67
балаға мамандық таңдау туралы не айта алады», «Мамандық қажет , мамандық маңызды»
атты буклеттері дайындалды.
Ата-аналармен кеңестер мен әңгімелесулер жеке және топтық түрде жүргізілді. Екі
жағдайда да мақсат нақты анықталған: нені анықтау керек, біз қалай көмектесе аламыз.
Осы
жоба аясында барлық мамандықтардың картотекасы әзірленіп, «Ата-анамыздың кәсіптері»
фотосуреттері бар альбомдар, көркем әдебиеттер, рөлдік ойындарға арналған атрибуттар мен
заттар, дидактикалық және сөздік ойындар таңдалып, дайындалды.
Балалардың ата-аналарымен өз мамандықтарын таныстыратын, кездесулер циклі
өткізілді.Әрбір осындай кездесудің алдында, педагогтар мен ата-аналардың үлкен дайындық
жұмыстары жүргізілді.
Біз ата-ананың әңгімесін өте ұзақ емес балаларға қызықты
болатындай етіп дайындауға көмектестік.
Қазіргі таңда балабақшамызда педагогтар мен ата-аналардың бірлескен күшімен
шағын мұражай құрылған,ол үнемі материалдармен толығып отырады.
Кейбір педагогтар атрибуттар мен макеттерді өздері жасайды, содан кейін оларды өз
жұмыстарында пайдаланады.
Бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар біраз жетістіктерді
анықтауға мүмкіндік берді, бірақ әлі де атқарар жұмыстарымыз көп.
Балалардың қызығатынын, ата-ананың қызыға қарайтынын байқауға болады.
Және
бұл бәріміз бірге кәсіптер әлеміне, қадам басу мүмкіндігімізге, сенімділік береді.
Бұл
бағыттағы жұмыстың нәтижелі әрі келешегі зор деп есептейміз.
Балалардың болашағын
болжау қиын - мектеп жылдары әлі алда, бірақ балалық шақтағы әсерлері ең терең, кім
біледі, кімге оқуға баруды таңдаған кезде, менің балаларым біздің ойындарымызды есте
сақтайды деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: