеріне сай 
келетінін іріктеп алу жаттығуын орындау ұсынылды. Сөйтіп, балаларда қазақ ою-
өрнектерінің барлық элементтері зооморфтық, өсімдік бейнелі, геометриялық, космогендік 
мәнерлерге топтастырылатыны туралы түсінік қалыптасты. Қорытындысында, ертегіде 
пайдаланылған элементтерді балалар үйшіктерге (оюға арналған үйшік), яғни мәнерлеріне 
қарай бөлуге талпынды. Нәтижесінде, балалар тапсырманы өте дұрыс орындап, нақты 
нысандар бойынша элементтерді дұрыс таңдап, дұрыс топтастырды.
Композиция түзуде және түр-тус шешімін таңдауда қазақ ою-өрнегінің элементтерін 
кескіндеуде техникалық іскерлік пен дағдылардың даму деңгейі де қызықтырды. Оларды 
анықтау мақсатымен біз он: «Кесені көркемдеу» – қызғалдақ қауызы; «Вазаны көркемдеу» –
үш жапырақ; «Кесені көркемдеу» – таныс элементтерден композиция түзу; «Ыдыс-аяқ 
салатын қалтаны көркемдеу» – ілгек; «Тақияны көркемдеу» – жұлдызша; «Ойыншықты 
көркемдеу» – таныс элементтерден композиция; «Табақ» – қошқар ізі; «Ет табақ» – төрт 


238 
күлтелі гүл; «Кілемді көркемдеу» – қарға шеңгелі оқу қызметін талдадық. Балалар жұмысын 
талдау төмендегі көрсеткіштер бойынша жүргізілді:
а) техникалық дағдылар; 
ә) композиция; 
б) бояу шешімі; 
в) мұқияттылық
Қорытындысында төмендегі нәтижелер алынды: техникалық дағдыларды дамытудың 
жоғары деңгейі (74 %), бұл тәрбиешінің жұмыс әдісі қазақ ою-өрнегінің элементтерін 
бейнелеуде техникалық дағдыларды дамыту деңгейіне және бейнелеу сапасына оң ықпал 
жасайтынын көрсетеді. Әйткенмен, таныс элементтерден композиция түзу біршама төмен 
деңгейде (67 %). Ою-өрнектің әралуан комбинациясында түрлі-түрлі элементтерді 
пайдаланудың варианттылығына және қазақтардың әшекейлік қолданбалы өнерінің әралуан 
заттарына жетімсіз назар аударылады. Балалардың бояуды іріктеу және үйлестіру қабілеті 
жоғары (80 %). Жұмысқа мұқияттылық балы одан төмен. Сондықтан, корыта келе, қазақ ою-
өрнегі мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық мәдениетке жақындатудың қол жетімді 
құралы болып табылады. Сонымен қатар, қазақ ою-өрнектерінің пайда болуы халықтың 
қоршаған әлемдегі нысандар мен құбылыстарды қабылдауымен және бейнелеумен тығыз 
байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет