50
Бұл
ойындарды көбінесе өзімнің ұйымдастырылған іс-әрекеттерімде ІТ
технологиясын қолдану арқылы пайдаланамын. Ойын балаларға ұнады және іс – әрекетіме
сай келді десем болады. Еш кедергісіз артық затты тауып, жыл мезгілдерін ажыратты, үй
жануарларын атап берді. Көбінесе мен ұйымдастырылған іс- әрекеттерімде 4К, бала үні,
ойын, бақылау, саралау түрлерін қолданып та отырамын.
1. Сыни ойлау
2. Коммуникативтік дағдыны дамыту
3. Креативтілік
4. Командалық жұмыс.
Қоршаған орта ұйымдастырылған іс – әрекетімде «Құстар» тақырыбында мен «Бала
үні» ойынын қолдандым. Балаларға сұрақ қойдым. Неліктен үй құстары деп аталады? Сыни
ойлайды. Құстар туралы тақпақ айтамыз.Тақпақ айту арқылы коммуникативтік дағдыларын
дамытамын, үй құстарын ажырат тапсырмасы арқылы командалық жұмыс орындалады. Үй
құстарының пайдасы неде? Балалар толық жауап береді немесе суретін салып әңгімелеп
береді. Серуен кезінде көбіне еркін ойынды қолдандым. Мысалы: «Ақ серек - көк серек»,
«Ұшады, секіреді, жүреді» «Бір, екі, үш» Бұл ойындардың тиімді жақтары қызықты
ойнады, ал тиімсіз жағы оларды ойыннан кейін жинап алу қиындық туғызды. Алдағы
ұйымдастырылған іс-әрекетімде серуен кезінде тәрбиешінің жетекшілігімен жоспарланған
ойынды пайдаланамын. Әрбір ұйымдастырылған іс-әрекетімде жаңа бағдарламаны
сонымен қатар инновациялық технологияны қолдандым.
Ұйымдастырылған іс-әрекетімде ойындарды енгізу және пайдалану өз тиімділігін
көрсетті. Келешекте кейбір ойын түрлерін ІТ технологиясы арқылы бұданда ыңғайлы етіп
қолданатын боламын. Ал таңертеңгілік қабылдау кезіндегі құрылымдалған ойын мен еркін
ойынды ойнатқандағы тиімді жақтары өздері қызығып, күнделікті ойнағандықтан ойынға
тез кірісіп кетеді. Қай ойынды алсақта өзіндік тиімді жақтары болды мысалы:
құрылымдалған ойынды ойнатқандағы тиімді жақтары балалар бір-бірімен тіл табысып,
ойынды күнделікті ойнап жүргендіктен, шартын тез түсініп, ойынға тез кірісіп кетіп
отырды. Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойынның тиімді тұстары іс-әрекетімде
тиімді болды. Себебі мақсатты болды әрі тақырыпқа сай болып, ойын тақырыпты ашып
отырды. Осы ойынды ұйымдастырылған іс-әрекетімде қолдану маған тиімді. Ал, еркін
ойында балалар бір-бірімен тез тіл табысып, ойынды еркін ойнады.
Сөзімді қорытындылай келе, бала өміріне немқұрайлы қарамай, балаға қазіргі заман
талабына сай, мағыналы білім мен тәрбие берсек қана біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы
жарқын болмақ. Мен өзімнің ұйымдастырылған іс-әрекеттерімде көбінесе тәрбиешінің
жетекшілігімен жүргізілетін ойынды ІТ технологиясын қолдану арқылы пайдаланып
отырамын деп қорыттым. Тәрбиеші ретінде бұл талапқа сай болу үшін ізденіп,
шығармашылықпен жұмыс жасап, өмірдегі болып жатқан өзгерістерді тез ұғынып, оны
қабылдап осы заман талабынан қалыс қалмай тынбай еңбектену және жан – жақты дамыған
жаңашыл тұлға тәрбиелеу керек деген ойды түйіндедім.
Достарыңызбен бөлісу: